Техникалық және кәсіптік білім беру



бет62/101
Дата25.01.2022
өлшемі219,2 Kb.
#114106
түріКонспект
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   101
Байланысты:
тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу

Келісімге қосымша.

Егер келісімге қосымша берілетін қүжат немсе мәліметтер болса ол жайында екі жақ қол қоятын жолдан 1 интервал төмен алынып ескерту жазылады.

5.5-тақырып. Басқару, ұйымдастыру, үкім шығару қызметіне қатысты құжаттар. Бұйрық. Жарлық

Жоспары:

1 . Басқару, ұйымдастыру, үкім шығару қызметін

2. Бұйрық. Жарлық



1.Басқару, ұйымдастыру, үкім шығару қызметіне қатысты құжаттардың түрлері: бұйрық, жарлық, қаулы, нұсқау мемлекет арқылы шарт, заң және декрарация, үндеу, шешім, хаттама, иебат кестесі. Бұүйрық жетекшіні басқару барысында алда тұрған маңзды мәселелерді ағымдағы күнделікті кадрлық мәселелерді шешу мақсатында беретін қарамағындағылар орындауға тиісті нормаларға тиісті өкіметті құжаттың бір түрі. Мекемеде бұйрықты екі топқа бөледі.
1) мекеменің негізгі құжаттарына байланысты
2) жеке құралға байланысты
Бұйрықтың мынандай реквизиттері бар:
Елтаңба мекеме кәсіпорынының аты және оның қандай ұйымға қарасты екені құжат аты, қол қойған адамның аты – жөні келісім туралы белгі.
Бұйрық мәтіні әдетте екі бөліктен тұрады
1) Констанциялық
2) Өнімдік
1) Констанциялық (айқындаулшы, анықтаушы, фактіні көрсетуші бөлігі) бөліктен бұйрықтың мақсаты, бұйрықты беруге негіз болған фактілер кдөрсетілген.
2) Өнімдік бөлік бұйырамын деген сөзден басталады да бұйрық мазмұны жаңа жолдан басталып әр пункты араб цифрларымен белгілейді. Бұйрықты дайындау барысында оның орындалуына мүдделі мекемелермен құрылмдар мен келісіледі.
Келіскен түрде белгілі бұйрық жобасының бірінші данасына қойылады. Келісілген бланка басылған бұйрыққа мекеме басшысы қол қояды.
Бұйрық қол қойған күннен бастап щкүшіне енеді. Бұйрық журзналға тіркеліп оған номер қойылады, және көксемелерде сақлталады. Жеке құралдарға байланысты бұйрықтар арқылы жұмысқа қабылдану қызметі бойынша ауыстыр, жұмыстан шығару, демалыс беру мадақта және жазалау

Бұйрық -
1) Басқару актісі. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай-ақ коммерциялық, коммерциялық емес құрылымдардың қызметінде қолданылады. Құқықтық болмысына қарай Бұйрық басқарудың нормативтік және индивидуалдық актілері болып бөлінеді. Нормативтік акт ретінде Бұйрық бірнеше мәрте қолдануға арналған әрі белгіленген ахуал шегінде барша адамның орындауы міндетті болып саналатын жалпылама сипаттағы мінез-құлық қағидаларын мазмұндайды. Осы нормативтік акт ретіндегі Бұйрықтың өзі Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның, идараның (к-ттің), сондай-ақ, Президентке, Бас прокурорға есеп беретін мемл. органның басшылары шығаратын нормативтік-құқықтық актіге (мыс., бұйрықпен бекітілетін Жүктерді тасымалдау ережесі, Паспорт жүйесі туралы ережені қолданудың тәртібі жөніндегі нұсқаухат, т.б.) және мемл. орган басшысы, коммерциялық, коммерциялық емес ұйым жетекшісі, әскери бөлімше командирі шығаратын нормативтік актіге (мыс., Ішкі еңбек тәртібінің қағидалары, Ұйымның құрылымдық бөлімшелері туралы ереже, т.б.) жіктеледі. Ал, индивидуалдық акт ретіндегі Бұйрық құқық жосындарын қолдану әрекеті болып саналады әрі жекеше сипаттағы мәселенің шешімін табу үшін шығарылады (мыс., әлеум. жәрдемақы тағайындау, қызмет орнынан алып тастау, кезекті еңбек демалысын беру, т.б. туралы). Оны атқарушы және билік жүргізуші органдардың, коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдардың, т.б. басшылары шығара алады. Идарааралық сипаты немесе азаматтардың құқылары мен бостандықтарына, міндеттеріне қатысы бар Бұйрықтар Әділет мин-нде тіркеліп, ҚР “Нормативтік құқықтық актілер туралы” заңының 6-, 7- тарауларына сәйкес ресми түрде жарияланғаннан кейін ғана күшіне енеді;[1]

  • 2) Шаруашылық істер жөніндегі сот коллегиясының не төреші соттың шешімдерін орындау үшін сот беретін атқарушы құжат.[1]

  • 3) Көне түркі қағанаттары мен тайпалық одақтарындағы лауазым. Жазба деректер бойынша, ертеде ханның жекелеген әскери топтарының басшыларын, кейде құпия тапсырмаларды орындайтын ханның өкілдері мен сарай маңындағыларды осылай атаған. П. Мелиоранскийдің пікірінше, бұл сөз бұйрық қылған адам, басқарушы деген мағынада қолданылған. Қазіргі түркі тілдерінде өзінің ескі мағынасында “бұйрық беру” ұғымын білдіреді. Бұйрық сөзі “Күлтегін” жазуы мәтінінің екі жерінде кездеседі. Көне ұйғыр мемлекетінің уәзірі Мэйду “Ду-ду Бұйрұн” (Бұйрық тұтық) деп аталған. 12 — 13 ғ-ларда Найман мемлекетінде Бұйрық қызметінің елеулі өзгерістерге ұшырағаны белгілі. Рашид әд-Диннің “Олардың (наймандардың) патшаларының аты “Күшлік хан” немесе “Бұйрық хан” болды. “Күшлік хан” сөзінің мағынасы — “күшті” және “ұлы мемлекет қайраткері”, “Бұйрықтың” мағынасы — “бұйрық беруші”, соған қарамастан, олардың әрқайсысының өз әке-шешелері қойған басқаша аттары бар” деп жазуына қарағанда, сол кезде Бұйрық сөзі тікелей патшаға ғана байланысты лауазымға айналған

  • Жарлық — мемлекет басшысының қабылдайтын құқықтық актісі. Құқықтық жағынан Жарлық нормативтік және нормативтік емес болып бөлінеді. Нормативтік Жарлық мемлекеттің бүкіл аумағында міндетті күші бар құқықтық нормаларды белгілейді. Нормативтік емес Жарлық нақты оқиғаға байланысты шығарылады (мысалы, азаматтарды лауазымды қызметке тағайындауға, марапаттауға, т.б. байланысты). Қазақстан Республикасының Конституциясында (45-бап, 1-тармақ): “Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады” деп көрсетілген. Жарлық жарияланған күннен не Жарлықта арнайы көрсетілген мерзімнен бастап мемлекеттің барлық аумағында күшіне енеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет