Техникалық және кәсіптік білім беру


Сөйлемнің интонациясына орай



бет79/101
Дата25.01.2022
өлшемі219,2 Kb.
#114106
түріКонспект
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   101
Байланысты:
тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу

Сөйлемнің интонациясына орай


Тыныс белгілерін дұрыс қою интонациямен тікелей байланысты. Мәселен, хабарлай айтылған сөйлемнен соң кідіріс болады да, соған орай нүкте қойылады. Құрмалас сөйлемдерді оқығанда, құрмалас құрамындағы әрбір жай сөйлемдерден соң, сондай-ақ бірыңғай мүшелердің әрбір сұлуларынан соң кідіріс болып, олар үтір белгісімен ажыратылады. Ал сұраулы, лепті сөйлемдерді оқығанда, дауыс көтеріңкі айтылады да, тиісті тыныс белгісі қойылады.

Бастауыштан кейін қойылатын сызықшада интонацияның ролі айрықша көрінеді.

Мысалы: Еменнің иілгені - сынғаны. Көптің ісі - көл (мақал).

Бірінші, екінші сөйлемдегі сызықшалар бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен немесе заттанған есімшеден болғандықтан қойылып тұр. Бұл сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне негізделеді. Сонымен қатар сызықша қойылып тұрған жерге кідіріс жасаймыз, әйтпесе сөйлемнің синтаксистік қызметі бұзылады.

Алайда сөйлемнің немесе сөздер мен сөз тіркестерінің айтылу интонациясы тыныс белгілерімен сәйкес келе бермейді.

Мысалы: Балықшы балықшыны ұзақтан көреді (мақал)

дегенде, балықшы дегеннен соң, сондай-ақ, балықшыны деген соң кідіріс жасалады, бірақ соған қарай үтір қойсақ, дұрыс болмас еді, өйткені бұл сауатты жазу ережелеріне сыйыспайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет