Жарлық тарихы — орта ғасырлардағы түркі мемлекеттеріндегі ханның немесе әскербасыларының бұйрығы. Алтын Орда мен Қырым хандарының Жарлықтары біздің заманымызға дейін жеткен. Хандардың өздеріне тәуелді бектерді тағайындау және ішкі-сыртқы саясат мәселелеріне қатысты Жарлық шығаруы үрдіске айналған. Бұл құжаттар қазіргі заманғы зерттеушілер үшін маңызды тарихи деректер болып отыр. Мысалы: Тоқтамыс ханның (1392 — 1393 жылы) Польша королі Ягайлоға жолдаған Жарлықтары екі мемлекеттің қарым-қатынасынан тың мағлұматтар береді