5.6-тақырып. Қаулы Декларация
Жоспары:
1 . Қаулы
2. Декларация
Қаулы – алқалық негізінде жұмыс істейтін мекемелерде шешімдерді, ұйғарымдарды жинақтайтын ресми құжат.
Қаулы мәжілістерде, жиналыстарда талқыланатын мәселелер бойынша қабылданады, онда көрсетілген шаралардың орындалуы міндеттеледі.
Ірі мекемелерде, министрліктер мен ведомстволарда ең маңызды мәселелер бойынша алдын ала анықтама және анықтама бойынша қаулының, шешімінің жобасы әзірленеді. Қаулы мен шешім тілдік құрылымы жағынан ұқсас
Декларация - [ лат. declaratio - мәлімдеу, хабарлау]
Мемлекеттік саясат пен құқықтық, халықаралық қарым-қатынастардың негізгі принциптерін салтанатты түрде жариялайтын құжат;
Елдің саяси-экономикалық даму принциптерін мәлімдейтін мемлекеттік құжат (Мысалы, 1990 жылы 25 қазанда жарияланған Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы);
Халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша бірнеше мемлекет немесе халықаралық ұйым қабылдайтын құжаттың түрі (мысалы,БҰҰ Бас Ассамблеясының 1948 жылы 10 желтоқсандағы Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей Декларациясы);[1]
Заңдық мәні бар мәліметтерді хабарлайтын кейбір ресми құжаттар (мысалы, салық декларациясы, кеден декларациясы).[2][3]
жекелеген саяси-заңдық актілердің атауы, олардың мақсаты салтанатты сипат беру, актілердің сәйкес мемлекет тағдырындағы ерекше маңызы бар екендігін атап көрсету;
халықаралық құқықта жақтармен келісілген жалпы принциптер мен мақсаттарды құрайтын салтанатты акт, негізінен міндетті күші болмайды
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы
Декларация Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанда № 217 А (III) қабылданған
Достарыңызбен бөлісу: |