Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдары үшін дуальды оқыту туралы


Кәсіпорынның (ұйымның) құқықтары және міндеттемелері



бет3/6
Дата18.01.2023
өлшемі68 Kb.
#165777
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Договор дуальн. обучения каз М-9-21-2

4. Кәсіпорынның (ұйымның) құқықтары және міндеттемелері
9. Кәсіпорын:
1) жаңа технологияларға және өндірістік процестің өзгерген жағдайларына сәйкес күнтізбелік кестелерді және білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысуға;
2) кәсіпорынның қажеттеліктеріне сәйкес курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптарын ұсынуға;
3) білім алушылардың қорытынды аттестаттауына қатысуға;
4) білім алушылардың ағымдағы үлгерімі туралы ақпарат сұрастыруға;
5) білім беру ұйымынан жұмыс берушілердің болжалдарына сәйкес білім алушылардың сапалы оқытуын талап етуге құқылы.
10. Кәсіпорын өзіне мынадай міндеттемелер алады:
1) тәлімгерді бекіту – өндірістік оқытуды және кәсіптік практикаға басшылық ететін өндіріс және қызмет көрсету саласындағы технологияларды меңгерген өндірістің (ұйымның) білікті маманы.
2) оқу орнымен бірге білім беру бағдарламасын, мамандық бойынша жұмыстың оқу жоспарын, жылдық күнтізбелік кесте, дуальды білім беру шеңберінде білім беру процесін қамтамасыз ету бойынша іс-шара жоспарын әзірлеу және келісу;
3) білім алушына дуальды оқытудан өту барысында, құпия және заңмен қорғалатын ақпаратты қоспағанда, арнайы киіммен (формамен), оқыту құралдарымен, қолданыстағы нормативтерге сәйкес шығыс материалдарымен, практикалық материалдар мен процеске қол жеткізуді қамтамасыз ету;
4) білім алушыға жұмыс орнында қауіпсіз жұмыс жағдайын (қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалықты өткізу арқылы) қамтамасыз ету және қажетті жағдайда білім алушыны еңбек қауіпсіздігінің әдістеріне оқытуды жүргізу;
5) оқу үдерісінің тізбесіне және (немесе) күнтізбелік кестеге, білім беру бағдарламаларына сәйкес өндірістік оқытуды және кәсіптік практика өткізу үшін жұмыс орындарын ұсыну;
6) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың бағдарламасында қарастырылмаған және білім алушының мамандығына қатысы жоқ лауазымдарда білім алушыны пайдалануға жол бермеу;
7) білім алушының еңбек тәртібін және кәсіпорынның (ұйымның) ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны бойынша барлық оқиғалар туралы білім беру ұйымын хабардар ету;
8) білім алушының жеке тапсырмаларды орындауы үшін қажетті зертханаларды, кабинеттерді, шеберханаларды, кітапханаларды, сызбаларды, техникалық және басқа құжаттарды пайдалануға мүмкіндік беру;
9) өндірістік оқыту және кәсіби практика аяқталған соң білім алушының жұмысы туралы мінездеме беру және дуальды оқытуды өту сапасын бағалау;
10) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және шарттың талаптарына сәйкес білім алушыға өтемақы төлемін қамтамасыз етуді қарастыру;
11) тиісті бос орын болған жағдайда, оқыған мамандығына (біліктілік) сәйкес жұмысқа қабылдау үшін білім беру тапсырысы (мемлекеттік білім беру гранты) бойынша білім алған түлектің кандидатурасын қарау.
11.Тәлімгер мынадай мідеттемелер алады:

  1. білім алушыны практикалық тәсілдерге және лауазымдық міндеттер мен тапсырмаларды сапалы орындау әдістеріне оқыту;

  2. кәсіпорынмен (ұйыммен) келісілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес білім алушыны оқытуды жүзеге асыру;

  3. білім алушыға берілген тапсырмалардың орындалуына бақылау;

  4. білім алушы жіберген қателіктерді анықтауға және бірлесіп жоюға, бар кемшіліктерді жеңуге көмек көрсету;

  5. білім алушының бойында өзінің кәсіби міндеттерін орындауға жауапты қарауға, сондай-ақ жұмыстағы әріптестеріне дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыру;

  6. білім алушыдан өндірістік қызметпен байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларды орындауын талап ету;

  7. білім алушыдан ауызша және жазбаша нысанда жұмыс есептерін талап етеді;

  8. білім алушыға жұмысшы разрядын беру және оның кәсіби мінездемесін талқылауға қатысу туралы ұсыныс енгізеді;

  9. білім алушыға пікір жазу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет