Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдары үшін дуальды оқыту туралы


Дуальды оқыту туралы шарттың әрекет ету мерзімі



бет2/6
Дата18.01.2023
өлшемі68 Kb.
#165777
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Договор дуальн. обучения каз М-9-21-2

2.Дуальды оқыту туралы шарттың әрекет ету мерзімі
5. Дуальды оқыту туралы шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негізде бұзылуы мүмкін.
6. Білім алушыны жұмыс орнына қабылдау осы дуальды оқыту туралы шарттың негізінде шығарылатың басшысының бұйрығымен немесе кәсіпорынның (ұйымның) құрылымды бөлімшесінің өкімімен рәсімделеді.


3. Білім алушының құқықтары және міндеттері
7. Білім алушы:
1) қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;
2) кәсіпорында бекітілген жетекшісінің келісімі бойынша қажетті құралдарды, жабдықтарды, аспаптарды және басқа өндірістік материалдарды пайдалану, кітапхана және оқу залдары базасында оқуға оқу-әдістемелік әдебиеттер қорына, зертханалық базасына, оқыту мақсатында компьютерлік және басқа техниканы пайдалануға қол жеткізуі мен пайдалануына;
3) өндірістік оқыту мен кәсіби практиканы өту барысында денсаулығына зақым келген зиянның өтеуіне;
4) белгілі бір мамандық бойынша біліктіліктің тиісті деңгейін тағайындау және белгіленген үлгідегі біліктілікті беру туралы куәлікті (сертификатты) «Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарын түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Реестрінде №10348 тіркелген) нысанға сәйкес алуға құқылы.
8. Білім алушы:
1) өндірістік оқыту және кәсіптік практика орнында кәсіпорынның қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін, ішкі тәртіп қағидаларын, қауіпсіздік техникасы ережелерін және өндірістік тәртіптемесін сақтауға;
2) кәсіпорынның (ұйымдардың) жабдықтарына, аспаптарына, құжаттарына және басқа мүлкіне ұқыпты қарауға;
3) өндірістік оқыту және кәсіптік практика бағдарламасының талаптарын қатаң сақтауға және орындауға;
4) өндірістік оқыту және кәсіби практикадан өту үшін белгіленген мерзімде кәсіпорынның қарауына келуге;
5) өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өту барысында және аяқтаған соң кәсіпорын туралы құпия ақпаратты жария етпеуге;
6) өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы өту туралы күнделік жүргізуге, тәлімгерге орындаған жұмыс туралы есеп беруге;
7) кәсіпорынға (ұйымға), оқу орнындағы сабаққа хабарлау келмеген жағдайда бұл туралы кәсіпорынға (ұйымға), оқу орнынға себебін айтып және ауру немесе жазатайым оқиға болған жағдайда, 3 күн ішінде тиісті медициналық анақтаманы жіберуге міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет