Техникасы мен технологиясы



Pdf көрінісі
бет14/80
Дата13.01.2022
өлшемі0,66 Mb.
#129301
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   80
Байланысты:
табиги суларды тазарту адистери
окончательный диплом, билеты экология
Санитарлық-бактериялық жəне гидробиологиялық көрсеткіштер.
 Табиғи
сулардың микроб бірлестіктері ерекше алуан түрлі. Оның сандық жəне сапалық
құрамы  ең  алдымен  судың  құрамына  байланысты. Тереңде  жатқан, өте  таза
артезиан суларында бактериялар мүлдем болмайды, себебі су қабаты жоғарыда
жатқан горизонттардан жақсы қорғалып тұр.
Ашық  су  қоймаларының  ерекшелігі, суының  құрамы  жыл  мезгіліне
байланысты өзгеріп тұрады, осыған байланысты микроорганимдердің саны мен
түрлері  де  өзгереді. Жер  үсті  су  қоймаларының  бактериялық  ластануы,
негізінен  су  қоймасына  құрамында  органикалық, минералды  заттар  жəне
микроорганизмдер  бар  лас, ағынды  сулардың  түсуінен  болады. Санитарлық
микробиология  тұрғысынан  алғанда, су  сапасын  бағалау  оның  санитарлық-
эпидемиологиялық  қауіптілігін  немесе  адам  денсаулығына  қауіпсіздігін
анықтау  үшін  жүргізіледі. Су  көптеген  инфекцияны, негізінен  іш  ауруын
таратуда негізгі роль арқарады. Патогенді микроорганизмдер суға адамдар мен
жануарлардың нəжістерімен, сондай-ақ кір жуу, мал суару кезінде түседі. Тиф,
дизентерия, холера, жұқпалы гепатит жəне т.б. аурулар су арқылы таралады.


22
Су сапасын бақылау кезінде барлық жұқпалы аурулардың қоздырғыштары
түрлерінің аса көптігінен жəне анализдің күрделілігінен, олардың санын тікелей
анықтау  мүмкін  емес. Сондықтан  санитарлық  биологияда, судың  патогенді
микроорганизмдерді  потенциалды  жұқтыруын  анықтауға  мүмкіндік  беретін
қосалқы  əдістер  қолданылады. Судың  сапасын  санитарлық-бактериологиялық
бағалау  негізгі  екі  көрсеткішті, микроб  саны  мен  Соli тобы  бактерияларының
санын анықтауға негізделген.
Бірінші көрсеткіш судың аэробты сапрофиттермен жалпы ластанғандығын
көрсетеді, сондықтан  көбінесе  аэробты  сапрофиттердің  жалпы  саны  деп
аталады. Аэробты  сапрофиттер  судағы  микробтардың  жалпы  санын  ғана
құрайды, бірақ  су  сапасының  маңызды  көрсеткіші  болып  табылады, себебі
судың  органикалық  заттармен  ластану  дəрежесі  мен  микроб  саны  арасында
тікелей  байланыс  бар. Сонымен  қатар  микроб  саны  үлкен  болған  сайын, суда
патогенді  микроорганизмдердің  болу  мүмкіндігі  де  жоғары. Су  құбырындағы
судың микроб саны 100-ден аспауы тиіс. Табиғи суларда бұл көрсеткіш əр түрлі
су  қоймалары  үшін  жəне  бір  су  қоймасы  үшін  əр  түрлі  мезгілде  өте  үлкен
аралықта  өзгеріп  отырады. Таза  су  қоймаларында  аэробты  сапрофиттер  саны
ондап  немесе  жүздеп  саналады, ал  ластанған  су  қоймаларында  ондаған  мың
немесе миллиондаған болады.
 Екінші көрсеткіш – Соli тобы бактериялары (іш ауру  қоздырғышы)  суда
патогенді микроорганизмдер болу мүмкіндігін бағалайды.
Соli тобы бактериялары энтеробактерияларға жатады. Олар үнемі адам мен
жануарлардың  шегінде  тіршілік  етеді; сыртқы  ортаға  үнемі  көп  мөлшерде
бөлініп  отырады жəне  осы ортада  өзінің  тіршілілік  қабілетін  жақсы  сақтайды;
басқа  жұқпалы  қоздырғыштарға  қарағанда  хлордың  əсеріне  тұрақты.  Осы
қасиеттеріне  байланысты  Соli тобы  бактериялары  санитарлық-көрсеткіш
ретінде  қолданылады. Суда  коли-форманың  болуы  ол  судың  фекальды
ластанғандығын  көрсетеді, ал  оның  мөлшері  осы  ластану  дəрежесін  бағалауға
мүмкіндік береді.
Су  құбырындағы  жəне  табиғи  судың  анализін  суды  мембранды
фильтрлерде алдын ала қоюлап алған соң жүргізіледі. Нəтижесін коли-индекс –
1 л  судағы  бактериялардың  саны  арқылы  көрсетеді. Кейде  коли-титр  арқылы
анықтап, қайтадан  есептейді, коли-титр – құрамында 1 іш  ауру  таяқшасы  бар
судың ең аз мөлшері (мл). Коли-титр  = 1000/ коли индекс.
Су  құбырындағы  судың  коли-индексі  үштен  аспауы  тиіс. Сумен
жабдықтау  көздерінің  коли-индексінің  шамасы  ұсынылатын  тазарту  əдісіне
байланысты. Егер  су  тек  хлорланатын  болса, су  көзіндегі  судың  коли-индексі
1000-нан, ал толық тазаланатын болса 10000-нан аспауы тиіс.
Сумен  жабдықтаудың  жер  үсті  көздері  санитарлық-бактериологиялық
тесттен басқа, гидробиологиялық байқаулардың нəтижелерімен де сипатталады.
Су 
пробасын 
микроскоп 
арқылы 
зерттеудің 
көмегімен 
фито-,
зоопланктондардың клеткаларының санын анықтауға болады. Бұл көрсеткіштер
де организмдердің саны бойынша да, түрлері бойынша да мезгіл бойынша көп
өзгереді.


23
Көктем-жаз  мезгілінде  балдырлар  шапшаң  дамиды (су  қоймасының
гүлденуі), жер  үсті  су  қоймаларындағы  фитопланктондар  саны 1 мл  суда 50
мың  клеткаға  дейін  жетуі  мүмкін. Жазда  фитопланктондар  түрлері  өте  көп
болады, шаян тəрізділер, моллюска дрейссендердің личинкалары жəне т.б. суда
бентостар  да  болуы  мүмкін: құрттар, насекомдардың  личинкалары. Қыс
мезгілінде суда негізінен шаян тəрізділер ғана кездеседі.
Ауыз  суда  планктондар, сондай-ақ  қаруланбаған  көзге  көрінетін
микроорганизмдер болмауы тиіс.
Негізгі əдебиет: 1[14-38], 2[9-30], 3[18-48], 5[17-48].
Қосымша əдебиет: 10[9-14], 11[25-34], 25[1-10], 26 [1-8].
Бақылау сұрақтары:
1. Су пайдаланудың қандай түрлерін білесіз?
2. Əр  түрлі  су  пайдалану  категорияларына  жататын  су  қоймаларының
суының сапасы қалай нормаланады?
3. Ауыз сумен жабдықтау көзіне қандай талаптар қойылады?
4. Табиғи  су  қоймалары  үшін  анықталатын  су  сапасының  негізгі
көрсеткіштерін атаңыздар.
5. Негізгі  су  организмдерінің  түрлері  жəне  су  қоймаларының  өзін  өзі
тазарту процесіндегі олардың ролі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   80




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет