Техникасы мен технологиясы



Pdf көрінісі
бет69/80
Дата13.01.2022
өлшемі0,66 Mb.
#129301
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   80
Байланысты:
табиги суларды тазарту адистери
окончательный диплом, билеты экология, 116010
Əдістемелік  ұсыныстар:
  Галваникалық  хром  жабулары (қорғаныс,
декоративтік немесе т.б.) тұрмыста да, техникада да кең қолданыс тапқан. Хром
жабуымен жабу үшін, негізгі компоненттері хром қышқылы немесе хром оксиді
болып табылатын электролиттер қолданылады.
Улылығы  өте  жоғары  хромның (6+) қосылыстары  гальваникалық  өңдеу
процесінде  түзілген, жууға  қолданылған  ағынды  сулардың  жəне  жұмыс  істеп
шыққан технологиялық ерітінділердің құрамында болады.
Өндірістік  ағынды  суларда 600 мг/л  дейін  хром (6+) болуы  мүмкін.
Сонымен  қатар  жууға қолданылған ағынды  сулардың  құрамында, əдетте біраз
мөлшерде  мыс, мырыш, никель, темір, қорғасын  қосылыстары, сульфаттар,
хлоридтер, фосфаттар жəне т.б. болуы мүмкін.
Мұндай ағынды суларды канализацияға төгуге тиым салынған. Мысалы,
Алматы қаласы бойынша ағынды суларды канализацияға төгуге  төмендегідей
нормативтер тағайындалған, мг/л: хром (6+) – 0,1; хлоридтер – 350; хром (3+) –
2,5; сульфаттар – 500; мыс – 0,5; фосфаттар – 8,0; никель – 0,5; мұнай өнімдері
– 3,0; қорғасын – 0,1; СБАЗ (биологиялық тотығатын) – 20,0.


90
Құрамында  хром  бар  ағынды  суларды  тазарту  үшін  реагентті  əдіспен
тазарту  кең  тараған. Бұл  кезде  ағынды  су  екі  сатымен  тазартылады: 1) алты
валентті  хромды  улылығы  аз  үш  валентті  хромға  дейін  тотықсыздандыру
(айналдыру); 2) үш  валентті  хромды  жəне  басқа  да  металдардың  иондарын
гидроксид түрінде, сілтілік реагент қосу арқылы тұнбаға түсіру.
Реагент-тотықсыздандырғыш  ретінде  күкіртті  қышқылдың  натрий
тұздары ( натрийдің сульфиті жəне бисульфиті) жəне т.б. қолданылуы мүмкін.
Сонымен қатар, темірдің екі валентті тұздары, оның ішінде темір сульфаты кең
қолданыс тапқан. Осындай, құрамында темір бар реагенттерді (ферроксидтерді)
метал  түріндегі  темірдің  қалдықтарынан (болат  жаңқаларынан), оларды
минералды қышқылдармен (күкірт, тұз, азот) өңдеу арқылы алуға болады.
Хромды (6+) екі  валентті  темірдің  тұздарымен  тотықсыздандыру
қышқыл, нейтраль  жəне  сілтілік  ортада  жүреді. Мысалы, қышқыл  ортада
хромның тотықсыздануы келесі реакция бойынша жүреді:
Cr
2
O
7
2+
 + 6Fe
2+
+ 14H
+
 = 6Fe
3+
 + 2Cr
3+
+ 7H
2
O                             (1)
(1) –теңдеу  бойынша  хромның (6+) 1 бөлігі (масса  бойынша) үшін
темірдің (2+) 3,23 бөлігі  қажет. Ары  қарай  металдардың  гидроксидін  жəне
хромды (3+) тұнбаға  түсіру  үшін  рН-тың  оптимальды  мəні 8,5 – 9,0 арасында
болуы  керек, сілтілік  реагенттер, көбінесе  известь  сүтін  қосу  арқылы  осы
шамаға жеткізіледі:
Cr
3+
+ 3ОН
-
 = Cr(ОН)
3
Хромның (6
+
) тотықсыздану  процесінде, темірдің (2
+
) жақсы  коагулянт
болып  табылатын  жəне  ағынды  судағы  ластаушы  заттарды  толық  бөліп  алуға
мүмкіндік беретін темірге (3
+
) дейін тотығуы жүретіндігін айтып өту керек.
Берілген лабораториялық жұмыстың мақсаты құрамында  хром (6+) жəне
ауыр  металдардың  иондары (мыс, мырыш, қрғасын, никель) бар  ағынды
суларды, «Восток-Аква» МИЦ фирмасы ұсынған технология бойынша алынған,
«ферроксид» реагентін  тотықсыздандырғыш  ретінде  қолданылу  арқылы
тазартудың реагентті əдісімен танысу.
Жұмысты орындау тəртібі:
-
бастапқы ағынды судың рН  анықтау керек;
-
төменде  келтірілген  əдістеме  бойынша, бастапқы  судағы  хромның
(6+) мөлшерін анықтау қажет;
-
төменде  келтірілген  стандартты  əдістеме  бойынша, ферроксид
реагентіндегі активті екі валентті темірдің (Ғе
2+
) мөлшерін анықтау керек;
-
(1) реакция  теңдеуі  бойынша, хромды (6+) тотықсыздандыруға
қажетті ферроксид реагентінің мөлшерін есептеу керек, ағынды судағы барлық
қоспаларды  толық  бөліп  алу  үшін, стехиометриялық  қатынастан  реагенттің
біраз мөлшерін артық аламыз;
-
Ағынды  судың  пробасына (200 мл) ферроксид  реагентінің
есептелген көлемін қосып, хром (6+) тотықсыздандырамыз;
-
Ағынды судың пробасына 2% известь сүтін қосу арқылы рН мəнін
8,5 – 9,0 шамасына  жеткізіп (рН  мəнін  индикаторлық  қағаз  немесе  рН-метр
арқылы бақылайды), метал гидроксидтерін тұнбаға түсіреміз;


91
-
Гидроксид  ұлпақтары  толық  тұнбаға  түскен  соң,  ағартылған
ерітіндіні  тұнбадан  бөліп  аламыз, одан  соң  хромның (6+) қалдық  мөлшерін
төмендегі стандартты əдістеме бойынша анықтаймыз;
-
Тазартылған  ағынды  суда  алты  валентті  хромның  қалдық  мөлшері
болса (ерітінді  дифенилкарбазидпен  əлсіз  розовый  түске  боялса), онда
ферроксид  реагентінің  мөлшерін  алдыңғы  тəжірибеде  алынған  мөлшерден
көбірек  құйып, ағынды  судың  жаңа  пробасымен  тəжірибені  қайтадан  жасау
қажет, тəжірибенің барлық операциялары қайталанады;
-
Ағынды  суды  тазарту  тəжірибесінің  нəтижесін  есеп  беру  түрінде
дайындау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет