64
пайда болған тұнбаның құрылымы тұрақсыз. Судың қозғалысы əсерінен пайда
болған гидродинамикалық күштердің ықпалынан осы құрылым ыдырап,
жабысқан бөлшектердің бір бөлігі түйіршіктерден ұсақ ұлпақ түрінде бөлініп,
түйіршіктердің келесі қабаттарына өтеді де, қайтадан ұсталынады. Біраз
уақыттан соң фильтрдің түйіршіктерінде тұнба жиналған сайын, бұрын
жабысқан бөлшектердің бөліну құбылысы жоғары əсерін тигізе бастайды.
Фильтрдің ұзаққа созылған жұмысынан кейін, түйіршік қабатының тұнбамен
толуы шегіне жетеді де фильтр су тазартуды тоқтатады. Сондай-ақ, фильтрден
шыққанда жүзгіндердің концентрациясы көбейеді.
Берілген дəрежеге дейінгі осы түйіршіктер қабаты арқылы суды тазартуға
кететін уақытты фильтрдің қорғаныс əрекет уақыты деп атаймыз. Уақыт əлі
бітпеген кезде фильтртен қажетті сапасы бар су тазарып шығады. Қорғаныс
əрекетінің ұзақтығы, түйіршіктер қабаты қалыңдығының ұлғаюымен көбейеді
де, сүзу жылдамдығының өсуімен азаяды.
Суспензияларды сүзу кезіндегі түйіршіктер қабатында жиналатын тұнба
түйіршікті қабаттың ұсақ саңылаулы ортасының геометриялық структурасын
өзгертеді. Бұл түйіршектелген қабаттың гидравликалық кедергісін ұлғайтуына
жəне қысымның азаюына əкеліп соғады.
Əдебиеттер: нег.2 [132-179].
Достарыңызбен бөлісу: