Əдебиеттер: қос.26.
Бақылау сұрақтары: 1.Ағынды судың фильтрация өрісіне төгуге қандай санитарлық талаптар
қойылады?
2.Ағынды суларды су қоймаларына, сүзу алаңдарына төгу үшін ШРТ
нормативін есептегенде, қандай параметрлерді білу қажет?
7-тақырып. Су объектілеріндегі араласуды есептеу. Тапсырма: Су қоймасының бақылау нүктесіндегі сумен (жақын
орналасқан елдімекеннен 1 км жоғары орналасқан) ағынды судың араластыру
жəне сұйылту дəрежесін анықтау.
Төменде берілген мəндер бойынша ағынды суды су қоймасында
араластыру жəне сұйылту дəрежесін анықтаңыздар:
- гидрометеослужбаның мəліметтері бойынша 95% қамтамасыз ететін
жылдағы су қоймасындағы ең аз орта айлық су шығыны Q = 21 м
3
/сек;
- бақылау нүктесінін қасындағы өзен ағысының орташа жылдамдығы v
ср
=
0,35 м/сек;
- бақылау нүкесінің қасындағы өзеннің орташа тереңдігі Н
ср
= 1,4 м;
- ағынды судың төгілетін жерінен бақылау нүктесіне дейінгі фарватер
(ағыс бойынша) қашықтық L = 12000 м;
- ағынды судың төгілетін жерінен бақылау нүктесіне дейінгі тіке (шеткі
бақылау нүктелерінің центрі бойынша) қашықтық L = 11000 м;
- ағынды судың шығыны орташа сағаттық шығын бойынша қабылданады:
q = 0,778 м
3
/сек;
- су қоймасындағы ағынды суды төккенге дейінгі жүзгін заттардың
мөлшері С
ф
=23 г/м
3
;
- ағынды судағы жүзгін заттардың мөлшері: С
общ
= 23 г/м
3
.
Су қоймасы су пайдаланудың 1-түрінің шаруашылық ауыз-су категориясына
жатады.