6-тақырып. Өндірістік ағынды суларды улы заттардан (Cr(6 + ), Cu 2+ , Ni 2+ жəне т.б.) тазарту əдісі. Тапсырма: оқытушының тапсырмасы бойынша, құрамында активті
түрдегі екі валентті темір бар (ферроксид реагенті) тотықсыздандырғыш-
реагент арқылы, гальваника цехының ағынды суын улы металдардан жəне
жүзгін заттардан тазарту керек. Лабораториялық жұмыстың əдістемелерінде
берілген ұсыныстарға сəйкес, ағынды суды хром, мыс, никель жəне т.б. ауыр
металдардың иондарынан тазартуға мүмкіндік беретін, ферроксид реагентінің
жəне известь сүтінің оптимальды мөлшерлерін, эксперимент арқылы таңдап алу
керек. Гальваника өндірісінің ағынды суларын тазартудың технологиялық
схемасын жасау керек, реагенттердің шығынын есептеу жəне технологиялық
схеманың балансын жасау керек.