Техникасы мен технологиясы


Əдебиеттер:  қос.16 [20-22]. Бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет36/80
Дата13.01.2022
өлшемі0,66 Mb.
#129301
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   80
Байланысты:
табиги суларды тазарту адистери
окончательный диплом, билеты экология, 116010
Əдебиеттер:
 қос.16 [20-22].
Бақылау сұрақтары:
1. Радиальды  жəне  вертикальды  тұндырғыштардың  ұқсастығы  мен
айырмашылықтары.
2. Радиальды тұндырғыштардың диаметрі қалай анықталады?
3-тақырып. Фильтрлеу əдісі.
Тапсырма:
  Фильтрлердің  түрлерімен  жəне  жұмыс  істеу  принциптерімен
танысу.
Əдістемелік  ұсыныстар:
Фильтрлеу – судың  сапасын  берілген  талапқа
немесе  ГОСТ  бойынша  ауыз  суға  қойылатын  талапқа  жеткізуге  мүмкіндік
беретін суды тазарту əдістерінің бірі болып табылады.
Əдістің негізі құрамында қоспалары бар суды сұйықты өткізетін жəне қатты
бөлшектерді ұстап қалатын фильтр материалдан өткізеді. Сүзу процесі жүретін
су тазалау қондырғыларын – фильтрлер (фильтрлер) деп атайды.
Су  тазарту  станцияларында  көбінесе  түйіршіктер  салынған  фильтрлерді
қолданады. Осы  фильтрлер  бірнеше  белгілеріне  байланысты  былай
топтастырылады:
1) сүзу  жылдамдығына  қарай: 0,1-0,3 м/сағ  жылдамдығымен – баяу; 5-12
м/сағ жылдамдығымен – шапшаң; 36-100 м/сағ жылдамдығымен – аса шапшаң;
2) жұмыс  істейтін  қысымы  бойынша: қысымсыз  сүзгілер; қысымды
сүзгілер;
3) сүзуші  материалдың  ірілігіне  байланысты – ұсақ  түйіршіктілер, орташа
түйіршіктілер, ірі түйіршіктілер;
4) сүзуші қабаттардың санымен – бір қабатты, екі қабатты, көп қабаттылар.
Сүзуші қабаттар сортталған  қатты материалдан жасалынады. Бұрын  ірілігі
0,5-тен 2,0 мм-ге  дейінгі  өзеннің  кварц  құмы  қолданылған. Соңғы  жылдары
санитарлық  талаптарды  қанағаттандыратын  жəне  қажетті  химиялық
тұрақтылығы  мен  механикалық  мықтылықтары  бар  басқа  материалдар
қолданылады. Олар – ұсақталынған  антрацит, ұсақталынған  жəне
ұсақталынбаған  керамзит, жанартау  күйінділер, ұсақталынған  шунгизит,
домналық  күйінділер, пенополистирол, т.б. Судан  жүзгіндер  мен  коллоидты
бөлшектердің бөлінуі жəне олардың фильтрге салынған түйіршіктерге бекітілуі,
жабысу күштерінің əсері (адгезия) нəтижесінде болады. Түйіршіктер қабатында


64
пайда болған тұнбаның құрылымы тұрақсыз. Судың қозғалысы əсерінен пайда
болған  гидродинамикалық  күштердің  ықпалынан  осы  құрылым  ыдырап,
жабысқан  бөлшектердің  бір  бөлігі  түйіршіктерден  ұсақ  ұлпақ  түрінде  бөлініп,
түйіршіктердің  келесі  қабаттарына  өтеді  де, қайтадан  ұсталынады. Біраз
уақыттан  соң  фильтрдің  түйіршіктерінде  тұнба  жиналған  сайын, бұрын
жабысқан  бөлшектердің  бөліну  құбылысы  жоғары  əсерін  тигізе  бастайды.
Фильтрдің  ұзаққа  созылған  жұмысынан  кейін, түйіршік  қабатының  тұнбамен
толуы шегіне жетеді де фильтр су тазартуды тоқтатады. Сондай-ақ, фильтрден
шыққанда жүзгіндердің концентрациясы көбейеді.
Берілген  дəрежеге  дейінгі  осы  түйіршіктер  қабаты  арқылы  суды  тазартуға
кететін  уақытты  фильтрдің  қорғаныс  əрекет  уақыты  деп  атаймыз. Уақыт  əлі
бітпеген  кезде  фильтртен  қажетті  сапасы  бар  су  тазарып  шығады. Қорғаныс
əрекетінің  ұзақтығы, түйіршіктер  қабаты  қалыңдығының  ұлғаюымен  көбейеді
де, сүзу жылдамдығының өсуімен азаяды.
Суспензияларды  сүзу  кезіндегі  түйіршіктер  қабатында  жиналатын  тұнба
түйіршікті  қабаттың  ұсақ  саңылаулы  ортасының  геометриялық  структурасын
өзгертеді. Бұл  түйіршектелген қабаттың  гидравликалық  кедергісін ұлғайтуына
жəне қысымның азаюына əкеліп соғады.
Əдебиеттер: нег.2 [132-179].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет