Техногендік сипаттағы төтенше жағдай адамның өндірістік қызметіне байланысты және ол қоршаған ортаның ластануы және де ластамайтын жағдайда болуы мүмкін


Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар



бет6/6
Дата05.05.2020
өлшемі78 Kb.
#65823
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Техногендік апаттар, төтенше жағдай

Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар.


Ви-икс –газдары. Аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі иісі болмайды, суықта қатпайды, суда баяу ериді—5 , ал органикалық еріткіштермен майларда жақсы ериді. Адамның терісіне тыныс жолдары, киіміне сіңуі арқылы уландырады. Жазды күні бір жерде 7-15 тәулік бойы, ал қыста күні 2-3 айға дейін сақталынып улайды .

Зарин. Бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездеседі, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Адамның терісіне , киіміне тезсіңіп кетеді. Оның буы 20 км-ге дейін тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәліке сақталады. Осы тәріздес улағыш заттың бірі—Зоман. Қорғаныс жолы : теріні қорғау құралдарын және противогаз пайдалану, арнайы баспаналарға жасырыну.

Иприт. Теріні күйдіріп іріңдететін улағыш зат. Ол сарымсақтың иісі бар сарғыш немесе қара қошқыл түсті сұйық зат. Органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Адамның терісін 2-3 сағатта қыздырады да, жараға айналып 20-30 тәулік бойы жазылмайтын жара пайда болады. Адам иприттің буымен демалғанда бірнеше сағаттың ішінде-ақ ауыра бастайды да тез арада өкепесі қабынып, ісініп тынысы жарылып адам тұншығып өледі.

Қорғаныс құралдары: Противогаз, тері қорғау құрал-жабдықтары және арнайы баспаналар.

Синиль қышқылы бұл тез буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез буға айналып ұшып кетеді. Қату температурасы -14°С , адам синиль қышқылы тараған ауаны жұтқаннан уланады. Синиль қышқылы химиялық құралдар арқылы анықталады.

Фосген—тұншықтырғыш улы зат (газ). Бұл түссіз газ түрінде болады, ауадан 3,5 есе ауыр. Шіріген шөптің иісі шығады. Буланаған кезде адамды уландырады. Тегіс жерде 30-50 минут, ал ойлы жерлерде 3 сағатқа дейін сақталады.


Қорытынды

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан өзін жақсы сезінуін қалыптастыру әлеуметтік қорғау шараларының кеңінен жүргізілуін талап етеді. Бірінші кезекте азаматтар туындап отырған қиындықтар туралы және қауіпсіздікті сақтау шаралары туралы толық ақпараттар алып отыруы тиіс. Қоршаған ортаның ластануы, техногендік зиянды әсерлер туралы мемлекеттік және жергілікті органдарға жеке тұрғыда немесе ұжымдық тұрғыда ақпарат беріп, орын алып отырған мәселелердің шешілуін талап етіп отырулары тиіс. Әрбір жеке адамның азаматтық позициясын белсенді етіп қалыптастыру әлеуметтану мамандарынан аянбай көп еңбек етуді талап етеді. Әлеуметтік қауіпсіз ортаны қалыптастыру әлеуметтік сала мамандарының басты міндетіне айналуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер


  1. «Өмір-тіршілік қауіпсіздігі» С. Арпабеков, Алматы. 2004 ж.

  2. "Тіршілік қауіпсіздігі" курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы.

  3. Калжигитов Х.С. Безопасность жизнедеятельности. Алматы. 1999 ж.

  4. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық-әдістемелік жинағы. (3(7) шығарылым, 2001 ж.)

  5. http://kk.wikipedia.org

  6. Қазақ Энциклопедиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет