Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың түрлері және себептері.
Техногенді сипаттағы төтенше жағдай—деп адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан апаттар мен қирауларды айтады.
Өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыттарда, шахталарда және т.б.)
Көлік жүйесіндегі апаттар.
Түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орындарында, мұнай, газ құбырларында, энергия жүйесінде, комуналдықжүйе)
Себептері: Ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, құрылыс, тау-кен байлығын өндіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр, бұндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен экологиялық апатқа әкелі-соғу қауіпі де туындап отырады. Кей жерлерде жаңа техникалық және технологияны материалды пайдалану ережелері сақталмайды, қауіпсіздік шаралары орындалмайды міне осы сияқты қажеттіліктердің саладрынан апаттың болу қауіпі туындайды. Мысалы: 1971 жылы Минск теле-радио заводында жарылыс болып, өндіріс орыны қирап, адам шығынына ұшыратты. 1986 жылы Чернобыль атомдық станциясында ірі жарылыс болып, үлкен апат болғаны белгілі.Апаттың тағы бір өте қауіптілігі – күшті улы заттардың ауаға тарап кетуі.
Достарыңызбен бөлісу: |