Программалық жүйелер
Программалық жүйелер дегеніміз - программалық өнімдерді дайындау жэне енгізу технологиясын қамтамасыз ететін программалар жиынтыгы. Программалық жүйелерге трансляторлар, программа дайындайтын орта, анықтамалық программалар кітапханасы, байланыс редакторлары жэне т.б. жатады. Дербес компьютерлердің қазіргі өмірдің барлық саласында қолданылатындыгы сонша, біз олардың бар екенін дербес компьютердің ақпараттық жэне программалық қамтамасыз етілуінің арқасында сезе бермейміз.
Қазіргі замандағы электронды есептеуіш машина (ЭЕМ) жэне олардың жүйелерінің жүмысыиа икемді компонент программалық жасақтама болып табылады.
Программалық жасақтама дегеніміз - белгілі бір типтегі есептеуіш машиналарға арналған, оның аппараттық құралдарының жан-жақты қызметін, сонымен қатар қолданушының есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаруын жүзеге асыратын программалар жиынтыгы.
ЭЕМ-де программалық жасақтама қүрамын программалық конфигурация деп атайды. Программалар арасында физикалық буындар мен блоктар арасындагы сияқты байланыс бар - көптеген программалар өзінен томен деңгейдегі баска программаларга сүйеніп жүмыс істейді, ягни, біз аралық программалық интерфейс туралы айта аламыз. Мун пай интерфейстің болу мүмкіндігі де техникалық шарттар жэне өзара әрекеттесудің хаттамаларының болуына негізделген, ал ол іс жүзінде программалық жасақтаманың өзара әрекеттесетін бірнеше деңгейге бөлінуімен қамтамасыз етіледі.
Программалық жасақтама аппараттық жасақтаманың эртүрлі режімдердегі қызметін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар есептерді дайындап, жөндеуден өткізу, шыгару үдерістеріне ыңгайлы, жетілдірілген пайдаланушы интерфейсін береді.
Программалық жасақтама келесі деңгейлерден тұрады: базалық немесе негізгі, жүйелік, қызметтік жэне қолданбалы.
Программалық жасақтаманың деңгейлері өз кезегінде пирамидалық жүйе болып та- былады. Әрбір келесі деңгей программалық жасақтаманың өзінен бұрынғы деңгейлеріне сүйеніп жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |