Амалдық жүйе (АЖ) - құжаттар мен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды жэне программаларды басқаруды жүзеге асыратын программалар жиынтыгы. АЖ программалар жүйесінің компьютердің мәліметтерді оңдеу жөніндегі бүкіл жүмысын, пайдаланушымен сүхбатты ұйымдастырады, компьютердің қүрылғыларын жэне қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен программалар сүратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады жэне т.б.
Амалдық жүйе болмаса, қазіргі заманғы компьютердің жабдықтары мен программа- ларына қатынасу мүлде мүмкін емес. Барлық аппараттық, сонымен қатар программалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалдық жүйе арқылы гана үсынылады. Дербес компьютерлерде тілдесудің екі түрін (эмірлік жэне терезелік) көруге болады. Әмірлік тілдесуі бар амалдық жүйелерге MS DOS жатады. Компьютермен дұрыс жүмыс істей алу үшін қолданушы MS DOS амалдық жүйесі бойынша том-том нүсқаулықтарды оқып шығуы қажет болатын.
Терезелік тілдесу Windows сияқты, компьютермен тек бір қүрылгы (тінтуір) арқылы ғана қатынас жасауға болатын амалдық жүйеде жүзеге асырылган. Бүнда компьютермен қатынас жасау үшін тек бейне беттен сызбалық кескін түрінде үсынылған қажетті эрекеттерді таңдаған жон.
Windows амалдық жүйесінің пайдаланушы тілдесуінің негізгі элементтеріне мына нысандар жатады: Жүмыс үстелі, терезелер, лақаптар, батырмалар, үстелдер, мэзірлер, қалталар, қосымшалар жэне қүжаттар.
Терезелік тілдесуді меңзерді нысан үстіне апарған кезде қалқып шыгатын түсініктемелер, сондай-ақ тінтуірдің оң жақ пернесін Windows амалдық жүйесі нысанының үстінде шерткен кезде пайда болатын контекстік мэзірлер өте үғынықты етеді.
Қызметші (сервистік) программалар - эрбір адамның амалдық жүйемен жүмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. Қолданбалы программалар арқылы біз өз есептерімізді шығарамыз. Мүндай программалар «қосымшалар» (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шыгара алатын қуатты мамандандырылған жүйелерді (мэтіндік процессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер, т.б.), ғылыми мәселелерге және жалпы көпшілікке арналған қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.
Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді мұрағаттау (қысу) программаларын, компьютердің жұмыс істеу қабілетін тексеретін (диагностика) программаларды (тест программалары) айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |