Мәнмәтіндік тапсырмалар
Жеміс-жидектер мен көкеністер-күнделікті тамақтануымыздың бір бөлігін құрайды. Ал вегетариандықтар үшін қоректің негізі болып келеді. Сондықтан сапалы және балғын жеміс-жидектер менкөкөністер денсаулығымыздың кепілі. Жаздың қызу ортасынан бастап әкелінетін өнімге алаңдаудың қажеті жоқ сияқты. Өйткені өз бау- бақшамызда жеміс- жидектер мен көкөністер пісіп жатыр. Бірақ жұртшылықтың көбісінде бау-бақша болмағандықтан базардан сатып алады. Ал ол жақта сатушылардың өздері бұл өнімнің қай жақтан және қашан келгенін біле білмейді. Қазіргі технологиямен өсірген өнімді балғын екендігін немесе айлап көтерме базарлар мен қоймаларда жатқанын ажырату қиындыққа соқтырады.
А дәрумені көп тағам түрі: сәбіз
Атеросклерозбен ауыратын адамдар пайдаланатын көкөніс: орамжапырақ
В тобындағы дәрумендері едәуір көп, кальций тұзы да жеткілікті көкөніс: бұршақ
Жарық жерде сақталғанда зиянды, ащы зат- солонин жинайтын көкөніс: картоп
Отаны-Солтүстік-Батыс Үндістан, жылу мен ылғалды сүйетін мың жылдан бері өсіріліп келетін көкөніс: қияр
Достарыңызбен бөлісу: |