Мәнмәтіндік тапсырмалар
Бұрынан тігін машинасын сатып алуды ойлап жүр едім. Оған дейін ескі «чайка» маркалы машинасымен тігетінмін. Досым тозығы жеткен, педалі скотчталған Janome W23N машинасын сыйға тартқан еді. Бірнеше рет онымен калың мата тігіп көрдім. Анығын айтканда нәтижесіне көңілім толмады, қуаты жеткіліксіз, былғарымен жұмыс істеу тіптен қиындыққа соқты. Тігістері қисықтау болып шығатын бұл машинада менің ойымша матаны жылжыту механизмі әлі де соңына дейін жетілдірмеген. Әдбен досым берген Janome W23N тігін машинасымен тіккен кезде қиналып кеттім. Ақырында жаңа тігін машинасын сатып алуға шешім қабылдадым. Жаңа тігін машинасының көп тігін операцияларын орындаса, қалың маталарды тіксе деп қалаймын. Қазіргі техниканың дамығаны сонша күннен- күнге таңқалдырып келеді.
Айлабұйымдар кешенімен орындалатын операциялар: Түймеліктерді торлау, түйме қадау, сыдырманы қосып тігу
Астыңғы жіптің керілуін реттегіш: Бұрандама, қақпаша корпусы, жіпкеру серіппесі
Жоғарғы жіптің керілуін реттегіш: Сомын (гайка), серіппе, жіпкеру тығырығы
Тігін машинасы инесінің құрылысы: Колба, октама, ұшы
Тігін машинасының үстіңгі жіпкеру құрылғысы орналасқан жері: Тігін машинасының корпусында
Достарыңызбен бөлісу: |