Астана қалалық
гуманитарлық колледжінің
« Технология» мамандығы бойынша
Арнайы пәндер оқытушысы
Толбай М. Т.
Пән: Қол өнер
Мамандық,топ: «Технология», 2 курс.
Тақырыбы: Тоқудың шартты белгілері.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Тоқыма түрлерімен танысып, тоқу әдістерін меңгеру. Дамытушылығы: Шығармашылық жұмыстар жасауға үйрету
Тәрбиелілігі: Әсемпаздық, шыдамдылық, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Әдістері: Түсіндіру – безендіру.
Сабақ жабдығы: Жинақтау папкасы, дайын үлгілер, слайд
Пәнаралық байланыс:Мамандандыру, О.Ш.П.
Әдебиет:
Негізгі: Әбдуәлиева Ш. «Ұлттық қолданбалы өнер», Алматы, 1998ж.
Қосымша:». Карпова Е., «Азбука вязания», Москва, 2000г.
Сабақтың барысы және уақытының өлшемі
№
|
Сабақ кезеңдері
|
Кезең мазмұны
|
Уақыты
|
1
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Амандасу,студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру.
|
мин.
|
2
|
Білімдерін тексеру (астын сызу)
Білім бағалау өлшемі
|
Өзіндік дайындаған үлгілерін және шығармашылық жұмыстарын тексеру.
|
5мин.
|
3
|
Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі
(астын сызу)
Түсіндірілетін сұрақтар тізімі
|
Ауызша, конспект арқылы,қосымша баяндама, қойылған сұрақтар бойынша тақырыпты өздігінен игеру.
Негізгі, жартылай ілмек, бос ілмек, іліп алынған тоқу әдістерін меңгеру
|
мин
|
4
|
Оқушылардың өздік жұмысы
|
Сабақтың барасы:
Тоқу өнері- қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер.Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырылып, туысқан халықтар шығармашылығымен толықтырылып, байытылып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділіке жетелеуде.
Ілмек бәзбен тоқудың шартты белгілері.
Бөлшектерінің сыртқы пішіні үлгімен есепке сәйкес шалуды қосу, қысқарту, сирек те жиі тоқу арқылы жасалады.
Шартты белгілер:
о - бос шалу;
+ - жай шалу;
- - орамсыз баған;
+ - орамды баған.
Бос шалу – ілмекті тізбектегі 3 шалудың алдынан артына қарай өткізеді. Содан соң ілмекке жіпті орап, оны ілмектегі екі шалудан өткізіп алады.
Орамсыз баған. Бағананың (шалудың) биіктігін көтеру үшін оны бір не бірнеше бос жіп қосып тоқу керек ілмекке жіпті орап, бұрынғы қатардағы не тізбектегі 4 шалудан өткізеді де, оған қайта жіп орап, 1 шалуды тартып шығарады жіпті қайта орап, оны ілмектегі шалумен бос жіптен (2шалудан) өткізеді, жіпті тағы орап, оны да соңғы 2 шалудан өткізіп алады. Ал ілмектің ұшында әрқашан бір шалу қалып отыру керек.
Бос шалу:
Орамсыз баған:
Орамды баған:
Тоқыма арасын қосу әдісі:
Сарамандық жаттыгулар:
Үлгі бойынша жұмыс.
Тоқыма түрлерін орындау техникасын меңгеру.
|
мин.
|
5
|
Тақырыпты бекіту
|
Жалпы сұрау, дағды мен біліктілікті іс жүзінде көрсету
|
мин
|
6
|
Сабақ қорытындысы
|
Түсінік бере отырып, бағалау
|
мин.
|
7
|
Үй тапсырмасы
|
Әбдуәлиева Ш. «Ұлттық қолданбалы өнер», Алматы, 1998ж. Қолөнер жұмыстары кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесін жаттау. 3 –5 бет.
|
мин
|
Астана қалалық
гуманитарлық колледжінің
« Технология» мамандығы бойынша
Арнайы пәндер оқытушысы
Толбай М. Т.
Пән: Материалды көркемдеп өңдеу.
Мамандық, топ: «Технология», 3 курс.
Тақырыбы: Шағын кілем тоқу үрдісі.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Кілем тоқу үрдісін меңгеру.
Дамытушылығы: Шеберлік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды көркемдік танымға, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Әдістері: Репродукциялау, демонстрациялау.
Сабақ жабдығы: Жинақтау папкасы, дайын үлгілер, слайд
Пәнаралық байланыс: ОШП, материалтану, сызу, сурет.
Әдебиет:
Негізгі: Әбдуәлиева Ш. «Ұлттық қолданбалы өнер», Алматы, 1998ж. Қосымша: Қасиманов С., «Қазақ халқының қолөнері», Алматы., 1995ж.
Сабақтың барысы және уақытының өлшемі
№
|
Сабақ кезеңдері
|
Кезең мазмұны
|
Уақыты
|
1
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Амандасу, студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру, сабақ өткізу жоспары
|
|
2
|
Білімдерін тексеру (астын сызу)
Білім бағалау өлшемі
|
Жалпы сұрау, нұсқа бойынша сұрау, тестілеу, тақта алдында сұрау, жағдайлық есептер, графикалық диктант, сөздік диктант, іскерлік ойын.
Оқушылардың жеке жұмыстарын тексеру.
|
|
3
|
Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі
(астын сызу)
Түсіндірілетін сұрақтар тізімі
|
Ауызша, конспект арқылы, қосымша баяндама арқылы, аудио-дәріс, бейнедәріс, қойылған сұрақтар бойынша тақырыпты өздігінен игеру, рефератифтік
Таңдаған үлгі эскиз бойынша шағын кілем тоқу.
|
|
4
|
Оқушылардың өздік жұмысы
|
Сарамандық сабақтың реттілігі:
Кілем тоқуға дайындық жұмыс реті:
1. Сурет таңдау, үлгі шығару.
Үлгі шығарған кезде дайын бұйымдар (кілемдер), әр түрлі кітап, журнал, суреттер жинағын пайдаланып қана қоймай, қолөнер мұражайларына барып, алған әсерлері арқылы бір немесе бірнеше үлгі жасап, таңдап алуға болады.
2. Үлгіні таңдауына сай түрлі-түсті етіп бояу.
3. Таңдауына сай түрлі-түсті бояумен боялған үлгінің түсіне келетін жіптер дайндау. Жіптердің жуан, жіңішкелігі біркелкі, жеткілікті болуы қажет.
4. Кергішті (станок), қайшы, біз дайындау.
Кілем тоқу реті.
1. Кенеп, канва немесе матаға үлгі суретті көшіріп салу.
2. Түсіне сәйкестіріліп, бізбен астына суырып шалу арқылы тоқу. Мұндай кілем бір-біріне тығыз орналасқан ілгек түйіндерден тұрады және ілгек түйіндер біркелкі, 3-5мм ұзындықпен тоқылады. Түгі қырқылмайды. Тоқу тәсілі – түйіндеп шалу.
3. Кілем тоқылған соң рамаға салу үшін шетінен арнайы 10-15см орын қалдыру.
4. Сапасын тексеру.
5. Кілемді астарлап, желімдеу.
|
|
5
|
Тақырыпты бекіту
|
Жалпы сұрау, тестілеу, үлестірмелі жазбаша тапсырмалар, графикалық диктант,дағды мен біліктілікті іс жүзінде көрсету
|
|
6
|
Сабақ қорытындысы
|
Түсінік бере отырып, бағалау.
|
|
7
|
Үй тапсырмасы
|
Әбдуәлиева Ш. «Ұлттық қолданбалы өнер», Алматы, 1998ж. Кілемді тоқу. 8-27 бет
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |