Технология пәнінің оқыту процесінде ақпаратты құралдарды қолдану



Дата05.06.2017
өлшемі71,68 Kb.
#17744
Ахметов Құдайберген Көпешбайұлы

35 Иса Тоқтыбаев атындағы



мектеп-лицейінің технология пәні мұғалімі

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы
Технология пәнінің оқыту процесінде ақпаратты құралдарды қолдану

Ғылым мен білім ғарыштап дамып отырған жиырма бірінші ғасырда барлық пәндер сияқты технология пәнін оқытуда ақпараттық технологияны қолданудың қажеттілігі, білім мен біліктіліктің аясының кеңеюі еліміздегі әрбір шәкірттің техникалық білімі болуына баса мән беруде. Технология пәнінде де ғылыми деңгейде, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқыту бүгінгі күннің талабы.

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі , айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне   мұқият қарайтын дәуір.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық

технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны  бағыттап  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асыра  отырып, оқу –тәрбие  үрдісінің  барлық  деңгейлерінің тиімділігі  мен сапасын  жоғарлатуды көздейді.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : « Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі — білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек »- деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында  мультимедиялық электрондық оқыту  құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы — оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық — құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік — ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Бүгінгі таңдағы мектептердің алдында тұрған мәселе оқушыларды дамыта оқыту, яғни, оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру,олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі – талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны өсіру. Әр оқушының қабілетін танып біліп, дамытып адам дәрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру .

Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық , коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.

Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. XXI  ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр : компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

«Әрбір пән өздерінің жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданылады. Тиімді жақтарын жетілдіре түседі», деген көрнекті педагог В.А.Сухомлинский. Сабақ жасөспірімдердің интелектуалды өміріне құрған сабақ болып қалмас үшін ол қызықты болуы шарт.

Оқытудың ақпаратты құралдарын мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс-тәсілдердің, дидактикалық талап секілді педагогикалық іс-әрекеттерді жүйелі кешені ретінде пайдаланамын. Сабақ өту барысында мен ақпараттық құралдарды үнемі пайдаланамын. Бұл жұмыстардың барлығы мені мұғалім ретінде шығармашылықпен ізденуге итермелейді. Мысалы: «Қыларамен жұмыс», «Бұрандалы қосылыс», «Ағаштарды жартылай қиыстыру», «Бұрғылау,ұңғылау және кеңейтіп жону» сабақтарымда видео фильмдерді, презентацияларды, слайд шоуларды, электрондық тесттерді, интерактивтік тесттерді қолдандым. Технология сабағында кейде сабаққа қажетті құрал-жабдықтар болмай қалған кезде компьютерлік бағдарлама көмегімен түсіндірудің мынандай тиімді жақтары бар:


  • жаңадан түсіндірілген материалдарға оқушылардың көңіл қоюы өте жоғары болады;

  • тақырыпты оқушылардың меңгеруі әрі тез, әрі сапалы болып, олар келесі сабақта-ақ жаңа материалдармен жұмыс жасай алады;

  • оқуға деген шәкірттердің жауапкершілігі арта түседі;

Кез келген материалдармен жұмыс жарыс ретінде ұцымдастырылған жағдайда оқушылар оларды еш қиындықсыз-ақ меңгере алады. Оқу материалдарын Microsoft Word – та да, Microsoft Power Point –та да жасауға болады.

Сабақтан тыс кезде компьютер мен мультимедиялық технологияларды технология сабағында қолданудың пайдасы бар. Олар:



  • мультимедиялық технологиялар оқу үрдісін жеделтеді;

  • оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарының күрт өсуіне сеп болады;

  • материалдың меңгерілу сапасын арттырады;

  • оқу үрдісінің оқушының жеке басына арналуына мүмкіндік береді.

Қорыта келе айтарым, Интернетті қолдану арқылы көптеген ақпараттарға қол жеткіземіз. Ал ақпараттық техникалық құралдарды технология сабағында қолданудың тиімді жақтары деп мыналарды атауға болады:

  • сабақта сапалы әрі қызықты өту;

  • жаңа ақпараттық технологияларды дәстүрлі сабақтарда пайдалана отырып берілетін білімнің түпкі нәтижесін неғұрлым тиімді ету;

  • жаңа ақпараттық технологияларды технология пәнін оқыту үрдісіне енгізу арқылы білім мазмұны жүйесін жаңалау;

  • түрлі мәліметтер, ғылымдағы жаңалықтарды т.б. мағлұматтар біліп отыру.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан».

2. Б.Б. Аккуланова «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін котеру». 
3. Н.Исабек «Компьютерлік технологиясы пайдаланудың оңтайлы өлшемдері

4. «Білім технологиялары» журналы





Дайындаған: Ахметов Құдайберген

35 Иса Тоқтыбаев атындағы



мектеп-лицейінің технология

пәні мұғалімі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет