Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың шетелдік тәжірибелері
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарда шет елдік тәжірибені зерттеуде және қолдануда мынадай сәттерді ескеру керек:
оны бағалау мен пайдалану мүмкінгдігіне нақты тарихи жағынан келу, яғни тәжірибесі зерттеліп отырған елдің қоғамдық-саяси деңгейі мен әлеуметтік-экономикалық дамуын ескеру;
әлеуметтік жұмыстың тәжірибесіне бейімделу өз елінің, өз аймағының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып жүзеге асыру керек;
шет елдік тәжірибені қолдану өз елінде жинақталған жастарды әлеуметтік қорғау саласындағы тәжірибені алып тастау деген сөз емес;
Дамыған елдерде жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың қазіргі дейгейі біршама жағдайларға негізделген. Бұл елдердегі басқарушылар шеңбері мен қоғам мыналарды сезінеді:
қоғамда әлеуметтік тұрақтылық жағдайын ұстап тұруға мүмкіндік жасайтын әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың қажеттілігін сезінеді, оны мынадай жолдар арқылы жүзеге асырады: экономиканың нарықтық сипатын сақтай отырып әлеуметтік бағдарлануы; табыстарды халықтың аса қамтамасыз етілгендері ман аса қамтамасыз етілмегендерінің арасында қажетті және әлеуметтік қызмет көрсету үшін мемлекеттік және жергілікті бюджетті, әр алуан қорлардағы қаржыларды шоғырландыру; білім беру, медициналық қызмет көрсету, еңбекпен қамту және т.б. салаларда белгілі-бір әлеуметтік кепілдіктер беру;
жастарды әлеуметтендіру мен интеграциялауда қоғамның кездесетін қиындықтары жылдам өзгермелі заманда жас адамдардың бір жағынан, қажеттіліктері мен ұмтылыстарының сәйкессіздігі нәтижесінде болса, екінші жағынан қоғам оларға ұсынады да, олардан талап етіуінен болатыны;
осы қайшылықтарды шешу үшін жастарға өзін-өзі көрсетуге жағдай жасап, қоғамның даму процесіне өз үлестерін қосуға мүмкіндік беру керек.
Осы жағдайларды ескере отырып, қазіргі уақытта дамыған елдерде жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың, әлеуметтік қолдаудың екі негізгі моделі қалыптасқан: америкалық (көмек пен қолдаудың мемлекеттік емес нысандары басымдау) және батыс-еуропалық (жастарға көмек көрсету мен қолдау жасаудың мемлекеттік нысандары басым).
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың жүйесі АҚШ-та жалпы мемлекеттік заңдылықтар, немесе штат заңдарымен регламенттелген әр түрлі әлеуметтік бағдарламалардан тұрады. Сонымен қатар, жеке бағдарламаларды жергілікті билік органдары қабылдайды. Мұндай тәсілдер нақты аймақта тұратын жастарға әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттіліктерін толықтай көрсетуге мүмкіндік береді.
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың батыс-еуропалық жүйесі америкалықтан жас ұрпаққа қатысты әлеуметтік саясаттың бағытын анықтауда, жоспарлауда және іске асыруда мемлекеттің қатысуымен, әр алуан әлеуметтік қызмет көрсетуге жастардың біршама шеңберін қамтуымен ерекшеленеді. Мұнда жергілікті өзін-өзі басқару органдары да маңызды рөл атқарады.
Нарықтық экономикасы қалыптасып қалған дамыған елдердегі жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмысының жүйесінің ортақ белгісіне әлеуметтік қызметтердің түрлерінің өзгеруінен, өзгермелі жағдайларға байланысты жүзеге асыру нысандарынан, қажеттіліктердің ескеруі мен жаңасының пайда болуынан көрінетін нысандарының тармақталуы және әр алуандығы, иілгіштігі жатады.
Басқа бір ортақ белгіге -әлеуметтік қызмет көрсетудің барлық жүйесінің барынша құқыққа негізделуі, оны ұсынудың сипаты мен жағдайлары туралы халықтың барынша хабардар болуы, бұл өз кезегінде, әрбір осыған қызығушылық танытқан жас адамға, жасөспірімге немесе оның ата-анасына (қамқоршыларына) қажет болған жағдайда заң жүзінде тиесілі әлеуметтік қызметті пайдалануына мүмкіндік береді.
Батыс елдеріндегі жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың тағы бір ортақ белгісіне отбасын қоғамның негізгі ұясы, жас ұрпақты әлеуметтендірудің басты факторының бірі ретінде есептеуі жатады.
Батыс елдеріндегі жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыспен айналысатын барлық мекемелер мен ұйымдарды екі топқа бөлуге болады: жалпы профильдік және арнаулы. Жалпы профильдікке нақты аймақтың (штаттың, аймақтың, департаменттің және т.б.) тұрғындарына қызмет көрсететін мекемелер жатады. Мекен-жайларға барынша жақын орналасқан олар әлеуметтік көмекке зәрулердің барлығына, соның ішінде жастарға өз көмектерін көрсетеді. Ал арнаулы мекемелер қатарына белгілі-бір жастар тобына -мүгедек-балаларға, үйден қашып кеткендерге, қараусыздарға, нашақорларға және басқаларына әлеуметтік көмек көрсететін мекемелер жатады.
Әр елде балалық пен бозбалалықты әлеуметтік қорғау саласына, осы халық санатының теріс мінез-құлықтарына профилаклика жүргізуге әртүрлі тәсілдер қалыптасады. Бірақ, бұл жұмыстың ұйымдастырушылық-практикалық нысандарының әр алуандығына қарамастан оларда ортақ үрдістер мен қағидаларды байқауға болады. Олар ең алдымен мыналар:
жастардың құқық бұзушылығы мен теріс мінез-құлықтарына профилактика жасау мен алдын-алу жүйесін гуманизациялау, жазалаумен мәжбүрлеу шараларынан қорғау-сақтау шараларын үстемдету;
тәрбиелеу-профилактикалау және қорғау-сақтау әрекеттерін мамандандыру, отбасы жағдайында теріс мінез-құлықтарын түзету және емдеу бойынша практикалық жұмысқа маманданған әлеуметтік педагогтардың, әлеуметтік қызметкерлердің арнаулы лауазымдарын енгізу;
отбасына, мектепке, балаларға, жасөспірімдерге, бозбалаларға көмектесуге шақырылған арнаулы құрылымдар желісін құру: психологиялық қызметтер мен кеңестер, сенім телефондары, қиын жағдайларға ұшыраған балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік баспаналар;
әлеуметтік теріс бейімделген кәмелетке толмағандарды реабилитациялауда тәрбиелеу-профилактикалау және қорғау-сақтау әрекеттерін психологизациялау, теріс мінез-құлықтарды түзетуде басты рөлді медико-психологиялық көмек пен қолдауға беру;
тәрбие институтының бастысы ретінде отбасына әлеуметтік-құқықтық, психолого-педагогикалық көмек пен қолдау көрсету, тәрбие мақсаттарын орындай алмаған әлеуметтік қауіпті отбасыларында отбасылық тәрбие беру жағдайын жақсартудың әлеуметтік жұмыстарын ұйымдастыру.
Көптеген Батыс Еуропа, АҚШ, Жапония мемлекеттерінде жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар әртүрлі көмек көрсетумен ғана шектеліп қалмайды, оларда тыйым салу, бақылау сипатындағы шаралар да тұрады. Мысал ретінде құқықтық негізде жүзеге асырылатын шаралар қолданылатын ФГР тәжірибесіне сүйеніп көрейік:
жас адамның рухани және физикалық жағдайына қауіпті жерлерде болуының алдын-алу. Мұндай қауіп төндіретін объектілерге көпшілік үйлер, жастарды девиантты мінез-құлыққа жетелейтін орындар жатады.
Жасы 16-ға толмаған жас адамдардың қоғамдық тамақтану, кафе, асханаларда және басқаларында, сондай-ақ дискотекаларда болуына тәртіп белгілеу, оны оларды тәрбиелеуге жауапты адамның бірге жүруімен, осы орындарда болу уақытын шектеу арқылы жүзеге асырады.
Қоғамдық орындарда алкогольді сатып алуға және қолдануға тыйым салынады: 16 жасқа дейінгі жас адамдарға ата-анасымен жүргенде ғана жеңіл алкоголь ішімдіктерін (сыра, шарап және т.б.) ішуге рұқсат етіледі.
Жасы 18-ге толмаған жас адамдарға құмар ойындарын ойнауға, әсіресе ұтып алу мақсатында ойын автоматтары бар залдарға баруға (бұл ереже қасында ата-анасы немесе тәрбиешісі бар барлық балаларға қатысты) тыйым салынады;
Балалар мен жасы 15-ке толмаған жас адамдарға қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым салынады.
Шетелдерде, әсіресе дамыған елдерде жастармен –құқық бұзушы кәмелетке толмағандармен, жас нашақорлармен, қараусыздармен, «қауіпті топ» отбасында тәрбиеленуші балалар мен және басқаларымен жүргізілетін арнаулы әлеуметтік жұмыстың біршама тәжірибесі жинақталған. Әр елде бұл проблемалардың өзіне тән ерекшеліктері бар, олар әртүрлі байқалады және оларды шешу үшін сол елдің әлеуметтік-экономикалық, демографилық және басқа да ерекшеліктерін есепке ала отырып жасалған әлеуметтік бағдарламалар, технологиялар қолданылады. Соған қарамастан, осының өзі әр елдерде қалайша жүзеге асып жатқанын білу әлеуметтік қызметкерге ол елден әлеуметтік және мәдени жағынан барынша ерекшеленетін жағдайлардың өзінде көмектесіп, жастар ортасында жаңа проблемалардың туындауын көре білуге және адекватты шешімдер қабылдауына көмектесетіні сөзсіз.
Австрияда жастардың құқығын қорғау үшін және оларға көмектесу үшін аймақтарда арнайы үйлерде орналасқан, жастардың қалауынша безендірілген ақпараттық орталықтар ашылған. Мұнда жас адамдар педагогтардан, психологтардан, юристерден ақпарат пен кеңестер ала алады. Және де клиенттердің анонимділігі сақталады.
Елдің жастар қызметінің әрекеттерінде жас отбасыларына көмек көрсету мақсатында тұрғын-үй басқармаларымен байланыс қарастырылған. Толық емес отбасылары ерекше назарда ұсталған. Қызмет орталықтары мұндай отбасыларының, ең алдымен балаларының мүдделеріне орай, материалдық базасының нығаюына қаржылай көмек көрсетуге бар күштерін салады. Балалар мен ата-аналары арасындағы қарым-қатынастарға байланысты туа қалған құқықтық мәселелерді шешуде көп көмектер көрестіледі.
Зорлық көрген балаларға көрсетілетін көмек түрлері әсіресе назар аударарлық. Онымен бірнеше мекемелер айналысады. Жастар мен отбасына қызмет көрсету орталықтары отбасы ісіне араласу арқылы немесе арнаулы бақылауға алу арқылы көмек көрсетеді. Егер баланы қорғау қажет болса, оны отбасынан алып басқа жерге орналастырады да, қамқорлық көрсетеді. Отбасында зорлық көруіне байланысты қауіпті жағдайды басынан кешіп отырған балалар сондай-ақ балалардың психологиялық бөлімдерінен көмек ала алады, онда олар және оның отбасы бірнеше апта бойы психологтардың қарамағында болады, қажеттілігіне қарай клинико-психологиялық диагностика, кеңес беру және т.б. жүргізіледі. Мұндай көмектердің мақсаты қызмет орталықтарының мамандарының қарауында болуды жалғастыра отырып, баланы отбасына қайтару.
Тағы бір әлеуметтік қызмет түрі –Аймақтық күйзеліс орталықтары. Олар мектеп жасындағы балаларға тәулік бойы көмек көрсетіп, кеңестер берумен айналысады. Егер оқушыға қауіп төнсе қысқа уақытта оны тұрғындар тобына қабылдайды. Осының өзінде ол сабағына баруды тоқтатпайды және орталық мамандары тиесілі жұмыс істеген өзінің ата-аналарымен кездесіп тұрады. Орталықтардың мақсаты дағдарыс жағдайларда балалармен және ата-аналарымен бірге жанжалдарды шешудің жаңа жолдарын табу.
Ұлыбританияда әлеуметтік қызметтердің жұмысы жасына, этникалық және басқа да демографиялық жағдайларға байланысты, сондай-ақ физикалық немесе психикалық денсаулығының бұзылуына байланысты мемлекеттік көмекті қажет ететін азаматтардың әртүрлі категориясын әлеуметтік қорғау мен көмек көрсетуден тұрады. Осыған байланысты, әлеуметтік қызметтердің әрекеттерінің саласына әлеуметтік, психологиялық қорғауды немесе материалдық қолдауды қажет ететін балалар, жасөсіпірімдер мен жастар, сондай-ақ олардың отбасылары кіреді.
Әлеуметтік қызмет орталықтары бюджеттік ұйымдар болғандытан, ақысыз көмек көрсетеді. Бұл қызмет орталықтарының өзіндік айырмашылығына олардың оқу, емдеу және басқа да жас ұрпақтың білім алуына, тәрбиесі мен денсаулығына жауап беретін мекемелерден тәуелсіз болуы. Сондақтан әлеуметтік қызметтердегі әлеуметтік қызметкерлер балалармен, жасөспірімдермен, бозбалалармен жұмыс істейтін, солар үшін жауап беретін басқа мекемелердің қызметкерлердің маманданбаған немесе ізгілікке қарсы әрекеттеріне шынайы қарсы тұра алады.
Әлеуметтік қызметкер жергілікті билік органдарына нақты мекеменің, маманның, ата-аналары немесе жеке тұлғаның тарапынан баланың немесе жас адамның психикалық болмаса физикалық дамуына қауіп төндіретіні жөнінде мәселені көтере алады. Әлеуметтік қызметкердің арызының және оған сәйкес материалдар негізінде жергілікті сот органы сәйкес заңды немесе жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарта алады, билік органы отбасына қаржылай көмек көрсету мөлшерін белгілейді, жас адамның жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі, тұрмыстық жағдайын жақсартуды және т.б.
Көптеген әлеуметтік қызметкерлер тікелей білім беру және емдеу мекемелерінде жұмыс істеп, штаттық педагогтар мен психологтармен тығыз байланыста бола отырып кәмелетке толмағандармен жәке және топтық жұмыстарды жүзеге асырады, бірақ әкімшілік жағынан жергілікті әлеуметтік қызмет орталықтарына бағынады.
Бұл елде әлеуметтік қызмет орталықтарымен бірдей деңгейде жұмыс істейтін әр профильді көптеген орталықтар да бар. Орталықтар нақты аймақтарда тұратын халықтың белгілі бір санаттарына қызмет көрсетеді. Соның ішінде балаларға, жасөсіпірімдер мен олардың отбасыларына қызмет көрсететін арнаулы орталықтар бар.
Мұндай орталықтар нақты бағыттарда жұмыс істеуге арналады және әлеуметтік қызметтердің «желілік» құрылымы болып табылады. Мысалы тек отбасыларына көмек беретін, немесе тек маскүнем жасөсіпрімдер мен нашақорларға және басқаларына көмектесетін орталықтар бар. «Желілі» құрылымдағы әлеуметтік қызметкерлер барынша шектеулі маманданған: бірі психотерапевтік практикамен айналысса, екіншісі отбасы психологтары сияқты әрекет етеді де, бірнеше отбасыларына ондағы жанжалдардың шешілуіне дейін ғана көмектеседі, ал үшіншілері орталыққа келушілерге әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етіп, заңды мекмелермен, денсаулық сақтау ұйымдарымен, әлеуметтік қамтамасыз ету қызметтерімен, бос уақытты өткізу мекемелерімен байланысып отырады.
Голландияда ұсақ ұрлықтар жасаған немесе вандализм актілерін жасауға барған жасөспірімдермен «Халит» жобасы шеңберінде қызықты жұмыс тәжірибесі жинақталған, оның мәні құқық бұзған жасөспірім өз кінәсін, материалдық немесе моральдық залалды өз еңбегімен өтеуден тұрады. Келтіріліген залалдың орнын толтырудың ең кеңінен тараған тәсілдеріне: құқық бұзу нәтижесін тікелей түзету (жасөспірім шимайлап тастаған қабырғасын жуу немесе сырлату және т.б.); құқық бұзудан зардап көрген ұйымда жұмыс істеу (жасөспірім өзі залал келтірген дүкенде ақысыз еңбек ету арқылы залалының орнын толтырады және т.б.); келтірілген залалды жасөспірім қоғамдық орындарда тапқан ақшасы арқылы төлейді.
Сәйкес әкімшілік орган, жасөспірім (оның отбасы) және зардап шеккен жақ үш жақты келісім-шартқа отырады, онда жасөспірім кешірім сұрап, залалдың орнын толтыруға, оның құқықтық білімін көтеруге бағытталған, әсіресеөзі жасаған құқық бұзушылық пен оның салдарына қатысты жауапкершіліктер туралы айтылатын шараларға қатысу міндеттемелері қаралады. «Халит» бюросы осы келісім-шарттың орындалуына бақылау жасайды: егер жасөсіпірім өз міндеттемесін орындаса, істі жабады, егер орындамаса –құқық бұзу туралы хаттамаға ресми түрде жасөспірімнің заңды жауапкершілікке тартылуын қарастыратын әрекет етуге жол ашылады.
Исландияда кәмелетке толмаған құқық бұзушылар мен «қауіпті топқа» жататын жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс арнаулы балалар мен бозбалалардың әл-ауқаты туралы Заңының негізінде жүзеге асады. Аймақтық деңгейде бұл жұмысты жергілікті әкімшіліктің қасынан құрылған әлеуметтік қызмет көрсету Комитеттері атқарады. Комитеттер жасөсіпірмдер арасында жас адамдардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын оларға және социумның каналдарына пайдалы белсенді әрекеттерге бағыттау мақсатында алдын-алу жұмыстарын ұйымдастырады. Балалардың денсаулығы мен мінез-құлықтарына теріс әсер ететін қолайсыз жағдайларда тұратын балалардың отбасыларына қатысты профилактикалық шаралар отбасылық бақылаудан, отбасылық қолдау мен кеңес беруден, мектептік проблемаларды шешуде көмек беруден тұрады. Егер ата-аналары баланың күтімі мен тәрбиесіне дұрыс қарай алмаса, Комитеттің қарамағында қызмет ететін балаларды қорғау бөлімі оларды қорғау мен тәрбиелеуде жауапкершілікті өз мойындарына алады, баланы қамқор болатын отбасыларға немесе балалар үйіне анықтайды.
Норвегияда әрбір муниципалитетте балаларды қорғайтын бөлімдер бар, олар жасы 18-ге дейінгі жас адамдарды денсаулығы мен дамуына кері әсер ететін жағдайларда тұратын жастарды қорғап, көмектесуге арналған. Жұмыс үш деңгейде жүргізіледі: негізгі профилактикалық шаралар, отбасындағы профилактикалық шаралар және қорғау шаралары. Негізгі профилактикалық шаралардың мақсаты муниципалитеттің аймағында тұратын балалардың өмірлік жағдайларын жақсарту болып табылады да, ол балалардың алаңдарын, жастар клубын ашудан, көлік проблемаларын шешу (балаларды мектепке тасу) және т.б. мәселелерді шешуден тұрады. Отбасыларындағы профилактикалық шаралар мен қорғау шаралары жергілікті, адрестік сипатта болып, проблемалық отбасыларында, жас нашақорлармен, құқық бұзушылармен және басқа да әлеуметтік қолдауды қажет ететін жастар санатымен әлеуметтік жұмыс жүргізуді қарастырады.
Жастар ортасында алкоголизммен күрес тәжірибесі де қызықты. Жергілікті билік органдары –муниципалитеттер алкогольді қолдануды дүкендер, кафелер мен мейманханалар арқылы таралуына бақылау жасайды, алкогольсіз жастар клубтарының, дискотекалар мен басқа да осы сияқты мекемелердің әрекеттеріне жәрдем ақша беру және басқа да қолдау көрсету арқылы көмектесіп тұрады. Алкогольді шектен тыс қолданатын жастар арасында «көшеде жұмыс істеу» деп аталатын жұмыс жасалады, оның мақсаты жас адамдарға алкогольмен «байланысты үзуге» көмектесу.
Ресейде «Ресей Федерациясының халқына әлеуметтік қызмет көрсету негіздері туралы» Заңы бойынша жастарды әлеуметтік қорғау мекемелерінің типтік құрылымы қарастырылған, оның мазмұны мынадан тұрады:
әрбір қала, аудан үшін міндетті минимум, оған мыналар кіреді:
а) әлеуметтік қызмет көрсету орталығы (бөлімдері: үйде әлеуметтік көмек көрсету, күндізгі, уақытша тұру, жедел әлеуметтік көмек көрсету);
ә) отбасы мен балаларға әлеуметтік көмек көрсету орталығы;
б) кәмелетке толмағандар үшін әлеуметтік-реабилитациялық орталығы;
в) әлеуметтік қонақүй;
г) балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік баспана.
қалалар мен аудандардағы қосымша желілер, оларға мыналар жатады:
а) психолого-педагогикалық көмек беру орталығы;
ә) телефон арқылы жедел психологиялық көмек көрсету орталығы;
б) қайырымдылық үйі;
в) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, соның ішінде балалар мен жасөсіпірімдерге арналған реабилитациялық орталықтары.
республикалық, өңірлік, облыстық, аймақтық, аудан аралық мекемелер, оларға мыналар кіреді:
а) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету орталықтары;
ә) интернат-үйлер: балалар, психоневрологиялық, арнаулы;
б) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған жатақханалар.
Федерация субъектілерінің билік органдары, жергілікті билік органдары осы құрылымдар негізінде аймақтың өзіне тән ерекшеліктері мен материалдық-қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып жастармен жүргізетін әлеуметтік жұмыс қызмет орталықтары құрылады. Мысалы, Башқұртстан Республикасында әлеуметтік-психологиялық, заң, наркологиялық көмек көрсету және жастардың еңбек биржасы қызметтерімен бірге жастардың республикалық әлеуметтік «Новое поколение» қоры, отбасылық қатынастарға көмек көрсету пунктері, сенім телефондары және т.б. құрылған. Астрахань облыстық әлеуметтік қызмет жастарға құқықтық мәселелер, отбасылық қатынастан жөнінде кеңестік көмектер, медико-психологиялық көмек және басқадай көмек түрлерін көрсетеді. Курск облыстық жастарға әлеуметтік қолдау көрсету орталығы көп профильді әлеуметтік мекеме бола отырып, 14 жастан 30 жасқа дейінгі жастармен жұмыс істеп, оларға әлеуметтік, психологиялық, кәсіби маманданған, заңды, медико-педагогикалық және ақпараттық көмек көрсетеді. Орталық жұмысы келесі бағыттарда жүргізіледі: жастардың еңбек биржасы, кәсіби кеңес, жастарға психологиялық көмек беру қызметі, «Отбасын жоспарлау кабинеті», әлеуметтік және ақпараттық қызметтер, клуб жұмысы.
Жастарға әлеуметтік көмек көрсету жүйесінің төменгі деңгейдегі әлеуметтік жұмысының мысалына Мәскеу қаласының Зеленоградск аймағындағы отбасылық тәрбие Орталығының іс-тәжірибесін жатқызуға болады, ол нақты дағдарыс жағдайындағы отбасы мен «қиын балалардың» проблемасын шешуге бағытталған. Бала тәрбиесінде отбасы рөлінің артықшылығын ескере отырып Орталық өз жұмысының негізіне баланың жағдайын өзгертуді, оның тұрмыс жағдайының, тіршілігінің, дамуының жақсаруына, яғни оны қоғамда әлеуметтік бейімделуінің табысты болуына барлық жағдай жасауды қояды. Орталықтың әл-ауқаты нашар отбасылармен жүргізілетін жұмыстарда қолданатын басты әдісі -әлеуметтік патронаж, бұл ұзақ уақытқа әлеуметтік қызметкердің отбасымен сенімді қатынаста болып отбасы мен оны қоршағандары туралы анық, толық, объективті ақпарат жинап, осы отбасының проблемасын шешуде оған қызмет бабы арқылы мүдделі болып отырған тұлғалармен (білім беру, әлеуметтік қорғау, ішкі істер органы, қоғамдық, қайырымдылық ұйымдары және т.б.) немесе отбасымен байланысты туыстарымен, болмаса достық байланыстарымен «өзара әрекеттестік желісі» деп аталынатын байланыс орнатудан тұрады.
АҚШ-та «қауіп тобына» жататын жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс жасау бірнеше бағдармалар негізінде жүзеге асырылады. Соның ішінде, көмек берудің федеральдық бағдарламаларына сәйкес көмекке зәру отбасылары мен балаларға арналған арнаулы мекемелер мыналарды ұйымдастырады:
А) ата-аналары күндіз немесе кешкі уақытта жұмыс істейтін балаларға қарау;
Ә) ересектер тарапынан зорлыққа ұшыраған балаларды қорғау;
Б) балалар үйін инспектірлеу, қамқорлығына алған отбасылармен жұмыс, баланың жаңа отбасына бейімдеу;
В) балаларға білім алуда және т.б, арнаулы көмек көрсету қызметтерін дамыту.
Көптеген бағдарламалар «қауіпті топтағы» жасөспірімдерді қалыпты өмірге тарту мақсатында кәмелетке толмағандарды белгілі-бір акциялар мен іс-шараларға қатысуға белсендіруге бағытталған. Полицияның базалық бағдарламалары полициялық атлетикалық клубтарын құрып, оларға кәмелетке толмағандарды спортқа және басқа да пайдалы істерге тартуға арналған. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі соттардың базалық бағдарламалары белгілі-бір құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарды реабилитациядан өткізуге бағытталған. Мектептердің базалық бағдарламалары екі топқа бөлінеді: «қалыпты» және арнаулы мектептерге арналған, яғни «қиын» және сотталған жасөспірімдерге арналған. Бұл бағдарламалар жасөспірімдердің қандай да тобын әлеуметтік оқшаулауды болдырмай, олардың мектепке баруын жалғастыруға мүмкіндік береді, олар кәмелетке толмағандардың қылмысын алдын-алуға бағытталған және барлық мектеп оқушыларына арналған.
Кәмелетке толмағандарды бас бостандығынан айыру және олардың жазасын өтеу АҚШ-та екі мекеме санатымен байланысты: жабық бас бостандығынан айыру орындары және жабық тәрбиелеу мекемелері. Біріншілері –бұл қылмыс жасағаны үшін сотталған кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ істің жағдайын анықтауға шейін алдын-ала қамауда кәмелетке толмағандардың физикалық еркіндігін шектеу мекмелері. Екіншісі –сот шешімі бойынша немесе жазаланатын әрекеттері үшін сотталған кәмелетке толмағандарды орналастыру мен қозғалысын шектеуге арналған мемлекеттік немесе жеке меншік ұйымдар. Мұндай мекемелердегі бас бостандығынан айыру дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін. Жабық тәрбиелік мекемелердің төрт түрі бар: қайта тәрбиелеуге арналған мектептер, жастар лагерьлері мен ранчолар, жабық баспаналар мен балалар үйі, тәулік бойы бақылау жасау орталықтары.
ГФР-да әлеуметтік-педагогикалық әрекеттің жаңа формаларына жастармен ықшамаудандарда жұмыс істеу жатады. Мұнда ықшамаудандардың өзіне тән ерекшеліктері әлеуметтік-педагогикалық әсер ету бағыттарын анықтайды (мысалы, жұмысшы кварталдардағы превентивті және білім беру әрекеттеріне, ал жаңа құрылыстар салынған аудандарда -кеңестік-терапевтік әрекеттерге баса назар аудару және т.б.) балалар мен жастардың қалыпты дамуына жағдайлары жоқ ескі кварталдар деликвенттік мінез-құлықтардың әлеуетті ошақтары болып табылады. Әлеуметтік қызметкер оның кеңес беруін қажет ететін жеке клиентпен ғана кездесіп қана қоймай, шынайы, радикалды көмекті қажет ететін, әлеуметтік-экономикалық сипаттағы көзқарастары бір жастар тобымен кездеседі. Мұндай көмектер әлеуметтік қызметкердің белгілі-бір құқықтарды біліп қана қоймай, кәсіби маман болуын, шынайы мүмкіндіктерін, ең алдымен өзіндік нақты әлеуметтік айқындамасы болуын қажет етеді. Қаңғыбастықтың және педагогикалық салақтықтың әлеуметтік себептерін білу бұл жұмыстағы басты алғышарт болып табылады.
Швецияда жас алкоголиктер мен нашақорлармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің қызықты тәжірибесі жинақталған. Оның заңды негізіне есірткі құралдарын пайдалану, өндіру, сатудың барлық аспектілері, сондай-ақ осы саладағы қылмыстық әрекеттер үшін жаза белгілеуді реттейтін заңдар мен заң актілері жатады. Осы елдегі ең жоғарғы деңгейдегі маңызды Ұйымға алкогольдікке қарсы және нашақорлыққа қарсы білім берудің Орталық одағы жатады. Алкоголизм мен нашақорлықпен күресудегі негізгі жұмыс сол мекен орындарда жасалады. Оған мысал ретінде Гетеборг қаласында жинақталған тәжірибені келтіруге болады. Оны үйлестіруші құрамына нашақорлықты таратуға қарсы әрекетке қатысты әлеуметтік бөлімшелері кіретін қалалық басқарудың Әлеуметтік комиссиясы болып табылады.
Тікелей нашақорлармен құрамында 8-10 штаттық жұмыскерлері (психологтар, медиктер, әлеуметтік қызметкерлер) бар аудан аралық топтар жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда мектеп оқушылары да тартылады. Топтардың міндетіне есірткілермен проблемасы бар жас адамдарды анықтау, олармен жеке және ұжымдық сипаттағы психотерапевтік шаралар өткізу, сондай-ақ нашақорлыққа қарсы насихат жүргізу жатады.
Жас нашақорларды анықтауда наркопатрульдер құрылған, олар полиция қызметкерлерімен бірег вокзалдарды, қоғамдық орындарды, дискотекаларды, жастардың дәстүрлі жиналатын орындарға барады. Анықталған нашақорлар арасында топ қызметкерлері ол адамдардың нарколог-дәрігермен көмек сұрап баруға итермелейтін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Ауданаралық топтар жас нашақорларды әлеуметтік реабилитациялау жұмыстарын да жүргізеді, оларға қалыпты өмірге бейімделуге, мамандықты игеруге, жұмысқа орналасуға, психологиялық қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Жас нашақорлардың ата-аналарымен арнаулы сабақтар өткізіледі де, оларда нашақорлыққа қарсы заңдылықтар, есірткі заттар туралы мәліметтер, шұғыл жағдайларда жедел көмек көрсетудің дағдылары үйретіледі.
Әлеуметтік жұмыстың маңызды мақсаттарын үйден кетіп қалған жасөспірімдерге арналған Баспаналар да шешеді. Жеке тәсілдерді қолдана отырып, жеке қасиеттерінің жақсы жақтарына сүйенген Баспананың мамандары жасөспірімнің мінез-құлқын, отбасынан кету себептерін білуге тырысады, одан тәрбиелеу қиын бала емес, проблеманы біріге отырып шешетін толыққанды серігін көруге тырысады. Басты мақсат жасөспірімнің күш-жігерін басынан кешіп отырған жағдайы туралы және одан шығу жолдарын ойлануға бағыттау.
Достарыңызбен бөлісу: |