еңбек және әлеуметтік бейімделу Орталықтары 9-сыныпты бітіріп, ештеңеге қамтылмаған кәмелетке толмағандарға жедел кәсіптік дайындықтан өтіп, алғашқы жұмыс орнын анықтауға көмектесуге арналып құралған;
ақталғандарға арналған Орталықтар түзету мекемелерінен оралған жас азаматтар мен кәмелетке толмағандарға мекен-жайын, еңбекке орналасуын анықтауда, кәсіптік дайындықтан өтуіне немесе қайта дайындықтан өтуіне, орта білім алуына, психологиялық реабилитациясына көмек көрсетуге арналған;
«Сенім телефондары», телефон арқылы жедел анонимді, ақысыз психологиялық кәсіби көмек көрсетуге арналып құрылған.
Жоғарыда аталған қызметтерден басқа республикада мүгедек балаларға арналған медико-әлеуметтік бейімделу орталықтары, медико-психологиялық кеңес беру орталықтары мен пунктері және т.б. құрылған.
Жастарға арналған әлеуметтік қызмет көрсету әрекеттері мен оларды құрудың көкейкестілігінің мысалына Қарағанды қаласындағы жастардың еңбек биржасының қызметінің 8 мың клиент пайдаланғандығы, оларға еңбекке орналасу жағынан және психологиялық қолдау көрсетілгендігі жатады. Алматыда кеңестік-білім беру Орталығы белсенді жұмыс атқарып отыр, ол нашақорларға қолдау көрсетуді мақсат етеді. Орталыққа көмек сұрап келген нашақор ақысыз қан тапсыруға, мамандардан кеңес алуға, жұмыс табуға мүмкіндік ала алады.
Қазақстандағы жастарға арналған әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің қалыптасу процесі баяу болғанымен ықтиярлы жүргізілуде, кеңес өкіметі тұсындағы «ескілерін» қайта жаңғыртып, жастардың қазіргі әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық проблемаларына сәйкес жаңалары құрылып жатыр. Сондай-ақ республикадағы жастарға арналған әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің жаңа бейнесінің қалыптасқанын көреміз. Ол негізінен жаңа құқықтық негіздерге, мемлекеттің жаңа әлеуметтік саясатына, жаңартылған кадр әлеуетіне байланысты.
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың инфра құрылымының негізгі құрауышына халықтың осы санатымен жұмыс істеуге арнайы дайындалған кадрлары жатады. Қазіргі талаптарға сай дайындалған мамандарсыз әлеуметтік қызметтердің тиімді жұмысы, жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарға жаңа технологияларды қолдану мүмкін емес. Содан болар республикалық жастарға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орындарын дамытудың Ведомствоаралық бағдарламасында республикадағы жастарға арналған әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін табысты дамыту үшін мыналардың қажет екендігі тегін емес:
Орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарының базасында жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарды іске асыратын маманданған кадрларды дайындауды қамтамасыз ету;
Жастарға арналған әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастырушылар мен мамандары үшін біліктілігін арттыру курстарын өткізуді қамтамасыз ету;
Осы саланың мамандары үшін тәжірибемен алмасуға арналған семинарларды, конференцияларды жыл сайын ұйымдастырып тұру;
Жастар ортасында жұмыс істейтін қазіргі маманның кәсіби дайындығына қойылатын жоғарғы талаптар оның біліктілігі туралы сипаттама береді. Жастармен әлеуметтік жұмыс атқаратын маманның біліктілігіне берілген сипаттамаға сәйкес ол мынадай міндеттерді атқаруы тиіс:
әртүрлі нысанда көмек көрсетуді және әлеуметтік қолдаудың әртүрлерін қажет ететін жас отбасыларын, жеке жасөспірімдерді және жастарды анықтау және олардың патронажын жүзеге асыру;
тәрбиеленушілердің қиыншылықтарының, соның ішінде мекен-жайы, жұмысы және оқуы бойынша туындаған қиындықтарының себептерін анықтау;
маскүнемдікпен, нашақорлықпен зардап шегетін, сексуалдық зорлыққа ұшыраған тәрбиеленушілерге әлеуметтік-психологиялық реабилитация жүргізу;
оларға көрсететін әлеуметтік көмектің сипаты мен аумағын анықтау;
әлеуметтік-тұрмыстық және медико-психологиялық қолайсыз жағдайларда отырған жас отбасылармен, ата-анасы жоқ немесе қамқорсыз қалған бұрынғы балалар үйі мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерімен, еңбекке орналаса алмай жүрген немесе басқа да көмекті қажет ететін кәмелетке толмаған аналармен жұмыс жүргізу;
жеке адамның, отбасының немесе әлеуметтік топтың өзіндік мүмкіндіктерінің әлеуетін белсендіруге жағдай жасау;
тәрбиеленушілерінің қоршаған ортамен өзара әрекеттесуінің, өзара қатынасын жақсартуға ат салысу;
әлеуметтік қорғау және көмек көрсетудің әртүрлі мәселелері бойынша қажетті кеңес беру;
үнемі немесе уақытша әлеуметтік қызмет көрсетуді, қамқорлық көрсету мен қарамағына алуды қажет ететіндердің құжаттарын рәсімдеуге көмектесу;
дәрігерлік көмекті қажет ететіндерге денсаулық сақтау органдарының стационарлық мекемелеріне орналасуына ат салысу;
сәйкес органдар мен мекемелерге ата-аналық құқынан айыру туралы, асырап алу туралы және т.б. бойынша арыз беруге арналған құжаттарды өткізуге көмектесу;
құқық бұзушы кәмелетке толмағандарға қоғамдық қорғауды ұйымдастыру, қажет болған жағдайда сотта олардың қоғамдық қорғаушысы болу;
әлеуметтік саясаттың қалыптасуы, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің аймақтық және территориялық желілерін дамыту бойынша іске асырылатын жұмыстарға қатысу.
Осы міндеттерді сапалы орындау үшін жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарды іске асыратын маман мыналарды білуі керек: тәрбиеленушілермен жұмысқа қатысты қаулылар, жарлықтар, бұйрықтар және басқа да жастар ісі бойынша басқару органдарының және жоғарыдан келген басқарушылық және нормативтік құжаттарды; балалар құқы жөніндегі Конвенциясын; жеке бастың және халықтың жеке санаттарының психологиялық ерекшеліктерін; тұрмыс пен отбасы тәрбиесіндегі ұлттық және аймақтық ерекшеліктер, ұлттық салт-дәстүрлерді; әлеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасы; тәрбиеленушілеріне әлеуметтік қорғау саласында жүргізілген саясаттың негізгі бағыттарын; әлеуметтік қызмет көрсету органдары мен мекемелерінің жұмысы; практикалық әлеуметтік жұмысының отандық және шетелдік тәжірибесі; азаматтық заңдылықтар негізі; еңбек және еңбекті қорғау туралы, халықты еңбекпен қамту туралы заңдылықтар.
Жастарға әлеуметтік қолдау көрсету саласындағы тағы бір білікті маман –жастармен жұмыс жүргізетін маман –одан мынадай лауазымды міндеттерді орындау талап етіледі:
балалар мен жастар бірлестігінің іс-әрекетін реттеу;
тәрбиеленушілерінің бос уақытын ұйымдастыру бойынша шаралар қолдану мен олардың жағдайына талап жасау;
деструктивтік балалар мен жастардың бейресми бірлестіктерімен жұмыс жүргізу;
жастар орналасқан аймақта жұмысты болжау және жоспарлау, оны ұйымдастыруда әр алуан қазіргі нысандарды, тәсілдер мен әдістерді қолдану;
жастар саясатын қалыптастыруға, мәдени-ағартушылық мекемелерінің желісін дамыту және оны қызмет көрсету аймағында ұйымдастыру жұмысына қатысу.
Жастармен жұмыс жүргізетін маманмжастармен әлеуметтік жұмыстарды жүргізетін маман сияқты білім мен дағдыға ие болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |