Жастарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету Орталығы дағдарыс жағдайында, микро және макро орталарда келіспеушілік жағдайында жүрген жастарға, халықтың осы категориясының девиантты, деликвентті және суицидальды мінез-құлықтың алдын-алу сияқты медико-психолого-педагогикалық көмек көрсетуге арналған. Бұл орталық екі бөлімнен тұрады деп есептеледі: әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бөлімі, оған баспана, қонақ-үй, социотерапия мектебі, мамандықты таңдау кабинеті, өндірістік кешен, мәдени-спорттық кешен, еңбек биржасы, юристтік кеңес беру кеңсесі жатады, және медико-психолого-педагогикалық көмек көрсету бөлімі, оған диагностика-психологиялық пункт, ата-аналарға арналған кеңес беру пункті, оқушыларға арналған кеңес беру пункті, анонимдік қабылдау кабинеті, кризистік стационар, лекторий және бос уақытты өткізу пункті жатады;
Достарыңызбен бөлісу: |