Технологиялар



Pdf көрінісі
бет11/29
Дата21.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#154345
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
Байланысты:
Технология китап

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


54 
5. ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ 
 
Дамыта оқыту технологогиясы 
Бүгінгі таңда мектепте бастауыш сынып оқушыларын оқытуда 
негізінен "Дамыта оқыту" технологиясы басшылыққа алынады. Себебі 
қазіргі оқулықтар"Дамыта оқыту" технологиясына негізделе жазылған.
Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі "Дамыта оқыту" 
технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық 
меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс. 
I. Бағдарлау -мотивациялық кезең. 
Бұл кезең - оқу міндеттерін қою кезеңі. Дәстүрлі педагогикалық үй 
тап-сырамасын тексеру барысының орнына алынған бұл кезең іштей екі 
құрылымға бөлінеді. 
1. Оқушылардың білімін бір деңгейге келтіру. 
Оқушыларды 
жаңадан түсіндірілетін тақырыпқа логикалық 
бірізділікпен алып бару үшін, өткен сабақтың материалымен тығыз 
байланыстыра отырып жаңа тақырыпты игеруіне қажетті тірек білімінің 
барлығы өзектендіріледі.
Оқушылардың барлығын бірдей деңгейге жеткізіп алу үшін мұғалім 
алдың ала оқушылардың есіне түсіретін, толықтыратын, бірдей мәреге 
жеткізетін қажетті сұрақтар мен тапсырмалар даярлайды. 
2. Оқу міндеттерін айқындау. 
Оқушыларға мазмұндық жағынан тізбектеле кұралған сұрақтар легі 
арқылы мұғалім оқушылардың өздерінің оқу мазмұнын анықтауға 
басшылық жасайды. Соның негізінде оқушылардың жаңа тақырыпқа қарай 
бет бұруына жағдай жасайды яғни, жаңа тақырыпты танып-білу 
мотивациясын қалайды. 
Негізінде осы екі құрылым арқылы I кезеңде 7-8 тапсырма 
орындалады. Соның ең соңғысында оқушыға сұрақ қойылады немесе 
тәжірибе көрсетіледі.
Мұғалім өткен мен жаңа өтілген оқу материалын шебер 
байланыстырып, сұрақ қою арқылы оқушылар үшін мәселелік жағдайлар 
туғызады. 
Мәселелік жағдайлар туғызу - сабақтың ең күрделі де маңызды 
бөлшегі болып табылатындықтан, бұл сәттің айқын өтілуіне үлкен мән 
бере қарау керек. Өйткені, басты тетік осы мәселелік жағдай туғызуда 
жатыр. Жаңа тақырыптың ұтымды, сәтті меңгертілуі осы түйінделген 
мәселелік, жағдайдың қалай және қандай мазмұнда жасалғандығына 
тікелей байланысты болады. 
Сонымен, оқушылардың білетін біліміне сүйене отырып, жетекші 
сұрақтар мен тапсырмалар арқылы біртіндеп тереңдей беретін мәселелік 
жағдайлар туғызу сәтін мұғалім тұтас бір көрініс ретінде оқушыларға 
сезіндіруі керек. 


55 
Туындаған мәселелік жағдайлар оқушыларды осыны туғызған 
себептерді іздеуге күшті түрткі болады. Ал мұғалімнің сезімге толы сөзі 
мен түсіндіру барысы оқушылардың танымдық, ізденімпаздық 
қабілеттерін оятып, іске қосуға күшті фактор ретінде қызмет атқарады.
ХХІ ғасырда педагогикалық технологияның бір түрі болып 
табылатын — сын тұрғысынан дамыта оқытуда оқушының ізденушілік, 
зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру алға қойылады.
Ол үшін оқушы өзінің бұған дейінгі білетін амалдары мен 
тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін түсінетідей жағдайға 
жетуі керек. Содан негізінде оның білім алуға ынта - ықыласы артып, 
әрекетенеді.
Сабақ 3 құрамдас бөліктен тұрады: 
1. Оқу мақсаттарының қойылуы. 
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру. 
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. 
Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған 
жүйесінің негізгі компонеттері болып табылады.
Оқушыларға ешқандай дайын үлгі берілмейді. Сабақта қойылған 
мақсатқа жету талқылау мен жинақтау арқылы жүзеге асырылады. Ал 
мұғалім тек ұйымдастырушы, бағыттаушы ғана болады.
Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей 
білуге үйренеді. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, 
олардың жауаптары мұқият тыңдалады.
Дамыта оқыту жүйесінің тағы бір ереқшелігі сынып оқушыларын 
бөлмей, олардың жетілуі мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс. 
Сонымен бірге әр оқушының қабілетінің мүмкіндігіне дейін еңбек ету 
ойластырылған. Соның негізінде ол өзін дамыта алады. Сын тұрғысынан 
дамыта оқыту сынақ емес, оқушының ой-өрісін шыңдау болып табылады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы:
1). қызығушылықты ояту;
2). мағынаны талдау;
3). ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Қай заманда да мектеп қоғамның әлеуметтік - экономикалық және 
мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Жаңа кезеңге бет 
бұру оңай емес. Рухани жан дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін 
қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады. XXI ғасыр білімділер 
ғасыры болмақ Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек.
Еліміздің экономикалык, саяси - мәдени дамуына үлес косатын, 
қоғамды әлеуметтік цивилизацияға көтеретін, денсаулығы мықты азаматты 
тәрбиелеп шығару — мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі тандағы 
міндеті болып табылады. 
Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі — 
талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны өсіру және тәрбиелеу. Әр 


56 
оқушының қабілетін танып - біліп, дамыту үшін, жаңашыл жұмысқа бет 
бұру керек.
Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, жаңа 
көзарастар пайда болды. Әрі білім беру құрылымында жаңа технология 
өмірге келді. 
«Технология дегеніміз — қандайда болсын істегі, шеберліктегі, 
өнердегі адамдардың жиынтығы болса, педагогикалық технология — 
педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисынды ілім 
амалдары мен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы», - деп 
түсіндіреді В. Кларин. 
Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық 
жүйенің жобасы. Ал, педагогиикалық жүйе - дара тұлғаны қалыптастыруға 
бағыталған, белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық 
ықпалды 
ұйымдастыруға 
қажетті 
байланыстардың, 
әдістердің, 
құралдардың жиынтығы. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық 
технологияны дамыту және оның тәжірибеде пайдалану шарт. 
В.Ф.Шаталов технологиясының әдістемелік жүйесі 
В.Ф.Шаталовтың технологиясының басты мақсаттары: 
-Оқушының білім беру дағдысын қалыптастыру; 
-Оқушылардың барлығын оқыту; 
-Жеделдете оқыту; 
Принциптері: 
-Үздіксіз қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша 
оқыту, тірек сигналдарын пайдалану; 
-Жекелей әрекет жасау; 
-Ізгіліктік (барлық балалар дарынды); 
-Мәжбүрсіз оқыту; 
-Түзетуге, 
өсуге, жетістікке жетелеу, жетістігін жариялау, 
шиелініссіз оқыту; 
Мазмұндық ерешеліктері: 
-Оқу материалы ірілендіріп беріледі; 
-Блоктық түрде беріледі; 
-Оқу материалы тірек үлгі-конспекті түрінде беріледі; 
Тәрбиелік мәні: 
-Еңбекке қатыстырылады; 
-Еңбек сүйгіштікке тәрбиеленеді; 
-Оқушының еркі дамытылады; 
-Өзіндік 
танымдылығы, жауапкершілік, адалдық, жолдастық, 
қасиеттері қалыптасады. 
Әдістеме ерекшелігі: 
Теориялық блогы – Бағыттылық негізі (БН) – ақпаратқа кіріспе 
(түсіндіру) – айту– үйде өзіндік жұмыс орындау, І-қайталау (тірек сигналы 
конспектісін жаппай қабылдау), ІІ-қайталау (түсінбегенін сұрау), ІІІ-
қайталау (өзара бақылау) 


57 
Тәжірибе блогі – тәжірибелік жұмыс (жаттығу) – есеп шығару 
(жаттығу) – қорытынды: оқушылар білім беру дағдыларын және ойлау 
қызметінің әдісін жүйелі қолдану. 
Жалпы Шаталов әдісі бойынша теориялық жаңа материалды игеру 
негізгі алты кезеңнен тұрады: 
1-ші кезең – мұғалімнің оқу материалын толық түсіндіруі; 
2-ші кезең – оны тірек плакаттар бойынша қысқаша мазмұндау, 
мұнда материалды «блоктық қабылдау» жүреді; 
3-ші кезең - оқушылар тірек сигналдары бар беттерді (тірек 
плакаттардың кішірейтілген көшірмелері) мұғалімнен алып танысады, өз 
альбомдарына желімдейді; 
4-ші кезең – оқулықпен және үй жағдайында тірек сигналдары бар 
бетпен жұмыс; 
5-ші кезең – келесі сабақта тірек сигналдарды жазбаша еске түсіру; 
6-шы кезең - жолдастарының ауызша жауабын тыңдау (тақта 
алдыңда немесе орнынан). 
Шаталовтың әдістемесі бойынша жаңа сабақты түсіндіру кезінде 
оқушылар ешнәрсе жазбайды, тек тыңдайды (психолоттардың зерттеу 
қорытындылары бойынша қос кабаттасқан психологиялық іс-әрекет 
тиімсіз). Осы әдістемемемен орта және жоғары сыныптарда жаңа 
тақырыпты мазмұндаудан соң бұл материал бойынша жаттығулар 
шығарылмайды, ал бұрынғы өткен материалдан – қанша болса да рұхсат.
Өткен тараулар материалынан – қалағандарынша, ал жаңа тақырып 
бойынша ешнәрсе, жаңа сақбақты екі рет мазмұндау принципін енгізгеннің 
өзінде іс жүзінде әр оқушының жаңа тақырып бойынша жаттығуларды 
толық қабылдауы мүмкін емес. 
Психологиялық тұрғыдан қарағанда, оқулық мәтінін мұғалімнің 
мағыналық өңдеу тәсілдерін қалыптастыруды, тірек сигналдарды 
оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру кұралдары мен 
мнемотехника тәсілдері ретінде қолдануды оқушылардың ой еңбегі 
мәдениетінің жалпы әдістерін дамыту деп қарастыруға болады. 
Ж.А.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» білім беру 
технологиясы – нәтижеге бағытталған білім беру құралы. 
Деңгейге бөліп оқытудың тиімділігі: біріншіден, оқушының 
психологиялық танымы, екіншіден, теориялық дайындығы есепке алынуы 
тиіс. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім мұғалім оқушының нені 
меңгергенін, нені меңгермегенін біледі. Соның нәтижесінде оқушыда 
намыс оты оянады, басқалардан қалып қалмауға тырысады. Бұл 
технология біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға 
көмектеседі, өйткені ол оқушының ойлау қабілетін, ынтасын, белсенділігін 
көтереді. Әр оқушының оқушылық деңгейде білім алуына мүмкіндік 
береді. «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» педагогикалық технологиясы 
оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға 
бағытталған. 


58 
«Үш өлшемді әдістемелік жүйе» білім беру технологиясының 
мақсаты: 
-Мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті 
білімді өзі білуі; 
-Тиімді шешімді табуға үйренуі; 
-Оқу, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез-келген жағдайда шешуі; 
-Ішкі өзіндік қажеттілігін қанағаттандыратыны; 
-Әлемдік білім кеңістігінде көріне алатыны; 
-Шығармашыл іс-әрекет жасай алатын жеке тұлға қалыптастыру. 
«Үш өлшемді әдістемелік жүйе» білім беру технологиясының 
ерекшелігі: 
Оқушы білімі анық бағаланады. Белсенділігі артады. Ой еңбегі 
жетіледі. Белгілі бір нәтижеге жеткенін іштей сезеді. Өзіне-өзі деген 
сенімділігі артады. Өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға тәрбиелейді. 
Шығармашылық деңгейге дейін жетуге ұмтылады, қызығушылығы артады. 
Зер сала қарасақ, оқушының білімді қабылдау деңгейі сыни баға беруге 
дейін көтеріледі. Технологияның тиімділігі мен ерекшелігі де осында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет