3. ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ
ЖӘНЕ ОНЫҢ
ОБЬЕКТИВТІ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы дамыған 50 елдің
қатарына қосылуы туралы алға қойып отырған игі мақсаты - еліміздің
әрбір азаматының, әрбір сала маманыңың киелі міндеті де болып саналады.
Ал білім беру саласына қатысты айтатын болсақ, бұл мәселе тіптен
өзекті бола түспек өйткені, жоғары тиімділікпен білім беру арқылы ғана
болашақ азаматтарымыздың дүниежүзілік жоғары даму көрсеткіштеріне ие
болып отырған елдердің деңгейіне өсуге деген ынтасы мен ықыласын
қалыптастыра, жетілдіре аламыз.
Қазіргі кезде өмірдің барлық дерлік деңгейі мен саласында болып
жатқан динамикалық өзгерістердің түбі адамның жағдайын әлеуметтік-
экономикалық жағынан жақсартуға бағытталған.
Жас жеткіншектерге бүгінгі күн талабына сай білім мен тәрбие беру
ісі педагогикалық мамандарға үлкен жүк артады. «Тәлім - тәрбие мен
оқыту ісінің нәтижесі әрекеттерден гөрі мұғалімдерге көбірек тәуелді», -
деген Ы.Алтынсариннің көрегендікпен айтқан пікірінің қазіргі уақытта да
маңызды болып отырғаны да осының айғағы.
Білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту
үрдісін озық технологиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді.
Осы тұрғыда оқытудың жаңа техиологияларын жете меңгеріп, оны
білім алушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды
қолданудың мәні ерекше.
Жаңа технологияны жетік меңгеру сонымен катар оқытушының
интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да
көптеген адами қабіленің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, яғни өзін - өзі
дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі
Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген
әдістемелердің қолданылып жүргендігі мәлім. Мысалы, Д.Б.Эльконин,
В.В.Давыдовтардың «Дамыта оқыту» Ж.Қараевтың «Деңгейлеп саралау»
техналогиясы М.М.Жанпейсованың «Модульдік оқыту» техналогиясы
«Сорос- Қазақстан » қоры арқылы келген «сын тұрғысынан ойлауды оқу
мен жазу арқылы дамыту» техналогиясы т.б
Педагогикалық техналогия білім алушылардың жеке басын дамыту
мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметінің, іс -
әрекетінің жүйелі дамып, отыратын жобасы ретінде білім алушы
белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, білім алушы белсенділігінің артуы
оны шығармашылыққа жетелейді.
Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін.
Біздің міндетіміз – білім алушыға оның бойында жасырынып жатқан
мүмкіндіктерін ашып көрсету.
34
Қазіргі таңда оқытушының алдыңда тұрған басты мақсат білім
алушыға тек сапалы білім берумен ғана шектелмей, оны келшек өмірге
дайын азамат ретінде қалыптастыру болуы керек.
Кеңестік кезеңде қалыптасқан дәстүрлі сабақ беру үрдісінде бұл
мақсатқа жету қиын немесе мүмкін емес. Қазіргі заман талабы оқу - тәрбие
үрдісін түбегейлі өзгертуді талап етіп отыр. Осы орайда тәжірибелі
педаготтарын озык тәжірибесінде нәтиже беріп отырған жаңа оқыту
техлологияларының бірі - педагогикалық шеберхана осы мақсатқа
жетудегі бірден - бір тиімді жол болып табылады.
Шеберхана – білім алушының топтағы іс-әрекетін жаңаша
ұйымдастыру тәсілі. Шеберхана білім алушыға тек оқу орнындағы пәндік
ғылымды білдіріп қана қомайды, сонымен бірге нақты білімнің қалыптасу
жолын, тәсілін түсіндіреді.
Педагогикалық шеберхана технологиясы оқытушыдан шеберхана
өткізбестен бұрын дайындықты, жан - жақты ізденісті талап етеді. Ал
шеберхана барысында оқытушы тек бағыт - бағдар беруші, бақылаушы
рөлінде болады.
Шебер - оқушының өзіндік әрекетіне көмекші жетекші болып
табылады. Шеберхананы құрушы шебер қағидасы - оқушы әрекетінің
еркіндігіне, оның тұлғалық ерекшелігіне; ой талғамына құрметпен қарауға
негізделеді.
Педагогикалық шеберлікті бастамас бұрын ен алдымен ұйымдастыру
кезеңіне қатты көңіл болу керек. Ұйымдастыру кезеңі дұрыс
ойластырылып, өткізілсе кез келген сабақ нәтижелі болады. Ең алдымен
білім алушыларды психологиялық дайындықтан өткізу қажет.
Жаңа оқыту технологияларының ішінде компьютермен оқыту
технологиясының орны ерекше болады.
Барлық дерлік оқыту технологияларының көздеген мақсаты -
оқушылардың өз бетімен білім алуы және білім іздеу дағдыларының
қалыптасуы десек, компьютерлік оқыту технологиясының осы мақсатқа
лайықталғанын көру қиын емес.
Компьютерді оқу барысында оқушының қолдануы дегеніміз -
оқушының
жеке
басына
көп
байланысты
болатын
ерекше
психофизиологиялық үрдістің өтілуі.
Компьютердің жүздеген мүмкіншіліктерін қажетті тетіктер арқылы
басып үйренген білім алушы, бір жағынан, қазақ тілінен белгілі бір білім
мазмұның игеріп жатады десек, екінші жағыман, жасанды интеллектімен
"тіл табысып" жататыны анық.
Ал түпкі мәнінде, оқытушының итермелеуі немесе жөнсіз жетелеуіне
иек артпай, білім алушының өз бетімен жұмыс жасау дағдылары жетіледі.
Компьютермен оқыту – білім алушыны субьект дәрежесіне
көтеретін, жеке тұлға ретінде дамытуға игі ықпал ететін, оқушының өз
бетімен білім іздеуіне мол мүмкіншіліктер табатын білім беру әрекеті
болып табылады.
35
Компьютермен оқыту технологиясындағы оқытушының оқыту
қызметін негізінен, мынадай деп қарастыруға болады:
- талдау - болжау қызметі;
- жобалау қызметі;
- коммуникативтік қызметі;
- дидактикалық қызметі;
- бақылау - түзету қызметі;
- психологиялық демеу болу және ұйымдастырушылық қызметі.
Компьютермен оқыту технологиясында білім алушының өз бетімен
білім іздей алуы - көзделетін негізгі нысан ретінде қойылады.
Компьютермен оқыту барысында білім алудың жасанды сипатын барынша
табиғи қылуға жағдай жасалынады.
Мектептерде компьютерлік технологияны қолданудың негізгі
жолдарына баға бере отырып, «Жас балаларға компьютердің қанша қажеті
бар?», - деген сұрақты айналып өту еш мүмкін емес.
Осы мәселе бойынша пікірлер алуан түрлі. Бірқатар ұстаздар кіші
сыныптарда компьютерді қолдану тек балалардың назарын басқаға
аударады деп санайды. Ал екіншілері компьютерді тұрақты пайдалану
бара - бара оқушылардың, екі санды қоса алмайтын, қарапайым мәтінді
оқи алмайтын жағдайына жеткізеді деген қауіп білдіреді.
Компьютер мектептегі лингафон кабинеттері немесе сыныптағы
теледидар сияқты болғандықтан, білім беру мен оқу үрдісіне айтарлықтай
зияны жоқ деген пікірлер де бар.
Компьютерлерді білім ордасының оқыту мазмұнына енгізуге қарсы
салмақты аргументтің бірі - ақпараттық технологияның екпіндеп дамуы
мектеп бағдарламасының үнемі жаңартылып отырғанына қарамастан
оның созылмалы аурудай артта қалуына әкеп соқтырады деп санайды.
Біз оқу орындарының ақпараттық ғасырға бейімделуден басқа жолы
жоқ , ал есептегіш техникалармен танысу соның бір ғана бөлігі, -
деушілерге толық қосыламыз.
Информатиканың негізгі ұғымдарын ерте бастан оқытудың
қажеттігін мынадан-ақ көруге болады: білім берудің алғашқы кезеңінде
информатиканың
әдістерін
меңгерген
оқушы мектептің қалған
сатыларындағы білім алуда ( атап айтқанда, түрлі пәндердегі сабақтарда)
компьютерді пайдалану дағдысын меңгереді.
С.Пейперт, Ю.Первиннің еңбектеріндегі «информатика курсы»
түсінігі аясында «Информатика» деп аталатын пән жайында емес
мектептің барлық пәндеріне кіріп кеткен информатика ұғымдары мен
тұжырымды құрылымдарының әдіс – тәсілдері жайында айтылатындығын
байқау қиынға соқпайды.
Ю.Первин және оның әріптестерінің жеткіншектерге ерте жастан
информатикадан дәріс беру жөніндегі тұжырымдарын қорыта келіп,
мынадай пайымдаулар жасауға болады:
36
Біріншіден, жалпы білім берудің информатиканы оқытудағы басты
мақсаты ойлаудың операциялық стилін қалыптастыру болса, ол
орындалды.
Екіншіден, бастауыш мектепте информатика курсын өткізу көптеген
пәндер бойынша мектептің оқу бағдарламасын айтарлықтай өзгертуге
алып келеді.
Бұл жерде мынаны ұққан жөн: «информатика» мектеп пәндерінің
бірде - бірін алмастыра алмайды, сонымен бірге мектеп пәндерінің жалпы
жүйесіндегі оқулықтарының бірде – біреуінің рөлін атқара алмайды.
Информатиканы ерте жастан оқытудың мүмкіндігі мен мақсаты
әлемдік эксперимент арқылы да, зерттеу нәтижелерімен де нақтылана
түседі. Осыны назарға алған В.Буциктің зерттеулеріндегі ерте жас
кезеңіндегі
оқушыларға
компьютерлік
сауаттың
алғашқы
эксперименттерін беріп қою жеткіліксіз, оларға компьютер негізінен
бастауыш білім және түбірлі түсініктер негізіндегі іс - әрекет әдіс тәсілдері
жөнінде нақты сауат беру жайы айтылады.
Атап айтқанда, В.Буцик кіші мектеп жасындағыларға бастауыш
компьютерлік сауат берудің мынадай әдістемесін ұсынады: бірінші және
төртінші сынып аралығында сызбалық және мәтіндік редакторлардың
көмегі арқылы орындалатын тапсырмаларды біртіндеп күрделендіріп беру,
яғни ақпаратты өңдеу, ақпаратты сақтау, ақпаратты беру салаларынан
компьютердің мүмкіндіктері жөніндегі түсінік пен сауат қалыптастыру.
Сонымен қатар Е.Смирнов та өзінің тұжырымдамасында мынадай
негіздерді енгізе отырып, әдістемелік жүйе ұсынады.
1.
Мектепте
компьютерді
қолданудың
басты
мақсаты
дүниетанымдық және жалпы мәденилік сипатта болуы, баланың тұлғасы
мен ойлауын дамытуға бағытталуы тиіс.
2. Оқытудың мазмұны мен әдістемесі оқушылардың теориялық
ойлауын дамытуы қажет етеді. Дәстүрлік әдістеме эмпирикалық ойлауды
ғана дамытуға бағытталған.
Е.Смирнов пікірінің В.Буцик пайымынан айырмашылығы мынаны
аңдатады: «информатика» шеңбері аясында барлық пәндерді оқыта
отырып, соңында информатиканы бөлек курс ретінде бөліп алу қажеттігін
дәлелдейді.
Тәжірибелік тұрғыдан қарағанда , кіші мектеп жасындағыларға түрлі
пәндерді оқытуда компьютерді оқыту құралы ретінде қосалқы көмек үшін
қолданудың мүмкіндіктерінің қарастырылғаны жөн.
Қазіргі уақытта кіші мектеп жасындағыларды оқыту үшін
компьютерді пайдалану жөнінде бірнеше бағытты айтуға болады, олар:
- информатика элементтерін оқыту;
- нақты пәнді оқытуда әдістемелік жүйені түбегейлі өзгеріске
ұшыратуға соқтырмай,компьютерді бесаспап құрал ретінде пайдалану;
37
- кіші мектеп жасындағыларда компьютерлік сауаттың жекелеме
элементтерін ғана емес, информатиканың бастауыш білімін, іс әрекетіндегі
әдіс
- тәсілдері жөніндегі негізгі түсініктерді қалыптастыру (компьютер
құрал емес, оқыту арқылы меңгерілетін пән).
Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді
ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызда жиі
кездеседі. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми -
техникалық үрдіс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің
нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттік интеллектуалды түрлерінің жан -
жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарылауына байланысты объективті үрдіс.
Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін
тездетеді. Бұл үрдістегі негізгі мәселе: білім берудің мазмұны мен
мақсатын өзгерту болып отыр.
Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың
негізгі талаптарының бірі - оқу үрдісіне элекрондық оқулықтарды енгізу.
Өйткені, бүгінгі тандағы білім беру саласында тек мұғалімнің
айтқандарын орындау немесе оқулықты пайдалану заман талабын
қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру коғамында
электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Оқу материалдарын ұтымды игеруде электрондық оқулықтардың
атқаратын рөлі зор. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар
кеңінен беріліп, түсіндіріледі.
Теориялық материалдар. илюстрация түріндегі әр түрлі суреттер,
сұлба тәсілдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық білімді
оқып, көзбен көріп, түйсіну және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта
өтеді және материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.
Электрондық
оқулықтар
-
ғылыми
негізде
дайындалған
педагогикалық ақпараттық өнім.
Электрондық оқулық дайынаудың тұжырымдық негізі оқытудың
педагогикалық. теориясы болып табылады. Сонымен қатар электрондық
оқулық дайындаудың педагогикалық, ұстанымдар жүйесі оқытудың
дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Электрондық, оқулықтармен жұмыс
істеу әрбір білім алушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып
үйрену ісін жеке дара жүргізуге жол ашады.
Электрондық оқулық - оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын
қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау,
модельдеу, тестілеу, т.б. бағдарламалардың жиынтығы.
Электрондық оқулықтардың өте тиімді қосымша мүмкіндіктері бар,
атап айтқанда:
- кері байланысты тез арада қамтамасыз етіледі және оқулықтағы
ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса, электрондық
оқулық қажетті оқулықты табуға тез мүмкіндік береді;
38
- гипермәтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуге
көмектеседі.
Ең бастасы, электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге
келтірген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық
оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген
жөн:
- белгілі бір пәнге байланысты дайындалтын электрондық
оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;
- электрондық, оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен
тақырыптарға қатысты дәріс мәтінін қамтитын негізгі зертханалык және
тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалға
қатысты анықтама, библиогрофиядан тұратын көмекші, аралык, және
корытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест тапсырмалары,
материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімі бөлімдерін
қамтуы;
-
электрондық
оқулықтың
кәдімгі
оқулықтар
мазмұнын
қайталамауын, яғни, берілетін тақырыпқа катысты ақпараттың нақты әрі
қысқа берілуін ескеру;
- белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық
болмауы.
Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық. бетті қамтитын болса, онда
экрандағы жылжыту сызықтарын көп пайдалануға тура келеді. Мұның өзі
пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғыры -
төмен, оңға - солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да
әсер етеді.
Сондай - ақ кейбір пәндерге, атап айтқанда, физикаға, химияға,
биологияға қатысты үрдістерді анимация арқылы көрсету, тіпті
кинофильмдер мен диафильмдер үзінділерін сақтап, оларды гипермәтінді
формат арқылы электроңдық оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік
әдістемелік деңгейін арттырады.
Электрондық оқулықты құруға қолданбалы бағдарламаны қолдануға
болады. Қолданбалы бағдарлама арқылы презентация жасауға мүмкіндік
бар.
Презентация дегеніміз - баяндама жасау, ғылыми ұсыныс жасау,
диплом немесе курстық жұмысты қорғау, бизнес - жоспарды немесе
техникалық ұсынысты талқыға салу, сонымен бірге қандай да бір қызмет
түрін ұсыну.
Кез келген жаңа идеяны немесе өндірілген өнімді ұсынуда
презентацияның атқаратын рөлі зор. Біздің мақсатымыз — презентация
даярлаудың техникалық құралымен таныстыру. Презентация өтізуде
көрнекі құралдар (графиктер, диаграммалар, фотоматериалдар) кеңінен
қолданылады. Қазіргі дербес компьютерлердің мүмкіншіліктерінің артуы
оны презентация даярлау құралы ретінде пайдалану қажеттілігін туғазды.
39
Бүгінде интернетте автоматты режимде жұмыс істейтін көптеген
презентацияларды көруге болады. Екінші жағынан алғанда, презентация
деп айрықша мәтінді электрондық құжатты айтады. Ол өзінің
мультимедиялық мазмұны мен құжатты экранға шығаруды басқарудың
мүмкіншіліктерімен ерекшеленеді.
Құжатты экранға шығару автоматтандырылған, интерактивті және
қашықтықтан оқыту түрінде өтеді, тектес құжаттарды арнаулы
бағдарламалық құралдардың көмегімен дайындайды.
Презентация даярлаудың автоматтандырылған құралдарының бірі -
MICROSOFT OFFICE кестесімен бірге қойылатын Місrosof Power Point
қолданбалы бағдарламасы болып табылады.
Бұл презентацияны даярлау мен безендіруге арналған әмбебап құрал,
ал құралдың көмегімем дайындалған жұмысты оның кез келген кезеңінен
көрсетуге болады.
Роwer Роіnt-тағы кез келген құжат слайд деп аталатын жеке алынған
кадрлардың жиынтығынан тұрады. Презентациядағы слайдтардың саны
көп бола береді. Құжаттағы әрбір слайдтың өзінік жеке нөмірі болады,
слайд құрылғанда ол бірден міндетті түрде нөмірленеді.
Құжаттағы слайдтар сызықта тізбектеле орналасады. Слайдтарды
жою, кірістіру, орын ауыстыру немесе көрсету олардың сызықтық
құрылымын бұзбайды.
Слайдтар әр текті нысаңдардан тұрады.
Слайдта орналастырылатын барлық, нысандар Роwег Роіпt ішкі
құралдарымен де, сонымен қатар сыртқы қолданбалы бағдарламаларда да
құрылып, безендірілу мүмкіндігіне ие.
РОWER POINT бағдарламаcында презентацияны даярламас бұрын
оның мазмұнды бөлігі дайын болуы қажет.
Компьютер автор үшін презентацияның мазмұның, мақсатын,
құрылымын анықтай, алмайды, ол тек идеяларды жүзеге асыруда
колданылатын техникалық құрал болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |