Өзін - өзі тексеру және бақылау сұрақтары
1. Инновацияның мәні неде және оның қажеттілігі қандай
себептермен түсіндіріледі?
30
2. Оқушылармен жұмыс істеудің жаңа үлгілері мен тәсілдерін енгізу
және қабылдау неліктен туындайды?
3. Қай ғалымдардың пікірлерінше, педагогикалық инновация
мемлекеттік білім ұйымдарының жасап, жүзеге асырған жаңалығы емес,
білім беру және ғылым жүйесінің ұйымдары мен қызметкерлері жасаған
жаңалықтар болып табылады делінген?
4. Білім беру мекемелерін жабдықтау педагогикалық инновацияға
жата ма?
5. Педагогикалық технология ұғымын қалай түсінесіз?
6. Педагогикалық технологияны дамыту үшін оны қайда пайдалану
қажет?
7. Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру
деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен
салмағы не арқылы анықталады?
8. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері қандай?
9. Оқу орындарында жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік - сынақ
жұмыстардың басты міндетін қалай түсінесіз?
10. Педагогикалық технологиялар қандай кластарға бөлінеді?
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
1. «В.Шаталовтың қарқынды оқыту (тірек сигналдарын пайдалану
арқылы) технологиясы» тақырыбында баяндама жасаңыз.
2. Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың бірлесе жасаған
«Дамыта оқыту жүйесі» туралы конспект жасаңыз.
3. «В.М.Монаховтың модульдік технологиясы» тақырыбында
реферат дайындаңыз.
Білімді бағалауға арналған тест сұрақтары
1. Инновацияның қажеттілігі қалай анықталады?
А) сыртқы себептермен
Б) ішкі себептермен
С) қаржыландырумен
Д) мониторингпен
Е) білім беру жүйесімен
2. Білім беру үрдісінің педагогикалық сұрыпталуының негізі қалай
қалыптасады?
А) осы саланың қызметкерлері арқылы
Б) оқушылардың білімі арқылы
С) оқулықтар арқылы
Д) дәрістер жинағы арқылы
Е) оқушылар арқылы
31
3. П.Друкер негізгі шарттарды анықтауға тырыса отырып, адам
тәжірибесінің толық көрінісін қандай еңбегінде суреттейді?
А) «Инновация және кәсіпкерлік» деген кітабында
Б) «Білім берудегі жаңарту» деген кітабында
С) «XXI ғасыр білімі» деген кітабында
Д) «Педагогика» деген кітабында
Е) «Педагогикалық технология» деген кітабында.
4. Педагогикалық жүйе ұғымын қалай түсінесіз?
А) дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, белгілі - бір мақсатқа
жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыру
Б) оқу орындарында жүйелі сабақ беруді ұйымдастыру
С) оқушылардың білімін жүйелі ұйымдастыру
Д) оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынасын жүйелі
ұйымдастыру
Е) оқушылардың білімін жүйелі ұйымдастыру.
5. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері қандай?
А) қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту
үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру
Б) қойылған мақсатқа жету
С) оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру
Д) оқу орындарында жүйелі сабақ беруді ұйымдастыру
Е) оқушылардың білімін жүйелі ұйымдастыру
6. Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың бірлесе жасаған
«Дамыта оқыту жүйесі» неше ұстанымнан құралады?
А) бес
Б) төрт
С) үш
Д) екі
Е) бір
7. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің басты
міндеті қандай?
А) жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру
Б) қойылған мақсатқа жету
С) оқу орындарында жүйелі сабақ беруді ұйымдастыру
Д) оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру
Е) оқушылардың білімін жүйелі ұйымдастыру
8. Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты қандай?
А) талап ету педагогикасынан қарым - қатынас педагогикасына көшу
Б) қойылған мақсатқа жету
С) оқу орындарында жүйелі сабақ беруді ұйымдастыру
Д) оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру
Е) оқушылардың білімін жүйелі ұйымдастыру
9. Мәселелік оқыту технологиясының негізгі мақсаты қандай?
32
А) оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және
шығармашылық икемділіктерін дамыту
Б) қойылған мақсатқа жету
С) оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру
Д) оқу орындарында жүйелі сабақ беруді ұйымдастыру
Е) оқушылардың білімін жүйелі ұйымдастыру.
10. Модельдік оқытудың өзегі не болады?
А) оқу моделі
Б) оқу бағдарламалары
С) жаңа кітап жазу
Д) дәрістер жинағы
Е) жұмыс жоспары
|