Технологиялар


 ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет18/29
Дата21.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#154345
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Байланысты:
Технология китап

6. ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
Адамзат баласы ХХІ ғасырға аяқ басқаннан ақпараттық технология 
мен телекоммуникация құралдарының жедел түрде дамып, әлемде 
ақпараттың жыл сайын еселеніп өсуді салдарынан білім және 
технологияның жаңа салалары қарқынды дами бастады. Жаңа ғасыр 
адамзаттан оның кәсіби қызметіндегі барлық өзгерістерді біліп, үнемі білім 
деңгейін жетілдіріп отыруды, қажет болса өз қызметіне жақын, тіпті жаңа 
мамандықты игеріп отыруды талап етеді.
Орта 
мектепте 
оқушылар 
білімдерінің 
негізі 
қаланатын 
болғандықтан, олар жан-жақты білімді болу, әлемде болып жатқан 
өзгерістерден тыс қалмау үшін, ауқымды желіге қосылу, қажетті 
ақпаратты іздеп табуға дағдылануы, ақпараттарды қажеттілігіне қарай 
қолдана алуды үйренуі тиіс.
Қазақстан Республикасының білім туралы заңына сәйкес, біздің 
елімізде жоғары білім беру (оқыту) күндізгі, кешкі, сырттай және 
экстернат нысандарында жүзеге асырылады. 
Қашықтықтан оқыту - оқытушының білімгермен оқыту құралдары 
арқылы итерактивті қарым - қатынас әрекет үрдісін ұйымдастыруға 
мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық - педагогикалық технология. 
Қашықтықтан білім беру жүйесі - білім алушы мен педагог қызметкердің 
жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимыл кезінде 
ақпараттық және телекоммуникациялық құралдары қолдана отырып 
жүзеге асырылатын оқыту. 
Қашықтықтан білім беру жүйесінің жұмыстары -ҚР Білім және 
ғылым министірінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі No169 бұйрығымен 
бекітілген «Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары 
бойынша ұйымдастырудың Ережесі» және ҚР Білім және ғылым 
министірінің 2009 жылғы 4 маусымдағы No266 бұйрығымен бекітілген 
«Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқытуды ұйымдастыру» 
стандартына негізделеді. 
Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары төмендегідей болып 
табылады: 
- кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар; 
- кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады; 
- оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық
- технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, 
білімгерлер мен оқытушылар арасындағы белсенді сұхбат, оқу ақпаратына 
мүмкіндік беру; 
- білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына және 
материалдық жағдайына қарамастан тепе - тең дәрежеде білім алуға 
мүмкіндігі бар. 
Бүгінгі таңда оқу үрдісін қашықтықтан білім беру технологиялары 
бойынша ұйымдастыру, мамандықтардың жоғары білімнен кейінгі 


79 
бағдарлама бойынша оқытылатын топтарында тәжірибе өткізу ретінде 
жүргізілуде. 
Бүгінгі күніде әлемнің қай түкпірінде болса да, ауқымды желі болған 
жағдайда өз бетінше білім алуға мүмкіндік беретін, ізденуді қажет ететін 
ерекше жүйе «Қашықтықтан білім алу жүйесі» мүмкін болып отыр.
«Қашықтықтан білім алу» әр адамның өзіндік жеке қажеттілігін 
ұғынуға, өзіне қажетті білімді іздене отырып үйренуге мүмкіндік береді. 
Қашықтықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып 
үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте 
оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді
қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен 
бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс 
істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология.
Қашықтықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық 
технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру 
үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, 
күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып 
табылады. 
Қашықтықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте 
бойынша өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың 
арнайы құралдары жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және 
қарапайым пошта, телефон арқылы оқытушылармен келісілген байланыс 
жасауына, сонымен қатар, күндізгі бөлімде де мүмкіндігі болатын, оқып 
үйренушінің мақсатқа бағытталған және бақыланатын қарқынды өзіндік 
жұмысы құрайды. 
Қашықтықтан оқыту білім жүйесі жоқшылыққа, географиялық 
немесе уақытша оқшаулануға қатысты себептермен, әлеуметтік қорғаны 
жоқ және дене бітімі жетілмеуіне байланысты білім мекемелеріне бару 
мүмкіндігі жоқ немесе өндірістік және жеке жұмыстары болу себебінен, 
ешкімнің оқуға мүмкіндігін шектеуге болмайды деген гуманистік 
қағидаларға жауап береді. 
Қашықтықтан білім беру –жаңа ақпараттық технологиялар мен 
мультимедиялық жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі - сырттай, кешкі 
және сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген түрі. 
Қазіргі 
замандағы телекоммуникациялық және электронды 
басылымдар дәстүрлі оқыту түрінің барлық құндылықтарын сақтай 
отырып, кемшіліктерін жеңіп шығуға мүмкіндік береді. 
Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері классикалықпен қатар 
салыстыру бойынша мынандай жетістіктерге ие: 
- Жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі; 
- Икемділік (оқытудың уақыты, орны, көлемі және қимылы 
бойынша); 
- Жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі; 
- Оқу ақпаратына қол жеткізу ,оны жедел жаңарту; 


80 
- Экономикалық (оқу алаңы, транспорты, техникалық құралдардың 
шығынын қысқарту есебінен); 
- Жаңа технологияларды қолдану; 
- Оқып үйренушілердің әлеуметтік құқығының теңдігі (олардың 
тұратын жерлері мен денсаулық жағдайына қарамастан); 
- Барлық елдегі ақпараттық – оқыту ресурстарының шығысы мен 
кірісі; 
- Материалдарды көбейту мәселелерінің жоқтығы, оларды тарату 
ыңғайлылығы; 
- Оқып үйренушілердің өз - өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету. 
Ақпараттық технологиялармен оқытудың айрықша тиімділігі, 
қашықтықтан оқыту үрдісін автоматтандыру үшін, барлық қажетті 
компоненттерді шоғырландырушы қашықтықтан оқытудың арнайы 
ақпараттық жүйесі бағдарламаларын қолдану болып табылады. 
Қашықтықтан оқыту – оқытушының білімгермен оқыту құралдары 
арқылы интерактивті қарым - қатынас әрекет үрдісін ұйымдастыруға 
мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық - педагогикалық технология (ереже 
бойынша компьютерлік техника).
Қашықтықтан оқыту артықшылықтары төмендегідей болып 
табылады: кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар; 
кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады; оқу үрдісінде ақпараттық және 
телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалана 
отырып, білімгерлер мен оқытушылар арасындағы белсенді сұхбат, оқу 
ақпаратына мүмкіндік беру; білім алушының мекен жайына, денсаулық 
жағдайына, элитарлық және материалдық жағдайына қарамастан тепе - тең 
дәрежеде білім алуға мүмкіндігі бар.
Қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалана білім беру үрдісінің 
негізіне арнайы жасалған оқу-әдістемелік материалдармен білім 
алушының мақсатты және бақыланатын өзіндік жұмыс жасауы алынған. 
Қашықтықтан оқытудың компонеттері мен әдістемелік тәсілдері оқытуды 
мүмкіндігінше ыңғайлы және тиімді етуге бағдарланған. 
Оқу орындарында да қашықтықтан оқыту жүйесі қазір қарқындап 
дамуда. Басқа оқыту жүйелерімен салыстырғанда, бұл өте маңызды, 
пайдалы оқыту жүйесі болып табылады. Сонымен қатар демократиялық 
оқыту жүйесіне жатқызуға болады, себебі кез - келген адам осы жүйенің 
арқасында салыстырмалы түрде аз ғана материалды жұмсау арқылы өзіне 
мамандық ала алады, біліктілігін көтере алады, өзінің білімін жаңа білім 
орталықтарымен толықтыра алады. 
Қашықтықтан оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – жеке адамды 
интеллектуалды дамыту, ақпаратпен жұмыс жасай білуге үйрету және 
оның ерекшелігі – ол өзіндік оқыту жүйесіне жатады. Себебі мұғалімнің 
мұнда сабаққа қатысуы міндетті емес. Яғни оқушы бейнекассеталармен, 
компакт дискілермен жұмыс жасайтын бағдарламалармен сабақ өтеді. 
Бұдан педагогикалық жүйенің ешбір мәні өзгермейді. Тек айырмашылық – 


81 
оқытушымен оқушының арасындағы алшақтық. Бұл жүйеде басқа білім 
беру жүйесіндегі сияқты барлық компоненттер қарастырылады (мақсат, 
тапсырмалар, мазмұны, әдісі, оқыту құралдары), бірақ олар арнайы 
интернет – технология құралдары арқылы жүзеге асады. 
Қашықтықтан оқыту бұл – оқытудың сырттай, күндізгі түрлерімен 
қатар келе жатқан оқытудың жаңа түрі. Оқытуда, адамды тәрбиелеуде 
қандай форма қолданылса да, ол педагогика ғылымының заңдылықтарына, 
педагогикалық психологияға сай болу керек. Сондықтан қашықтағы 
педагогиканы ғылым орталығынынан бөлек қарастыру дұрыс емес. 
Қашықтықтан білім алу немесе оқыту ол базалық және қосымша болуы 
мүмкін (қашықтағы семинарлар ұйымы, конференциялар, олимпиадалар). 
Егер қашықтықтан оқыту жүйені өзіндік жүйе ретінде қарасақ, онда 
логикалық түрде бірегей ақпараттық білім беру жүйесін міндетті түрде 
құру керек деп қорытындылауға болады. Себебі ол барлық мүмкіндіктегі 
электронды ақпарат көздерін өзіне бағындырады: виртуалды кітапханалар, 
әр түрлі мәліметтер қорын, электронды оқыту жүйелері, әдістемелік 
бірігулер. 
Қазір біз біздің елмен, шетел мемлекеттері қашықтықтан оқыту 
жүйесін толық қолдап отыр,- деп анық айта аламыз. Бұдан біз қашықтан 
оқытуды дидактикалық қамтамасыз етуіміз қажет, яғни электрондық 
курстар құру, оқулықтар, оқу жүйесін ақпараттық қамсыздындыру, 
педагогикалық технологияларды өндіру, яғни педогог – координаторларды
немесе тьютор дайындау, оқыту түрлері мен әдістері. 
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары 
бар. 
Кейс технология (ағылшынның case – портфель, оқытуда жасалған 
әдістемелік материалдармен жүзеге асырылады) – қағазды, электронды, 
өзге де жеткізу түрінде және оларды өздік оқитын білім алушылар үшін 
жіберілетін мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдар жиынтығы 
негізінде жинақталған технология. 
Оқытушы - тьюторлардың дәстүрлі және қашықтан кеңес беруді 
ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық 
оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың 
өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген. 
Кейс технологияға арналған материалдардың келесі түрлері бар: 
1. Әдістемелі нұсқаулар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға 
оқу жоспарларындағы пәндер бойынша электрондық тасмалдаушыда (CD-
ROM) оқу әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді 
даярлауда ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай 
әдістер 
оқушылардың 
белсенділігін 
арттыруға, 
шығармашылық 
қабілеттерін арттыруға болады. 
2. Жұмыс дәптері. 
3. Анықтама. 
4. Оқу, аудио, бейне материалдары. 


82 
5. Бақылау және емтихан материалдары. 
Қашықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері: 
- Терминдермен ұғымдарына арналған гипермәтіндік құрылымы; 
- Пайдаланушыға ыңғайлы құрылым – оқытушы матеиалдарды беру 
реті мен бейнелеудің бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу 
материалдарын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр 
түрлі түрде беру мүмкіндігі бар; 
- Кең тараған құжаттар мен дыбыс, анимация, графикалық 
кірістірулер, слайд – шоу пайдаланылады; 
- Оқушы оқулықтың кез-келген бетін баспаға шығаралады; 
- Оқушы оқу материалдарына кез-келген әдіспен қол жеткізе алады 
(Интернет, CD-ROM); 
- Оқулыққа енгізілген білімді тексеру жүйесі бар; 
- Оқулық бетінен интернет ресурстарына қол жеткізуге болады. 
Желілік технология – білім алушылардың оқытушылармен және бір-
бірімен интерактивті қарым-қатынас түрінде, сондай-ақ интернет жүйесін 
колдану негізінде оқу үрдісін басқаруда оқу-әдістемелік материалдармен 
қамтасыз ету технологиясы. 
Оқытудың желілік – технологиясына: 
- Интернет желісін пайдалану; 
- Электрондық поштаны пайдалану; 
- Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану; 
- Мультимедиамен жабдықталған, интернетке шығу мүмкіндігі бар 
желілік компьютерлік класс. 
Электрондық пошта арқылы ақпаратты жоғарғы жылдымдықпен 
жіберу мүмкіндігінің арқасында оқушыға көмек дер кезінде, сұранысты 
алған соң бірден көрсетіледі. интернет көмегімен оқушылармен кері 
байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу қызметін бақылауға, 
бағалауға болады. 
Сонымен қашықтықтан оқыту – оқытушымен оқушының оқыту 
құралдары арқылы интерактивті қарым - қатынас әрекет үрдісін 
ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық -педагогикалық 
технология (ереже бойынша компьютерлік техника). 
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі 
міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын 
басқару болып табылады:
- туындайтын мәселелерді қарастыру;
- мақсат пен міндеттерді қою;
- білім, тәжірибелерді беру;
- ұйымдастыру қызметі;
- білім алушылардың арасында өзара байланысты орналастыру;
- оқу үрдісін бақылау. 
Қашықтықтан оқыту артықшылықтары төмендегідей болып 
табылады: 


83 
- кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар; 
- кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады; 

оқу 
үрдісінде 
ақпараттық 
және 
телекоммуникациялық 
технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, оқушылар мен 
оқытушылар арасындағы белсенді сұхбат, оқу ақпаратына мүмкіндік беру; 
- білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына, элитарлық 
және материалдық жағдайына қарамастан тепе - тең дәрежеде білім алуға 
мүмкіндігі бар; 
Қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалана білім беру үрдісінің 
негізіне арнайы жасалған оқу - әдістемелік материалдармен білім 
алушының мақсатты және бақыланатын өзіндік жұмыс жасауы алынған. 
Қашықтықтан оқытудың компонеттері мен әдістемелік тәсілдері 
оқытуды мүмкіндігінше ыңғайлы және тиімді етуге бағдарланған. 
Жаңа тұжырымдама әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есепке 
ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен жетілдіру арқылы білім беруді 
жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді. Бұл оқушылардың және 
мұғалімдердің өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі 
білім беру бағдарламаларын жасау арқылы іске асырылады. Білім беруді 
жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып оқушылардың 
қазіргі және болашақта қолданылатын ақпараттық - қатынастық 
технологияларды пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын (мүмкіндігін), 
өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін 
қалыптастыру ісі саналады. 
Бұрынға кезде көркем етіп қолмен жаза білудің өзі қартайғанша қам 
жемей тыныш өмір сүруге кепілдік бере алатын еді. Соңғы онжылдықта әр 
түрлі қызмет салаларында технологиялар мен білім түрлерінің 
жаңаруының жылдам үрдіс ала бастағаны байқалды. Мектептен, тіпті 
жоғары оқу орнынан алған білімнің өзі ұзақ уақыт өмірге тірек бола 
алмайды. 
Компьютер балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға 
көмектеседі, әсіресе егер оған үйренуді емес, оны құрал ретінде 
пайдалануды игерсе, яғни ақпараттық - қатынастық технологиялардың 
техникалық жағына ғана қарастырмай, оның танымдық жағына көңіл бөлу 
керек. Мұндайда оны дұрыс пайдаланса, компьютер білімді жетілдіру 
құралы рөлін жақсы атқара алады. 
Компьютер мен оқушының өзара әрекеттесуі қызғылықты үрдіс, ол 
педагогикалық иновацияларда есепке алынып отыруы қажет. 
Педагогиканың негізгі козғаушы күші ретінде барлық тәрбиелік 
әрекеттер негізі ынта болып саналатынын айтқан артық болмас. Өндірісте 
де ынталандыруға байланысты менеджмент ең бағалы ресурсты – 
кадрларды жетілдірудің негізгі құрамды бөлігі болып табылады емес пе? 
Балалар ересек адамдар тәрізді егер оқу нәтижесі ертеңгі күні пайдалы 
болатынына көзі жетсе, оған зор ықыласпен қарап, тез үйренуге тырысады. 
Егер оқу үрдісі дұрыс құрастырылып, компьютер оның жылдам игерілуіне 


84 
көмектесетін болса, оқушылар мақсаттарына жылдам қол жеткізе 
бастайды. 
Мектептерде 
аппараттық, 
телекоммуникациялық 
және 
бағдарламалық жабдықтар аймағында тәжірибелік (немесе арнаулы) емес, 
индустриялық, яғни әрекеттік шешімі бар жұмыстарды енгізуге тырысу 
керек – олар практикалық қажетгілік пен ол істі жалғастырудың 
тиімділігіне кепілдік береді. 
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI 
ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті 
технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып 
табылады. 
Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты жаңа ақпараттық 
технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, қашықтықтан оқыту, 
дара тұлғаға бағыттап оқыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-
тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын 
жоғарылатуды көздейді. 
Президентіміздің ықпал етуі тарапынан Қазақстан Республикасы 
орта білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік 
бағдарламасында «Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері 
сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың нақты жолына түсуі 
тиіс, яғни, бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделіп оқыту 
жүйесін жасау қажет» – делінген.
Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана 
білудің нәтижесінде білімнің базалық мәліметтеріне еркін қол жеткізуге 
болады. 
Қашықтықтан оқыту ақпараттық мәдениет деңгейі дидактикалық 
бағдарламалар білім саласында оқытуды басқару мен бақылауды 
автоматтандыру, оқушыға өз бетінше қайталанбайтын көпнұсқалы, 
көпдеңгейді дидактикалық шарттар негізінде тапсырмалар беру, білім мен 
дағдыны объективті бағалау, ерекше ақпараттық материалдарды 
мультимедиалық формада беру, виртуалды өмірге енгізу т.с.с. жаңа 
мүмкіндіктер ұсынылады. Сонымен қатар, мұндай бағдарламалар 
қашықтықтан оқытудың материалды өз бетінше игеру жетілдірілген 
психологиялық – педагогикалык әдістерді пайдалану, қашықтықтан 
оқытуды оқушыларға жеке психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай 
таңдауға мүмкіндік береді. 
Сондықтан оқушылар өз бетінше жұмыстың техникасымен 
әдістемесін, жоғары деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін 
меңгеруі қажет. Сонымен нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық
құралдармен жұмыс істей білуі керек. 
Келешекте ауқымды желі арқылы оқушылардың, сонымен бірге 
ұстаздардың да білімдерін қашықтан білім алу арқылы жетілдіруге 
мүмкіндік туатынына сенімдіміз және болашақта бағалы нәтиже алатын 
секілді сезінеміз. 


85 
Кез келген қашықтықтан оқыту жүйесіне қажетті, аса маңызды 
сипаттары: 
- Құрылымының ашықтығы. Жүйе ашық жүйе үрдісіне сәйкес 
құрылуы тиіс. 
- Сәйкестілігі. Ақпараттық ресурстарды сақтау форматы сәйкес келуі 
тиіс. Халықаралық стандартты қолдану керек. 
- Кеңейгіштігі. Жүйенің құрылымы модульді болуы керек және 
жүйенің функционалды компоненттерін өсіруге мүмкіндік беру. 
- Жан-жақтылығы. Жүйе көп функциялы және қолданыста жан-
жақты болуы керек. 
- Сенімділігі. Ақпараттар ресурстарын сақтау сенімді болуы керек. 
Мүмкін болатын қауіптер әсерінен ақпараттар жоғалмауы тиіс. 
- Үлестірімділігі. Жүйе әр түрлі желі конфигурациясы жұмысына 
бағытталуы керек (әртүрлі жедел жүйелерді басқаруға негізделген 
Интранет, Интернет) және үлестірілген ақпараттық ресурстарды сақтауды 
қолдауы керек. 
- Масштабталуы. Әр түрлі конфигурация жұмысы үшін жүйенің 
құрылымы масштаб жүйесін өзгерте алуы тиіс. 
- Қолданушының ортақ интерфейсі. Қолданушының интерфейсі 
қарапайым, түсінікті болуы тиіс. 
- Өңдеудің қарапайымдылығы. Өңдеу жылдам және тиімді болуы 
тиіс. 
- Тасымалдануы. Жүйе әртүрлі аппараттық – бағдарламалы 
тұғырнамада жұмыс істеуі қажет. 
- Жүзеге асыруды орындау тәуелсіздігі. Жүйені ақпараттық 
толықтыру оны нақты жүзеге асырудан тәуелді болмауы тиіс. 
- Қауіпсіздігі. Ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіз болуы тиіс. 
- Басқару қарапайымдылығы. Интерфейс басшысы жеткізерліктей, 
қарапайым және ыңғайлы болуы тиіс. 
- Көпмәнділігі. Жүйе бірнеше қолданушылардың сұранысын қатар 
өңдеу керек. 
- Жұмыстың тиімділігі. Жүйенің құрылымы оның аталуын (аты-
жөнін) әдеттегі аппараттық-бағдарламалы тұғырнамасында есінде тұту 
керек. 
Жүйенің кеңінен дамуы үздіксіз оқыту мен ақпараттық ортада жеке 
тұлғаны әлеуметтендіру табысын қажетті мүмкіндіктермен қамтамасыз 
етеді. 
Қашықтықтан оқыту жүйесін құру қағидалары: 
1. Оқытудың адамгершілік қағидасы. 
Оның ішкі мазмұны оқытуға үндейтін және әлеуметтік жинақталған 
тәжірибені оқып үйренушілердің меңгеруі үшін жоғары қолайлы 
шарттарды туғызып, білім беру үрдісіндегі бүтіндей адамға бағытталады. 
2. Қашықтықтан оқыту жүйесінде білім беру үрдісін жобалау кезінде 
педагогикалық көзқарастың басымдылығының қағидасы. 


86 
Бұл аталған қағиданың мәнісі, қашықтан оқыту жүйесін жүзеге 
асыруға болатын көріністердің дидактикалық үлгілерін құрайтын 
теориялық тұжырымдамаларды талдаудан бастау қажет екендігінен 
тұрады. 
3. 
Педагогикалық 
мақсатқа 
лайықты 
жаңа 
ақпараттық 
технологияларды қолдану қағидалары. 
Ол жобалаудың әрбір қадамының тиімділігіне және қашықтықтан 
оқыту жүйесін жасауға педагогикалық баға беруді талап етеді. Сондықтан 
да, ең бірінші жоспарға техниканы енгізуді емес, білім беруге қызмет 
ететін және оқу курстарының сәйкес мазмұнды толықтыруларын қою 
қажет. 
4. Білім беру мазмұнын таңдау қағидалары. 
Қашықтықтан оқыту жүйесінің білім мазмұны ҚР –ның Мемлекеттік
білім беру стандартымен сәйкес келуі тиіс. 
5. Қашықтықтан оқыту жүйесінде таралатын ақпараттардың 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары. 
Ұйымдастырушылық және техникалық тәсілдердің қажеттілігі 
жағдайында керекті мәліметтерді қауіпсіз және құпиялы сақтауды, қолдану 
мен беруді қарастыру, оның қауіпсіздігін сақтау, беру мен қолдану кезінде 
қамтамасыз ету қажет. 
6. Білім беру деңгейінің бастапқы қағидасы. 
Қашықтықтан оқыту жүйесінде тиімді оқыту білім, білік, 
дағдыларының нақты жиынтығын талап етеді. Мысалы, білімгердің 
нәтижелі оқуы үшін, өзіндік оқу еңбегінің ғылыми негіздерімен таныс 
болуы керек, компьютермен және т.б.жұмыс жасай алатын нақты 
дағдыларына ие болуы тиіс. 
7. Оқыту технологиясының сәйкестендіру қағидалары.
Оқыту технологиясы қашықтықтан оқыту үлгілерімен сәйкес болуы 
қажет. Сонымен, дәстүрлі пәндік үлгіде оқытуда ұйымдастыру түрін 
оқыту ретінде дәрістер, семинар және практикалық сабақтарда, боямалы 
немесе іскерлік ойындар, зертханалық сабақтар, өзіндік жұмыстар, 
өндірістік тәжірибелер, курстық және дипломдық жұмыстар, білімдерінің 
меңгерілуін бақылау қолданылады. болу керек, қашықтықтан оқыту жүйесі 
қалыптасу барысында, қажет жағдайда оған қосуға болатын жаңа үлгілері 
пайда болуы мүмкін. Оқытудың ұйымдастырушы түрі қатарындағы осы 
үлгілерінде 
компьютерлік 
конференциялар, 
телеконференциялар, 
ақпараттық сеанстар, телеконсультациялар, жобалау жұмыстары және т.б. 
қолданылатын болады. 
8. Оқытудың ұтымды қағидалары. 
Қашықтықтан оқыту жүйесі жобасы қажетті әлеуметтік және 
экономикалық тиімділік шарты бойынша, егер Бұл білім алушының оқып 
жүрген оқу орнында сәйкес қызмет көрсетулер болмаған жағдайда, қажетті 
бағыттағы өзінің білім беру бағдарламасын түзетуге немесе толықтыруға 


87 
ықпал ететін ақпараттық жүйелерді және қашықтықтан оқыту үшін 
берілген білім базалары мен банктерін құруда жасалады. 
9. Білім берудің қашықтықтан оқыту қолданылатын түрлеріне қайшы 
емес қағидалары. 
Егер жасалған және енгізілген ақпараттық технологиялар жоғары 
білім берудің дәстүрлі жүйесінде бөтен емес элемент болып, яғни оған 
біріктірілетін табиғи бейнеде болса, қашықтықтан оқыту жобасы қажетті 
әлеуметтік және экономикалық тиімділігін бере алады. 
10. Білім берудің алдына шығу қағидалары. 
Бұл оқытудың қағидасы өткен ұрпақтан қалып жинақталған ғылыми 
және мәдени мұраларын кейінгі буындарға жеткізу ғана емес, сонымен 
қатар, қазіргі ұрпақтың өзгеріп отыратын заманға тез бейімделіп, оның 
сана –сезімі мен дүниетанымын қалыптастыруға көмек жасау болады.
Қашықтықтан оқыту жүйесінің типтері: 
Қашықтықтан оқыту типтерін бірнеше көзқарас төңірегінде көрсету 
мүмкін. Қашықтықтан оқыту тағайындау бағдарында білім берудің толық 
масштабтағы және сайланатын жүйесі деп бөлуге болады. Білім берудің 
толық масштабтағы жүйесінде белгілі бір бағыттағы бакалаврларды немесе 
нақты мамандықтың инженерлерін дайындау бойынша оқу жоспарының 
толық орындалуын қамтамасыз етеді. Демек, мұндай жүйеде барлық 
жоспарланған пәндерді оқып үйрену үшін, құралдардың жеткілікті түрде 
(оқулықтар мен оқу құралдары, зертханалық практикумдер, курстық және 
дипломдық жобаларды орындау үшін құралдар) бар болуы қажет. 
Білім берудің сайланатын жүйесі деп аталған шартты жүйесі 
өнеркәсіп қызметкерлерінің біліктілігін жоғарлату үшін, қосымша (екінші) 
жоғарғы білім алу үшін, білім берудің қызмет көрсетулерін 
пайдаланатындарға жеке сауалдарын қанағаттандыру үшін бағытталады. 
Қашықтықтан оқыту жүйесінің әрбір типтерінен оқу үрдісін жабдықтау 
және ұйымдастырудағы ерекшеліктері қатарына қарамастан, орындалатын 
функциялар мен ұқсас тағайындауларының құрылымды компоненттерін 
көрсету керек. 
Қашықтықтан оқыту жүйесінің құрылымына келесі элементтер 
кіреді: 

Оқыту мақсаты. Маманның үлгісімен және мемлекеттік 
тапсырыспен сәйкес қалыптасатын, білім және білік жүйесін оқып 
үйренушілердің меңгеруі. 
- Оқыту мазмұны. Әлеуметтік сұраныстың педагогикалық үлгісі. 
Оқыту үрдісі, әдістері мен ұйымдастыру түрлерінің жүзеге асырылуы 
оның мазмұнымен анықталады. 
- Оқыту объектісі. Қашықтықтан оқыту білім беру қызметін 
пайдаланушылар білім алатын берілген түрінің объектісі болып табылады 
(студенттер, тыңдаушылар, оқушылар және т.б.). Қашықтықтан оқыту 
тыңдаушылары білім алудың дәстүрлі түрі студенттерінен өзгешелігі, 
ерекше қайсарлық, білімге деген құштарлық, ұйымдастырушылық 


88 
көрсетіп, өз бетімен жұмыс істей білу, компьютермен жұмыс істей білу 
және телекоммуникациялық байланыс құралдарымен дағдысы болу керек.
- Оқыту субъектісі. Қашықтықтан оқыту субъектісі оқытушылар 
болып табылады. Оқытушы- қашықтықтан оқыту білім беру үрдісінің 
жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін басты буын. Қашықтықтан оқыту 
оқытушысы іс-әрекетіне тән бірқатар ерекшелік тьютор терминін енгізу 
қажеттілігін туғызды. Ол-кеңес беруші-оқытушы, информатика және 
телекоммуникация іргетасы негізін білетін болу керек, оның білімділігі 
алдыңғы озық сипатта болу керек. 
- Оқыту әдістері. Қашықтықтан оқыту түрі: ақпараттық – ереже 
жиынтығы, 
репродуктивті(дауыс 
күшейткішін 
реттеу), 
мәселелі 
мазмұндау, теориялық зерттеудегі логикалық тәсілдер мен ережелер 
жиынтығы мен зерттейтін жалпы дидактикалық оқыту әдістерінен тұрады. 
Олар оқытушы мен білім алушылардың өзара іс-әрекеті педагогикалық 
актілерінің барлық жиынтығын қамтиды. 
- Оқыту құралдары. Қашықтықтан оқыту білім беру үрдісінде
оқытудың дәстүрлісі қалай қолданылса, компьютерлік техниканы және 
телекоммуникацияны, сонымен бірге білім беру технологиясы 
облысындағы соңғы жетістіктерін қолдануға негізделген инновациялық 
оқыту құралдары да солай қолданылады. 
- Ғылыми – білім материалдық базасы. Оқу бағдарламасына сәйкес 
оқу үшін қажетті материалдық және техникалық құралдар жиынтығы. 
Олар оқу және оқу-көмекші бөлмелері; зертханалық қондырғылар, 
техникалық оқыту құралдары, оқулықтар, оқу құралдары және басқа да оқу 
- әдістемелік материалдардан тұрады. 
- Идентификациялық бақылау жүргізу жүйесі. Қашықтықтан оқыту 
кіретін бақылаудың ерекшелігі абитуриенттің кәсіптік сапалары мен 
қабілеттерінің даму деңгейін бағалау, тиімді құралдар мен оқыту әдістерін 
таңдайтындай, онымен сәйкес әлеуметтік психологиялық бейнесін құру 
болып табылады. 
Қашықтықтан оқытуды іске асыратын білім беру ұйымы оқу 
сабақтарын қолданылатын қашықтықтан оқыту технологиясына сәкес 
бейнедәріс, аудио-дәріс, мультимедиа-дәріс, слайд-дәріс, телеконференция 
мен бейнеконференция; виртуальды зертханалық практикум (мультимедиа 
технологияны, ГИС-технологиясын, имитациялық модельдеуді қолдана 
отырып); тренингтік компьютерлік бағадарлама (оқытатын, ойындық, 
зерттеуші, тестілеуші және т.б), компьютерлік модельдегі сабақтар, 
қашықтықтан қатынау зертханаларында сабақтар, мәтінмен қағаз немесе 
электрондық тасушыларда жұмыс түрінде ұйымдыстырады. 
Электрондық оқу-әдістемелік кешен мыналардан тұрады: 
1. 
Типтік оқу бағдарламасы, жұмыс оқу бағдарламасы; 
2. 
Пәннің 
мазмұны; 
күнтізбелік-тақырыптық 
жоспар, 
қолданылатын әдебиеттер (негізігі және қосымша) тізімі, қашықтан 
өткізілетін кеңес беру кестесі; 


89 
3. 
Дәрістердің электрондық конспектісі; 
4. 
Практикалық және семинар сабақтарының материалдары; 
5. 
Зертханалық практикум (тапсырмалар, мысалдар, әдістемелік 
нұсқаулар); 
6. 
Білімгерлердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар және 
білімгерлердің оқытушы жетекшілік етумен орындалатын өзіндік 
жұмысына берілетін тапсырмалар; 
7. 
Аралық бақылау тапсырмаларын орындауға арналған 
материалдар (бақылау жұмыстары, тестілеу тапсырмалары, дара 
тапсырмалар және басқалар); 
8. 
Қорытынды бақылауды ұйымдастыруға арналған материалдар 
(тестілеу емтихандық тапсырмалар, емтихан сұрақтары, билеттер, 
емтихандық бақылау жұмыстары). 
Қашықтықтан оқыту үлгілері: 
Педагогикалық тәжірибеде танымал оқыту түрлері қалыптасқан. 
Олардың ішіндегі ең кең тарағандары: дәрістер, семинарлар, зертханалық 
жұмыстар, бақылау жұмыстары, емтихандар және т.б. 

Қашықтықтан оқыту дәрістері, дәстүрлі дәрісханалықтан 
айырмашылығы, оқытушымен бетпе-бет қатынасуды болғызбайды. 
Дегенмен, бірнеше артықшылық жақтары да бар. Дәрістерді жазу үшін 
аудио және бейне - кассеталар, CD-ROM дискілерді және т.б. қолданады.
Жаңа ақпараттық технологияларды (гипермәтін, мультимедиа, ГИС-
технологиясын және т.б.) қолдану дәрістерді көрнекі және мазмұнды түрде 
береді. Мұндай дәрістерді кез келген уақытта, кез келген қашықтықта 
оқуға болады. 
- Қашықтықтан оқыту семинарлары оқу сабақтарының белсенді түрі 
болып табылады. ҚО семинарлары бейнеконференциялардың көмегімен 
жүргізіледі. Олар пікірталасқа оның дамуының кез келген жерінде кіруіне 
мүмкіндік береді және бұдан бұрынғы айтылған сөздерді оқып, бірнеше 
қадам артқа қайта оралады. Оқытушы материалдың меңгерілуін 
пікірталасқа қатысушының белсенділік дәрежесі бойынша бағалай алады. 
Білімгерлердің арасында өзара іс-әрекет ету саны артады, ал оқытушы тең 
құқылы әріптес ретінде көрінеді. 
- Қашықтықтан оқыту кеңестері пәнді өз бетімен оқып үйренуде 
білім алушыларға жетекшілік жұмысын жасау және оларға көмек көрсету 
түрлерінің бірі болып табылады. Телефон және электронды пошта, 
сонымен бірге телеконференциялар қолданылады. 

Қашықтықтан оқыту зертханалық жұмыстар материалды 
тәжірибелік меңгерілуі үшін беріледі. Дәстүрлі білім беру жүйесінде 
зертханалық жұмыстар мынаны талап етеді: арнаулы жабдықтарды, 
макеттер, имитаторлар (бірдемені мүмкіндігінше дәл қайталайтын аспап), 
тренажерлар, химиялық реактивтер және т.б. Қашықтықтан оқыту 
жүйесінің келешекте мультимедиялық технологиялар, ГИС-технологиялар, 
имитациялық үлгілеулер және т.б. қолдану есебінен зертханалық 


90 
практикумдарды жүргізу міндеттерін қысқартуға маңызды мүмкіндігі 
болады. Білім алушыларға қарапайым жағдайда көрсетуге өте күрделі 
немесе мүлде мүмкін емес құбылыстарды виртуаллды шындық көрсететін 
мүмкіндігі бар. 
- Қашықтықтан оқыту бақылау – бұл білім алушының оқу 
материалын теориялық және практикалық меңгеруі нәтижелерін тексеру. 
Қашықтықтан оқыту өзін дәлелдете білді және тестік бақылаудың 
лайықтылығын құптайды. Тест ережесі, пән бойынша кеңейтілген сұрақтар 
тізімін қамтиды, олардың әрбіреуіне бірнеше жауаптар нұсқасы 
ұсынылады. Білімгер осы нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауы керек. 
Оқу электрондық басылымдар: 
Оқу белгілерінің электрондық басылымы қағаз басылымының 
барлық ерекшеліктеріне ие бола отырып, елеулі айырмашылықтары мен 
артықшылықтары да бар. Дербес жағдайда: компьютер жадында немесе 
дискетада сақтау ықшамдылығы, гипермәтіндік мүмкіндіктер, бейімділігі, 
таралымы, өзгертулер мен толықтыруларды жылдам енгізудің мүмкіндігі, 
электронды пошта бойынша жіберудің ыңғайлылығы. Бұл - пән бойынша 
дидактикалық, әдістемелік және ақпараттық-анықтама материалдарын 
өзіне енгізген, сонымен бірге, білімді бақылау және өз бетімен алу үшін 
оны комплексті қолдануға әсері болатын бағдарламамен қамтамасыз 
етілген автоматтандырылған оқыту жүйесі. 
Қашықтықтын оқыту технологиясына байланысты негізгі ұғымдар 
Академиялық күнтізбе (Academic Calendar) – оқу жылы 
барысындағы демалыс күндері (демалыс және мерекелер) көрсетілген оқу 
және бақылау шараларын, іс-тәжірибелерді өткізу күнтізбесі.
Қашықтықтан 
оқытуды 
автоматтандырылған 
қолдау 
администраторы 
–компьютерге арналған қашықтықтан оқытуды 
автоматтандырылған қолдау бағдарламасының мәліметтер базасын 
толықтыруды және оның қызмет етуін бақылауды жүзеге асыратын маман.
Академиялық дәреже (Degree) – қорытынды аттестаттау нәтижесі 
бойынша білім беру ұйымы ұсынатын білім алушылардың тиісті оқу 
бағдарламаларын меңгеру дәрежесі. 
Академиялық кезең (Term) – білім беру ұйымы таңдаған семестр, 
триместр, квартал сияқты үш оқу түрінің біріндегі теориялық оқу кезеңі. 
Білім алушының акдемиялық рейтингісі (Rating) – аралық 
аттестаттау (қорытынды бақылау) нәтижелері бойынша құрастырылатын 
білім алушының бағдарламалық материалды меңгеру деңгейінің сандық 
көрсеткіші. 
Белсенді таратушы материалдар ( АТМ ) (Hands – outs ) – сабақ 
барысында білім алушыға тақырыпты жетік түсінуі үшін берілетін көрнекі 
иллюстрациялық материалдар.
Аудиоконференция – телекоммуникациялық құралдардың көмегімен 
жүзеге асырылатын бір - бірінен алшақ орналасқан білімгерлер мен 


91 
оқытушылардың (тьюторлар) тілдік өзара қарым – қатынасын болжайтын 
ақпараттық технологияның бірі.
Аудиодәріс – интерактивті аудиоқатар ретінде көрсетілетін оқу 
материалдарының бір түрі. 
Аудиоқосымша – аудиожазба, онда көбінесе оқытушының кейбір 
сызбаларға, кестелерге, иллюстрацияларға арнап айтылған көзқарастары 
жазылады. 
Браузер 
– 
гиперсілтеме 
көмегімен 
Web 
– 
кеңістіктің 
визуализациясына арналған клиенттік бағдарламалық қамтамасыз ету. 
Бейнеконференция – телекоммуникациялық құралдардың көмегімен 
жүзеге асырылатын бір –б ірінен алшақ орналасқан білімгерлер мен 
оқытушылардың (тьюторлар) электронды интерактивті өзара қарым–
қатынасын болжайтын ақпараттық технологияның бірі.
Бейнедәріс – интерактивті бейнеқатар ретінде көрсетілетін оқу 
материалдарының бір түрі. 
Виртуалды 
сабақтар 
– 
онлайндық 
және 
оффлайндық 
технологиялармен қамтамасыз ететін оқу сабақтарының бір түрі. 
Гипермедиа –г ипермәтін ретінде электронды формада көрсетілген 
оқу материалдарының бір түрі. 
Гипермәтін – интерактивті мәтін сияқты электронды формада 
көрсетілген, гиперсілтемемен байланысты ақпарат. 
Қашықтықтан білім беру технологиясы – оқуды ақпараттық және 
телекоммуникациялық құралдарды қашықтықтан қолданумен жүзеге 
асыру немесе білім алушы мен педагогтың жартылай қашықтықтан өзара 
әрекет етуін жүзеге асыру. 
Оқу пәніне жазылу – білім беруші ұйыммен бекітілген білім 
алушылардың алдын – ала оқу пәндеріне жазылуы.
Интерактивті электронды немесе мультимедиялық курс (оқулық) – 
осы курс бойынша және навигация жүйесімен қамтамасыз етілген 
ақпараттық технологияның барлық түрлері,яғни мультимедиа, гипермәтін 
енгізілген оқу материалы.
Интернет (Internet) – компьютер желісінің жаһандық жүйесі. 
Интранет (Intranet) – Internet стандарттарын, хаттамаларын және 
технологияларын қолданатын корпоративті желі.
Ақпараттық технология (АТ) - өндірістік үрдістердің және 
бағдарламалық – техникалық құралдардың жинақталу, өңделу, сақталу, 
таралу және ақпаратты қолдану тәсілдерінің жүйесі.
Internet–тің 
ақпараттық ресурстары – электронды пошта, 
телеконференциялар, алшақтатылған оқу каталогтары, виртуалды (желілік 
–электрондық) кітапханалар, онлайн журналдары, ақпараттық базалар, 
білім базалары және т.б. 
Білім алушыны қорытынды аттестаттау (Qualification Examination) – 
білім алушылардың оқу пәндерін қандай деңгейде меңгергенін анықтау 
мақсатында өткізілетін рәсім. 


92 
Білім алушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттау (Qualification 
Examination) – білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім 
беру деңгейіне сәйкес стандартты қандай деңгейде меңгергенін анықтау 
мақсатында өткізілетін рәсім, оның қорытындысы бойынша білім алғаны 
жайлы құжат беріледі (диплом). 
Таңдау компоненті (Electives) – кез-келген академиялық кезеңде 
білім алушының таңдап алған элективті оқу пәні. 
Контент(ақпараттық толықтыру) – мәтіндер, графика, мультимедиа 
және өзге де ақпараттық толықтырулар. Ақпараттық толықтырудың елеулі 
көрсеткіші болып оның көлемі, маңыздылығы табылады. 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау - әр түрлі бақылау 
жұмыстарының (жазба жұмыстары, тесттер, тәжірибелік жұмыстар, 
портфолио, ауызша сұрау және т.б.) негізінде белгілі бір пән бойынша 
білім алушылардың жетістіктерін тексеру; ол ағымдық бақылауға, аралық 
бақылауға, қорытынды бақылауға бөлінеді. 
Конференция, пікірталас топтары – пікірталас енгізу және 
жаңалықтармен бөлісуге ұйымдастырылған қолданушылардың желілік 
форумы. 
Кредит (Credit, Credit –hour)–білім берушінің / оқытушының оқу 
жұмысы көлемінің унифицирленген өлшем бірлігі.
Локальды оқу материалдары – магниттік лентадағы аудио және 
бейнежазбалар, тасымалдағыштардағы (дискеттер, қатты және лазерлік 
дисктер) ақпараттар. 
Жалпы білім беру пәндері ЖБП (General Education Requirement –
GER) -әлеуметтік – гуманитарлық және ғылыми пәндердің циклы. 
Міндетті компонент – білімгерлердің оқу бағдарламасының 
барысында міндетті түрде оқитын пәндері. 
Онлайндық технологиялар (on – line) – желілік ақпараттық 
кеңістіктегі коммуникация құралдары. Бұл шынайы уақыт кезіндегі 
ақпараттардың синхронды алмасуын көрсетеді. 
Пән сипаттамасы(Course Description) – пәннің қысқаша сипаттамасы 
(әдетте 5–8 сөйлемнен тұрады). 
Оффлайндық технологиялар (off –line) - желілік ақпараттық 
кеңістіктегі коммуникация құралдары. Бұл шынайы уақыт кезіндегі 
ақпараттардың асинхронды алмасуын көрсетеді. 
Постреквизиттер (Postrequisite) – пәнді оқыту негізінде алынған 
білімдерді қолданатын басқа пәндер жиынтығы. 
Пререквизиттер (Prerequisite) – оқылатын пәнді игеру үшін қажетті 
білімдер мен дағдылардың жинағы. 
Пән бағдарламасы (Syllabus) – оқытылатын пәнді сипаттайтын, оның 
мақсаттары мен міндеттерін, қысқаша мазмұнын, әр сабақтың 
тақырыптарын, өздік жұмыс тапсырмаларын, әдебиеттер тізімін, 
консультация уақытын, білім алушы білімінің рейтингтік бағалау 
сипаттамасын, оқытушы талаптарын көрсететін оқу бағдарламасы.


93 
Үлгерімнің аралық бақылауы (Midterm Examination) – білім 
алушылардың оқу жетістіктерін тексеру, ол оқытушының бекітілген 
академиялық күнтізбесіне сәйкес жүзеге асады. 
Білім алушының өзіндік жұмысы (БӨЖ) – оқу әдістемелік 
әдебиеттермен қамтамасыз етілген және тестілеу, бақылау жұмыстары, 
коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар және есеп беру сияқты өздік 
жұмыстарын жүргізу. 
Оқытушының жетекшілігімен білім алушының өздік жұмысы 
(ОЖБӨЖ) (Office Hours) – кестеде көрсетілген уақыт бойынша білім 
алушының оқытушы жетекшілігімен орындайтын жұмысы. 
Желілік оқу материалдары – интернетте бар материалдар, 
мультимедиа курстарының желілік нұсқалары. 
Үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average – GPA) – білім 
алушының бір жыл ішіндегі таңдалған бағдарлама бойынша оқу 
жетістіктерінің орташа салмақтандырылған бағасы. 
Үлгерімнің ағымдық бақылауы – білім беруші оқытушымен 
жүргізілетін оқу пәнінің әр тақырыбы мен бөлімі бойынша жүргізілетін 
жүйелік тексеріс. 
Транскрипт (Transcript) – оқу кезеңіне сәйкес өтілген пәндер тізімі 
мен кредит саны және бағалардың әріптік және сандық көрсеткіштерімен 
көрсетілген түрдегі құжат. 
Тьютор (Tutor) – білім алушылардың өздік жұмыстарына жетекшілік 
ететін, сонымен қатар оқу материалдарын меңгеру және жеке оқу 
жоспарларының орындалуына бақылау жасайтын оқытушы. 
Тьюторлық сынып – компьютермен, бейнемонитор және басқа да 
ақпараттық-коммуникативтік құралдармен қамтылған және тьюторлардың 
желілік тәртіпте білім беру үдерісіне арналған сынып. 
Оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) – курс бойынша оқу әдістемелік 
материалдары және пәндердің бағдарламасы енгізілген басылым түрі. 
Білім алушылардың оқу жетістіктері – оқу үдерісі кезінде алған білім 
алушылардың білімі, іскерліктері, жаңалықтары және жеке тұлғаның даму 
деңгейінің жетістіктері.
Оқу жоспары (Curriculum) – білім деңгейіне сәйкес оқу пәндерінің 
көлемі мен санын реттейтін негізгі құжат. 
Форум – қатысушылардың барлығына немесе бір бөлігіне ашық 
және талқылауға арналған интернет желісінде ұсынылған тақырып.
Аппарат кешенінің орталық бөлігі (сервер) – интернет желісінің 
көмегімен контентті, мәліметтер базасын реттелген түрде орналастыруды 
және онда орналастырылған ақпаратқа білім үдерісінің барлық 
қатысушыларының қол жеткізуін қамтамасыз ететін компьютер немесе 
компьютерлер жиынтығы. 
Чат – бұл араласу түрі, әдетте «мәтіндік» болады, шынайы уақыт 
тәртібінде қолданушылар өздерінің хабарламаларын барлығына түсінікті 
тілде, яғни «виртуалды тақтада» көрсетеді. 


94 
Эдвайзер (Advisor) – оқу траекториясын, мамандық таңдау негізінде 
көмектесетін (жеке оқу жоспарын құрастыруда) және білім беру 
бағдарламасын оқу кезеңінде меңгертуді қамтамасыз ететін, жетекші 
қызметін атқаратын оқытушы.
Білімнің электронды банкісі – оқу үдерісін және құжат айналымын 
автоматтандырылған басқару жүйесімен байланысты оқу және ғылыми 
негізде бағытталған бағдарламалар мен дидактикалық құралдардың 
жиынтығы.
Қорыта келе айтарым, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім 
саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен 
оқушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуға, ғылыми және 
шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде 
өздерінің білімдерін шыңдауга зор мүмкіндік алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет