Бекітемін Ғылыми кеңес төрағасы, ректор, ҚР ҰҒА академигі



бет1/4
Дата12.03.2018
өлшемі0,6 Mb.
#38830
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Бекітемін

Ғылыми кеңес төрағасы, ректор, ҚР ҰҒА академигі

Ғазалиев А.М.

_______________________

«____» _________ 200___ж.
СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ( SYLLABUS)

Қазақ тілі пәні бойынша


050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының студенттері үшін

Автоматтандыру, байланыс және электроника факультеті


Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасы

2008


Алғы сөз
Студентке арналған пән бойынша оқыту бағдарламасы (syllabus) әзірленеді: Байпелова Гүлмира Сағынтайқызы аға оқытушы, Әбілқасов Ғабиден Мәжитұлы аға оқытушы, Дүйсеке Гүлерке Кемербайқызы оқытушы

«Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының мәжілісінде талқыланады

«____»______________200___ ж. № _______ хаттама

Кафедра меңгерушісі________________ «____»____________200___ ж.


Жол-көлік факультетінің әдістемелік бюросымен мақұлданады

«____»______________200___ ж. № _______ хаттама

Төраға ________________ «____»____________ 200___ ж.


Байланыс жүйелерінің технологиясы кафедрасымен келісіледі

Кафедра меңгерушісі________________ «____»____________200___ ж.

(қолы)



Оқытушы туралы мәліметтер және байланыс ақпарат

Аты-жөні Байпелова Гүлмира Сағынтайқызы, Әбілқасов Ғабиден Мәжитұлы, Дүйсеке Гүлерке Кемербайқызы

Ғылыми дәрежесі, өтініші аға оқытушылар, оқытушы.

Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасы ҚарМТУ І корпусында (Б. Бульвары, 56) орналасқан, 329 ауд., байланыс телефоны 56-95-06.

Пәннің еңбек сыйымдылығы


Семестр

Кредиттер саны

Сабақтардың түрі

СӨЖ

сағат


тар саны

Жалпы сағат

тар саны


Бақылау түрі

Қосылған сағаттар саны

ОСӨЖ сағат

тарының саны



Бар

лық сағат

тар саны


Лекция

лар


Практикалық сабақтар

Зертханалық сабақтар

1

3

-

45

-

45

90

45

135

Емтихан

2

3

-

45

-

45

90

45

135

Емтихан


Пәннің сипаттамасы

Қазақ тілі пәні жалпы пәндердің циклына кіреді.


Пәннің мақсаты

Қазақ тілі пәні студенттердің ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту; студенттердің бойына имандылық, әдептілік, адамгершілік қасиеттерін сіңіру, отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу; студенттердің қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын дамыту; мамандығы бойынша лексикалық және терминологиялық минимумдарды меңгерту. Әңгімелеу, мазмұндау, хабарлау сыңды түрлі қызметтер жүйесін құру; грамматикалық формалар мен құрылымдарды функционалды көріністе дұрыс қолдана білу; кәсіби-оқу тілін дамыту: а) оқудың, тыңдаудың дағдылары мен қалпын қалыптастыру, әдебиеттерді мамандығы бойынша конспектілей білу; б) кәсіби оқу тақырыптары бойынша диалогтер мен монологтер құра білу; в) айтылымның негізгі құрылымдық-мағыналық түрлерін: монолог-сипаттау, монолог-мазмұндау, монолог-талқылау, диалог-әңгіме, диалог-сұхбат түрлерін жеделдетіп (интерактивті) оқыту; кәсіби қазақ тілі: ғылыми-кәсіби тілдің белсенді, жалпылама, кең көлемді болуын, яғни жан-жақтылығын дағдыландыруға қалыптастыра білу мақсатын алға қояды.



Пәннің міндеттері

Пәннің міндеттері мынадай: болашақ мамандарға кәсіби тіл үйрету.

Берілген пәнді оқу нәтижесінде студенттер міндетті:

– студенттердің зерделеген білімін өмірде, кәсіби мамандығында қолдана білуін қалыптастыру туралы;

– берілген пәнді зерделеу нәтижесінде студенттердің қазақ халқының тарихы, әдебиеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, ғылымы, өнері, ақын – жазушылары жөнінде, айтылымның негізгі құрылымдық-мағыналық түрлері монолог-сипаттау, монолог-мазмұндау, монолог-талқылау, диалог-әңгіме туралы түсінікке ие болуға;

– бүкіл оқыту үрдісінде коммуникативтік бағыт бере отырып, қазақ тілінен алған білімін іс жүзінде, әр түрлі ситуативтік жағдайларда сөйлесе білуге;

– қазақ тілі сабағындағы лексикалық, морфологиялық және синтаксистік тақырыптардың негізінде студенттер жаттығу жұмыстарын, тапсырмаларын істей білуге;

– қазақ тілі грамматикасының ерекшеліктерін орыс тілі грамматикасымен салыстыра отырып, мәтіндерді түсініп, мәнерлеп оқу, тыңдай білу қабілеттерін жетілдіру, сөйлеу тілін меңгеру, сауатты жазуға үйрену, шығарма жазуға жаттықтырылу, шығармалардың мазмұнын дұрыс айтып беру туралы практикалық дағдыларды меңгеруге.


Айрықша деректемелер

Берілген пәнді оқу үшін келесі пәндерді (бөлімдерді (тақырыптарды) көрсетумен) меңгеру қажет:




Пән

Бөлімдердің (тақырыптардың) атауы

1 Қазақ әдебиеті

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі, шығармалары. Қазақ халқының біртуар ғұламалары М.Әуезов, Ш.Құдайбердиев, С.Сейфуллин және т.б..

2 Қазақстан тарихы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Конституция. Қазақ хандығының қалыптасуы. Қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, әдет-ғұрпы.

3 Мәдениеттану

Қазақ халқының мәдени мұралары. Қазақстан Республикасында тұратын этникалық топтар туралы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет