Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақ жүрісі. І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу Түгендеу Тыныс жолына жаттығу



Дата27.12.2016
өлшемі71,77 Kb.
#6253
түріСабақ



Атырау облысы Атырау қаласы

облыстық арнаулы №3 мектеп-интернатының

бастауыш сынып мұғалімі

Идрисова Лиза Махсотқызы

Қазақ тілі. 4 сынып «Етістік»

Мақсаты: етістік туралы түсініктерін пысықтау. Етістіктің түрлерін ажырату, жаттығу жұмыстарын жасау, жазу сауаттылығын тексеру.

Коррекциялық мақсаты: сөздік қорын молайту, тілін дамыту, есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.

Көрнекілігі: кестелер, суреттер, карточкалар, слайдтар, венн диаграммасы

Сабақтың түрі: аралас сабақ



Сабақ жүрісі. І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Амандасу

2. Түгендеу

3. Тыныс жолына жаттығу.

4. Психологиялық жаттығу.

Қазақ тілі – өз жұлдызың көктегі

Қазақ тілі – шамшырақ ол көздегі

Қазақ тілі – өмірің де, өлеңің

Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге

Қазақ тілі – болашаққа жетелеп

Ұрпақтарын танытады әлемге – деп қазақ тілі сабағын бастайық.

ІІ. Топтарға бөліну.

1-топ «Тұлпар» 2- топ «Сұңқар»

Аяз қысып

Өрнек сызып

Терезені торлайды

Қарға омбығып,балдырғандар ойнайды

Кейде ұлып

Кейде ысқырып

Ұйтқып боран соғады

Айтыңдаршы, балаларым

Бұл қай кезде болады? (қыс)

Қазір қай мезгіл? Қыс айларын ата.



ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Зат есімнің жіктелуі (ереже сұрау. Жіктеуге 3 сөзді жіктеу)

ІҮ. Ребус шешу. «Етістік» олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Етістік». Етістік дегеніміз не? Сөз табы. Тағы қандай сөз табын білеміз? Етістік туралы еске түсірейік.

«Білгенге маржан,

Білмеске арзан»

- Етістік дегеніміз не?

- құрамына қарай: дара, күрделі

- дара етістік дегеніміз не?

- күрделі етістік дегеніміз не? Мағынасына қарай: негізгі және туынды

-негізгі етістік дегеніміз не?

- туынды етістік дегеніміз не?

- болымды, болымсыз етістік дегеніміз не?

Ү. Оқулықпен жұмыс. 2- жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Топтар мәтінді екіге бөліп оқып, түсініктерін айтып, толықтырады. Етістіктерді тауып, сұрақ қою.

ҮІ. Тақтамен жұмыс. 3- жаттығу.

1-топ 2- топ

Суда қалқиды. Бірі құяды.

Жылыда балқиды. (мұз) Бірі жұтады. (жаңбыр мен жер)



Күрделі етістікке айналдыр. Ережені қорыту .

4-жаттығу. Туынды етістіктерді теріп жаз.

1-топ 2- топ

Жыр-ла ой-ла

Ақыл-дас ұсақ-та

Би-ле тұз-да

Сөйлем құра. Негізгі және туынды етістік дегеніміз не?

ҮІ. Өзіндік жұмыс.

А) 1- топ. Ішінде болымды етістігі бар 3 мақал ойлаңдар.

2-топ. Ішінде болымсыз етістігі бар тиым сөздер ойла.

Ә) мына болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдыр

Төк – ..., кес-..., бол-..., айт-...

Бар-..., кел-..., жүр-..., тұр-...

Ереже: болымды, болымсыз етістік дегеніміз не?

Б) Етістіктерді тауып, мақалдарды аяқта.

Ұяда не көрсең, Төртеу түгел болса,

ұшқанда соны.... төбедегі...

Әкеге қарап ұл өсер, Алтау ала болса,

шешеге қарап қыз... Ауыздағы .....


ҮІІ. Шығармашылық тапсырма. «Ұйқасын тап»

Жеймін деп көп қауынды, Арба сықырлап келеді.

Менің ................................ Ит ..................................

..............тоңбайсын.



.............қорғаймын.

ҮІІІ. Қорытындылау.


ІХ. Үйге тапсырма. «Туған жер» тақырыбына әңгіме құрау, етістіктер туралы қайталау. бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет