Технологиялық бөлім



бет30/33
Дата08.03.2022
өлшемі1,1 Mb.
#134660
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
4 Қалған бөлімдер... Бағыжан

4.4.5 Санитарлы сәулеттендіру

Машина жасау зауыттарын санитарлы сәулеттендіру және оларды тиісті ұстау, еңбектің жоғары мәдениеті үшін кәсіби зияндылықтармен күресудің ең маңызды шарасы болып табылады. Сонымен қатар олар елді мекенді улы газдан, шаңнан,күйеден,шудан және сарқынды судың зиянды әсерінен қорғауды қарастырады.


Кәсіпорындарды елді мекендердің территориясында,арнайы шығарылған өндірістік аудандарында немесе елді мекендерден тыс жерде және олардан белгілі арақашықтықта орналастырады. Сонымен қатар мекенде ұдайы соғатын желдің бағыты ескеріліп отырады. Кәсіпорындарды жақын тұрғылықты мекен-жайларға желдің қарсы бағытына қарай орналастырады.
Кәсіпорынның территориясы тек қана өндірістік талаптарына емес, сондай-ақ барлық санитарлық нормаларға жауап беруі тиіс. Ол тегіс болу керек, жақсы жарықтандырылған, жеткілікті өтетін жері мен жолы болуы тиіс. Техникалық мақсатпен қазылған шұңқырлар міндетті түрде берік жабылып немесе сенімді қоршалуы керек. Кәсіпорынның территориясында өтетін жерлері мен жолдары шартты түрде түзусызықты болуы тиіс. Жолдардың ені қолданатын көлік құралдарына,жылжытатын жүктерге және үдемелі қозғалыстарға сәйкес болу керек, сонымен қатар қарама-қарсы тасымалдауларды ескеріп отыру қажет. Жолдың өтетін бөлігінің беті қатты болуы тиіс.
Кәсіпорынның территориясын міндетті түрде канализациямен жабдықталуы тиіс. Өндірістік және тұрмыстық шаруашылық қажеттіліктерге және ағын суды жіберуге арналған канализация үшін суды жіберуге арналған су құбырымен барлық өндірістік және көмекші ғимараттарды жабдықталуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет