Дипломдық жұмыс біліктің моделін СAD / CAM жүйесін қолданып СББ станоктары арқылы жобалауға арналған. Жұмыс барысында білік туралы жалпы мағұлмат, негізгі техникалық сипаттамалары мен мәліметтері, құрылымы, оны жасау технологиясы зерттелді.
Автоматтандырылған жобалау жүйелері заманауи өндірісте, құрылыста және дизайн жасауда кең өріс алуда. Автоматтандырылған жобалау жүйелері класындағы бағдарламалар технологиялық үрдістерді жобалауда уақыт және құрал шығынын кемітеді, моделденген үрдістердің дәлдігін арттырады, түрлі бағыттағы сызбаларды, технологиялық және құрылыстық құжаттарды, 3D- моделдерді құру мүмкіндігін береді.
Бүгін сандық түптұлғалар технологиясы автоматтандырылған жобалау жүйелерінің даму беталыстарының негізгісі болып табылады. Бұл технологияны қолдану виртуалды объектіні құру мен талдау және болашақ физикалық аналогты ұсақ-түйегіне дейін көрсету мүмкіндігін береді. Сандық туптұлға жобалаушыға бейнеақпараттан басқа қосымша ақпараттың едәуір көлемін береді. Бұл қосымша ақпараттарға жататындар: материалдар жөнінде мәліметтер, сынақ нәтижелері, анықталған шарттарды қолдану ерекшеліктері және басқалары.
Достарыңызбен бөлісу: |