“Картография” ұғымы
Картаны пайдалану – картографиялық өнімдерді (карта, глобус, атлас, т.б.) тәжірибелік, ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу салаларында, оның ерекшеліктері мен бағыттарын үйрететін картографиялық өнімдермен жұмыс істеу әдістері жасалатын, алынған нәтижелердің сенімділігі мен ықпал ету деңгейіне баға берілетін картографияның бір бөлімі.
Ерте заманнан қазіргі күнге дейін карталар жергілікті жердің бағдары мен теңіз және құрлық үсті маршрут-сызбаларын анықтауда қолданылып келсе, бүгінгі күнде карталар ғарыш пен әуе бассейніндегі навигациялық қызметті атқаруда. Карталарды Жер мен қоғам туралы білімді беруде, инженерлік құрылысты жобалау құжаттарында, өнеркәсіп, ауылшаруашылық нысандары мен қалалар және басқа да елді-мекендерді орналастыруды жоспарлауда кеңінен қолданылады.
Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық карта мен басқа да картографиялық өнімдерді кескіндеу және оларды құрастыру, пайдалану әдістерін зерттейтін ғылым. Әрбір географиялық картаның өзіндік атқаратын қызметі болады. Оны білім мен өндірістің белгілі бір салаларындағы мамандар, туристік-танымдық жорық жетекшілері, оқушылар білім мен маңызды ақпарат көзі ретінде қолданады. Картаны құрастырушылар кескіндейтін аумақты терең зерттеп, оқып үйренген сайын сол аумақта орналасқан нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындап, ашып көрсетеді. Картография құрылымы жағынан күрделі пәндер жүйесін құрайды, оның маңызды құрамды бөліктеріне – картатану, картографиялық ақпараттану, математикалық картография мен картометрия, сондай-ақ картаны жобалау мен құрастыру, безендіру, жасау және пайдалану әдістемесі кіреді.
Карталардың көмегімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын, қоршаған ортаны қорғау мен қалпына келтіру іс-шараларын, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды жобалайды. Карта әскери өмірде де қолданылады, әрі ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де маңызға ие. Картографиялау үдерісінің өзінде де карталар жаңа өнім жасаудың негізі мен бастауы болып табылады. Картографияның міндеті ретінде осыған дейін тек картаны құрастыру қарастырылып келсе, ХХ ғасырдың ортасынан бастап, оны пайдалану маңыздылыққа ие болып отыр. Мемлекеттік стандарттар мен энциклопедиялық басылымдарда, оқулықтар мен сөздіктерде «Картография –карта жасау мен пайдаланудың өндірісі мен ғылыми саласы»,-деген ұғыммен түсіндіріледі. Ғылым мен тәжірибеде картографиялық зерттеу әдістері алуан түрлі. Ол көптеген теориялық ізденістердің ажырамас бөлігі. Тіпті карталар Жер мен қоғам туралы ілімдердің тірек негізіне айналып үлгерді. Картографиялық әдістер физикалық география, геология, геофизика, әлеуметтану, экономика және тарих ғылымдарында кеңінен қолданыс табуда.
Карталарды таным құралы ретінде пайдалану жаңа экология, медициналық география, салыстырмалы ғаламтану (планетология) тәрізді ғылым салалаларының дамуына мүмкіндік берді. Картографиялық әдістер халық шаруашылығының нысандарын жобалау-жоспарлау жұмыстарына қатысты маңызды шешім шығаруда, аумақтық-өндірістік кешенді дамытуда, табиғатты қорғауда.
Картографиялық зерттеу әдістерін қолданушы маман картограф картаны еркін «оқуға», құрастыру ұстанымдары мен бейнелеу және әзірлеу технологияларының тәсілдерін білуге міндетті. Сонымен қатар, ол модель түрінде карта бетіндегі бар дүниені ұсына білуі әрі осы туралы ақпарат бере білуі тиіс.
Картатану – географиялық карта мен оның түрлері, қасиеті мен элементтері, даму тарихы пайдалану әдістемелерін зерттейді. Математикалық картография – жер беті мен ғылымдағы аспан денелерін жазықтықта кескіндеудің математикалық әдістерін зерттейді. Картографиялық ақпараттану – картаны жүйелеу және оларды талдау, бағалау, сақтау тарату мәселелерін қарастырады. Картометрия – картадағы әр түрлі географиялық нысандардың сандық сипатының мазмұнын айқындайтын картографияның құрамдас бөлігі. Картаны безендіру – картаны көркем және графиктік безендірудің әдістері мен құралдарын жасап, оны басып шығаруға әзірлеуді оқып үйретеді..
Картографияның басқа ғылымдармен байланысы өте кең. Мәселен, қоғамдық ғылымдар ішінде, тарих, экономикалық география; жаратылыстану ғылымдарының ішінде, физикалық география, ландшафтану, геология, климатология, топырақтану, өсімдіктану, жануартану салаларымен байланысты..
Картографияның міндеті – халықты шаруашылық пен мәдени қажеттілігін өтейтін заман талабына сай, сапасы жоғары географиялық карталар мен атластар, глобустар және басқа да картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету.
Географиялық карталар еліміздің аумағын қамтып,табиғатын қайта түлетіп, шаруашылықты дамытуға қажетті ақпараттар сақтаған қуатты құрал болып табылады. Картография және топография негіздері курсын оқытудың мақсаты картографияның ғылыми негізі болып саналатын картатану, математикалық картография, картометрия және топографияның теориялық негіздерімен таныстыру арқылы студенттердің географиялық картаны біліп, түсініп оқи білу дағдыларын қалыптастыру.
Картографияның салалары
· Картография пәні мен әдістемесі, карта туралы ілім, картографиялық проекциялар теориясы, генерализация мен кескіндеу әдістерінің (шартты белгілержүйесітеориялары;
· Картография ғылымы мен өндірісінің тарихы;
· Картографиялық деректерді тану (картографиялық деректер теориясының мәселелері);
· Карталарды жобалау және оларды дайындау теориясы мен технологиясы;
· Карталарды пайдаланудың теориясы мен әдістемесі жатады.
Қазіргі ХХІ ғасырда, картографияда өткен ғасырдың 60-жылдарында ғана пайда болған геоақпараттық картография аталатын саласы қарышты дамып келеді. Қазақстан да бұл үрдістен әлемдік тұрғыда қарағанда, көш ілгері мемлекеттермен иық тірестіре алмағанымен, өзіндік даму жолы айқындалып келеді. Геоақпарат – жер туралы басқа да ғылым салаларымен бірге, геожүйеде жүретін үдерістер мен құбылыстарды зерттейді, бірақ өзінің тәсілдері мен құралдарын қолданады. Олардың негізгілері – компьютерлік модельдеу мен геоақпараттық картографиялау. Картография мен геоинформатика бір-бірімен көптеген бағыттарда байланысты.
КАРТАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Картографияның жалпы теориясы - жалпы зерттейді сұрақтар, картография пәні мен әдісі, ғылым ретінде, құру мен қолданудың әдістемелік мәселелері карт. Теориядағы негізгі әзірлемелер жалпы картография шеңберінде жүзеге асырылады картографиялық жұмыстар туралы ілімдер.Картография тарихы - идеялар тарихын зерттейді, ұғымдар, картография әдістері, дамуы картографиялық өндіріс.Математикалық картография – оқу карталардың математикалық негіздері. Ішінде құру теориясы мен әдістері карта проекциялары талданады бұрмалаушылық және болжамдардың тиімділігі бағаланады әртүрлі карталарға қолданылады. Картографиялық семиотика – дамиды карта тілі, жүйенің құрылыс теориясы мен әдістері картографиялық белгілер, оларды пайдалану ережелері. Дизайн және карта жасау - зерттейді және кеңсенің әдістері мен технологияларын әзірлейді (зертханалық) дайындау және редакциялау . Карточкаларды безендіру - теория мен әдістерді үйренеді картографиялық көркем безендіру жұмыстар, олардың сызбасы, түрлі-түсті және қаріп дизайны. Картографиялық экономика және ұйымдастыру өндіріс - зерттейтін бөлім ұйымдастыру және жоспарлау картографиялық өндіріс, қолдану картаға түсіру жабдықтары мен материалдары және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |