Технологиялық карта №1
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қазақ тілі
Тақырыбы: Сәлем-сөздің анасы. Мынау кім? Мынау не?
Мақсаты:
Балаларды қазақша амандасып, қарапайым сұраққа жауап беруге үйрету.
Жаңа сөздермен танысып, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту.
Достыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ұлттық киімдегі қуыршақтар, суреттегі сөздіктер.
Қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмысы:
Билингвальді компонент: Сәлеметсіз бе! Сәлеметсіздер ме! -Здраствуйте!
Ұл-мальчик, қыз-девочка.
Мынау кім? -Кто это?
Мынау не? -Что это?
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Мотивациялық-қызығушылық
|
Қуыршақ (ұлттық киімдегі әдемі қуыршақ) ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арнайы қонақ болып келеді.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Бүгін бізге қонаққа қуыршақ Айгөлек келді. Кәне, бәріміз Айгөлекпен амандасайық.
-Сәлеметсіз бе!
Қуыршақ Айгөлек:
-Жаңа оқу жылдарыңмен құттықтаймын. Сендерге мемлекеттік тілді үйретуге көмектесемін, алдағы жұмыстарына табыс тілеймін.
2. "Танысу" дидактикалық ойыны.
-Сенің атың кім?
(Балалармен танысу).
|
Балалар таңырқай қарап, қызығушылық танытады.
-Сәлеметсіз бе!
-Сәлеметсіз бе!
-Менің атым-Маша.
-Менің атым-Саша.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
3. "Тыңда, көрсет, қайтала" дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға қуыршақтың суреті ілінеді.
Балалар педагогтің сұрақтарына жауап қайтарады.
-Мынау не?
-Қуыршақ ұл ма, қыз ба?
4. Дыбыстық жаттығулар.
ҚУ-ҚУ-ҚУ-ҚУЫРШАҚ
ҚЫ-ҚЫ-ҚЫ-ҚЫЗ.
|
-Қуыршақтың суреті.
-Қуыршақ
-Қыз.
|
Рефлексиялық түзетушілік
|
5. Сергіту сәті.
Мен әдемі қуыршақпын,
Би билеймін көңілді.
Ұл мен қыздар тыңдайды,
Бірге билеп зырлайды.
6. "Сұрақ-жауап" дидактикалық ойыны.
-Мынау кім?
-Мынау не?
-Балабақшаға келгенде қалай амандасамыз?
-Мынау кім?
-Балабақшадан кетерде қалай қоштасамыз?
|
Балалар буындар мен сөздерді бірге қосылып және жеке-жеке қайталайды.
Өлең жолдарын оқытушымен бірге қайталап, қимылдар жасайды.
-Мынау-қыз.
-Қуыршақ қыз.
-Сәлеметсіз бе?
-Мынау ұл.
-Сау болыңыз!
|
Күтілетін нәтиже:
біледі: жаңа сөздерді және сол сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта біледі:
игереді: қазақша амандасу (Сәлеметсіз бе!), қоштасу (Сау болыңыз!) түрлерін меңгереді, "Мынау кім?" сұрағына жауап беру арқылы ұл,қыз сөздерінің мағынасын біліп, оларды дұрыс айтуды игереді:
меңгереді: бір-бірімен қазақша амандасып, қарапайым сұраққа жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |