ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі екінші кіші топқа «Здоровячок».
Күні: 20.04.2017ж
Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Қазақ тілі Тәрбиеші: Кожахметова А.Т
Тақырыбы:Түстер.
Мақсаты:
1. Түстер туралы мағлұмат бере отырып, олардың қазақша атауларын күнделікті өмірде қолдануға үйрету.
2.Жаңа сөздермен таныстыру арқылы сөздік қорларын толықтыру.
3.Эстетикалық тәрбие беру.
Қолданылатын көрнекі құралдар:түрлі түсті доптар, қосымша дәптер, суретті сөздіктер.
Қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар.
Билингвальді компонент:қызыл- красный, жасыл –зеленый, сары – желтый, көк- синий.
Оқу іс-әрекетіның кезендері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивация-лық қозғау-шылық
|
- Сәлеместсіңдер ме! Қайырлы күн,балалар!
Күніміз сәтті болсын!
1.» Бағдаршам» дидактикалық ойыны.
Жасыл (түсті көрсету )- (жүреміз бір орнымызда).
Сары дайындаламыз.
Қызыл дайындаламыз.
«Сұрақ- жауап» дидактикалық ойыны.
Сұрақ жауап әдісі арқылы түстер туралы алған білімдері пысықталады.
|
-Сәлеметсіз бе!
-Рахмет!
Құстардын атын атайды.
|
|
2» Кемпірқосақ түстері» дидактикалық ойыны.
Суретті сөздіктер арқылы түстерді атау.
БӨШКД-ТРИЗ өрнегі.
Қызыл – алма, қызанақ, гүл, т.б.
Жасыл- жапырақ, шөп, қияр т.б.
- Көк түсті қандай заттарды білесіндер?
- Сары түсті не көріп тұрсындар?
3.№ 15қосымша үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Доптардың түсін атау.
Суретті жалғастырып бояу.
|
Кемпірқосақ түстерін атайды.
- Көк аспан,көк қарындаш, көк көйлек.
- Сары күн, сары жапырақ,
сары бидай,сары лимон.
Балалар бірге және жеке- жеке қайталайды.
Пирамиданы аяқтап бояу.
|
Ұйымдас –тырылған-
ізденістік
Рефлексия–лық түзету- шілік.
|
4.Сергіту сәтін өткізу.
Қызыл,сары,жасыл,көк
Түстерді біз білеміз,
Сары күн, көк аспан,
Қызыл гүл, жасыл шөп.
Ауада суретін саламыз,
Ойнаймыз,демаламыз.
5. Тіл дамыту жұмысы.
« Тыңда, көрсет, қайтала» дидактикалық ойыны.
Балалардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, тілдерін дамыту мақсатында суреттер көрсетіледі, балалар суретте бейнеленгендерді атайды.
6.«Сұрақ- жауап» дидактикалық ойыны.
- Мынау не?
- Күннің түсі қандай?
- Мынау не?
- Аспанын түсі қандай?
- Мынау не?
- Гүлдің түсі қандай ?
- Мынау не?
- Шөптің түсі қандай ?
|
- Пияла.
- Тәрелке.
- Үлкен тәрелке.
Кіші тәрелке.
- Үлкен пияла.
Кіші пияла.
Жаңа үйренген сөздерді қайталап айтады.
- Күн.
- Сары.
- Аспан.
- Көк.
- Гүл.
- Қызыл.
- Шөп.
- Жасыл.
|
Күтілетін нәтиже:
біледі: түстердің қазақша атауын(көк, қызыл, сары, жасыл)атау;
игереді: жұмысты аяғына жеткізу дағдысын қалыптастыру;
меңгереді: түстерді қолдану, салыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |