Технологиялық картасы ( сабақтың жоспары) Пәні: Тамақтандыру кәсіпорындарында келушілерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру Өтілетін күні



Дата22.06.2017
өлшемі104,63 Kb.
#19716
Технологиялық картасы ( сабақтың жоспары)

Пәні: Тамақтандыру кәсіпорындарында келушілерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Өтілетін күні: 19.11.12ж.
Уақыты: 8.30
Топ: АДБ 2-18
Сабақтың тақырыбы: Банкеттерде даяшының үстел басында толық қызмет көрсетуі
Сабақтың түрі: Аралас сабақ


Сабақтың мақсаты


Білімділік: Оқушыларға банкеттер түрлері, ұлттық тағамдардар туралы түсінік беру және даяшының дастархан басындағы толық қызмет көрсетуі туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілетін, жаңа материалды меңгеру дәрежесін, жүйелі ойлауын және пәнге, мамандығына қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттырып, еңбекке деген жауапкершілігін жақсарту.


Пәнаралық байланыс

Тағам дайындау технологиясы, кондитерлік өнім дайындау технологиясы, санитария және гигиена, кәсіби әдеп.


Сабақтың кешенді- әдістемелік қамтамасыз етілуі



а) Құрал- жабдықтар: проектор, оқу материалдары, видио ролик, сызбанұсқа, слайдтар, ұлттық ыдыстар.

ә) үлестірмелі материалдар: ыдыс –аяқ, кафе жабдығы.

б) оқытудың техникалық жабдықтары: мультимедиялық аппарат, аудиомагнитофон.

в) оқу орындары (тәжірибелік сабақтар, лабараториялық сабақтар үшін): кафе-бар



г)негізгі әдебиеттер: В. Усов. «Организация обслуживания на предприятиях питания» Назаренко А.

ғ)қосымша: Н.В. Чалова «Практикум для официантов, барменов по обслуживанию посетителей в ресторанах», В. Андреев «Золотая книга этикета»

Сабақтың әдісі: түсіндіру,баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен сәлемдесу.

  2. Оқушылырдың сабаққа қатысуын тексеру.

  3. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар, оқытушылар, ө/о шеберлері және аса құрметті АДБ 2-18 тобының студенттері.

Тамақтандыру кәсіпорындарында келушілерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру сабағынын мақсаты оқушыларға банкеттер түрлері, салқын, ыстық, ұлттық тағамдардар, алкогольді, алкогольсіз сусындарды ұсыну ережелері туралы түсінік беру және даяшының дастархан басындағы толық қызмет көрсетуі туралы мағлұмат берумен қатар үстел сервировкасын жасай алу, қызмет көрсете алу қабілеттеріңізді байқау.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Сұрақ-жауап

  2. Өткен сабақты пысықтау

Карточкамен, тест сұрақтарымен жұмыс

Карточка №1.

Таңғы ас үстел сервировкасын жасау.



Карточка №2.

Түскі ас үстел сервировакын жасау.



Карточка №3.

Бар үстел сервировкасын жасау.



А. «Миға шабуыл»: мұғалім оқушыларға тапсырма (практикалық, ауызша, жазбаша түрін орындау) береді, теориялық білімдерін практикалық түрде көрсету арқылы әр оқушы өз қабілетін және білімін көрсетеді.

Берілген тапсырманы 5 минут практикалық түрде орындайды, содан соң сұрақтармен талқылайды және қосымша сұрақтарға жауап береді.



Б. Әңгіме – демонстрациялау:

Мақсаты: оқушыларға асхана құралдарна «куверт жасату», негізгі, қосымша құралдарды дұрыс қолдану тәртібі, асхана жабдықтары, шыны, фаянс ыдыстарын үстел сервировкасын жасағанда дайындау ережесін білу»

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру( слайд қолдану)

Сабақтың жоспары:

  1. Банкет түрлеріне сипаттама беру.

  2. Видио ролик ( үйлену –той банкеті)

  3. Банкеттердегі даяшының үстел басында толық қызмет жасауын көрсетуі:

а) Дастархан сервировканы орындау барысында асхана жабдықтары (дастархан, салфетка, даяшының орамалы /ручник/) қолдану тәртібі.

б) Фаянс түрлі тарелкаларын қолдану тәртібі.

в) Шыны ыдыстарының түрлерін пайдалану ережесін көрсету.

4. Қонақтарды (іскер шетел қыздарын астанада) қарсы алу, дастархан басына жайғастыру, даяшының толық үстел басында қызметін көрсету:

а) Ресми, VIP- қонақтарға даяшының қызмет көрсету ережесі.

б) Салқын, ыстық тісбасарлар, ыстық тағамдар.

в)Ұлттық тағамдарды ұсыну тәртібі.

г) Алкогольді, алкогольсіз сусындарды ұсыну тәртібі жасауын көрсетуі.

е) Ыстық сусындарды ұсынутәртібі.

Жаңа сабақты пысықтау:

Сұрақ –жауап. Оқушылар банкет үстелін жасап, алған тәжіребиесімен бөліседі.



  1. Банкеттердің түрлерін атау.

  2. Даяшының жеке бас гигиенасы.

  3. Қауіпсіздық ережесі.

  4. Банкеттегі даяшының толық қызмет көрсету ерекшелігі.

  5. Сусындарды ұсыну ережесі.

5.Қорытынды- рефлексия (3-түсті қағаз)

Баға қою.



Үй тапсырмасы. 150, 250 қонақтарды дастарханға орналастыру кестесін сызу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет