9.2 Пьезоэлектрлік қысым өлшегіш түрлендіргіштер
-
-
Өлшенетін қысым СЭ (мембрана) деформациясы арқылы күшке түрленеді. СЭ деформациясы пьезооэлектрлік элемент көмегімен өлшенетін ақпарат сигналына түрленеді. Пьезоэлектрлік түрлендіргіш элементінің жұмыс істеу принципі кристаллдарда байқалатын пьезоэффектке негізделген: кварц, турмалин, барий және басқалары. Пьезоэлектрлік қысым түрлендіргіш сұлбасы 9.2 суретте көрсетілген.
9.2 Сурет - Пьезоэлектрлік қысым өлшегіш түрлендіргіш
«Мембрана–кварц пластина» жүйесінің тербеліс жиілігі ондаған килогерцке тең болғандықтан осы типтегі өлшеугіш түрлендіргіштің динамикалық сипаттамасы да жоғары болады. Сондықтан оларды процестері тез өтетін жүйелердегі қысымды өлшеуде кең қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |