11.2 Айнымалы қысымдар айырымасының шығынөлшегіштері Сұйық, газ және бу шығынын өлшеудің ең көп тараған принциптерінің түрі тарылатын құрылғыда айнымалы қысымдар айырмасын өлшеу принципі болып табылады. Қарастырылып отырған принципке сәйкес құбырға тарылатын құрылғы (ТҚ) орнатылады. Ағын А – А қимасмен өткенде (11.2,а сурет) қысылады да, инерцияға байланысты ТҚ-ның шығысында қысылу жалғаса береді, белгілі бір қашықтықта ең жоғары мәнге ие болады. Ағынның азаюы ағын жылдамдығының W тарылуға дейінгі жылдамдыққа қарағанда артуына әкеп соғады (11.2,в сурет). Ағынның кинетикалық энергиясы артады. Энергияның сақталу заңына сәйкес кинетикалық энергияның артуы потенциалдық энергияның кемуі есесінде жүзеге асады. Ал бұл өз кезегінде ТҚ-ның шығысында ағын қысымының Р азаюына себеп болады. Тарылатын құрылғыда дифманометрмен өлшенетін қысымдар айырмасы пайда болады Р = Р1 – Р2 (11.2,б сурет).
а) А
11.2 Сурет – ТҚ айнымалы қысымдар айырмасының принципі
Стандартты ТҚ түрлері (11.3 суретте): стандартты диафрагма (а), стандартты сопло (б), Вентури құбыры (в), Вентури соплосы (г).