Шығыршықтардың саны біреу болмай одан көп болса онда
, (2.11)
мұндағы n – шығыршықтардың саны.
Мұндай кұралбіліктерде дайындама, шығыршықтармен дайындаманың және құралбіліктің арасындағы пайда болатын үйкеліс күштермен (F және F1) қысып бекітіледі. Шығыршықтарды жасауға төмен көміртекті 20, 20Х маркалы болаттар қолданылады. Оларды химиялы термоөңдеуден өткізеді – 1,0–1,5 мм-ге көмірмен байытады да кейін HRC 55-60 қаттылықа дейін шынықтырады. 15, 15Х маркалы мойынтірек болаттарда қолданылулары мүмкін – олар тек HRC 55-60 қаттылыққа дейін шынықтырылады.
Цанга құралбіліктер. Цанга серпілісті төлке, олар бөлшектерді қысып ұстайтын тетік. Цангалар құралбілік ретінде және қысқы ретінде қолданылады.
2.17-сурет – Цанга құралбіліктің құрылым сұлбасы
Цангалы төлке үш кертіктер арқылы үш секторге бөлінеді. Кертіктер ұзындығы l. Цанганың конусының бұрышы . Цанга Р күшпен тартылады. Тартқыштың конусының бұрышы цанганың конусының бұрышынан көп болуы тиіс. Р күш пен тартқыш қозғалады, сонда цанганың үш жапырақшасы жазылады да дайындаманы қысады. Цангалы құралбіліктің центрлену дәлдігі 0,05–0,1 мм.
Тетікті толық қысуға тартқыштың тартатын күшінің сандық мәні
Достарыңызбен бөлісу: |