Сонда
W = P1/tg . (2.32)
Жалпы қолданылатын жону қысқылар, екі жұдырықты қысқылар, үш жұдырықты, төрт жұдырықты қысқылар стандарттарға сәйкес жасалады. Тетіктердің қатаңдығын өсіретін құрылғылар (көмекші тіректер). Көмекші тіректер қатаңдықтары төмен тетіктерді механикалық өңдеуден өткізгенде қолданылады. Мысалы, ұзын біліктерді, жүрістік бұрамаларды, тұғырларды өңдегенде.
2.31-сурет – Негізгі орнықтар және көмекші тіректер белгіленулері
Көмек тіректерге қойылатын талаптар: 1) қөмек тіректер негізгі орнық беттерден тетікті ажыратпайды; 2) көмек тіректер орнатылатын тетіктің беттерінің сапасын төмендетпейді.
Көмекші тіректер ретінде бұрама, домкрат; сына қолданылады. Олар жазықтық беттерге орнатылады. Біліктердің қатаңдығын көтеруге люнет қолданылады. 2.32-суретте бір люнеттің құрылымы көрсетілген. Мұнда, люнеттің табанында екі шарикті мойынтіректер орнатылған, сондай шарикті мойынтіректер люнеттің сырғасында бар. Аталған сырға сырық өзек пен қосылып қақпаққа қондырылған. Қақпақ эксцентрикпен қысып бекітіледі. Табанның шарикті мойынтіректері, центрлерге орнықтырылған, өңделетін тетікпен не бақылау білікпен реттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |