2.25-сурет – Айналмалы центр
Аталған центрлердің дәлдігі қозғалмайтын цетрлердің дәлдігімен салыстырса төмендеу, себебі айналмалы центрде тетіктерінің арасындағы саңылаулардың әсері бар.
Центрлерді жасауға У10 маркалы болат қолданылады. Кейбір жұмыстарда қатты қорытпалардан жасалған ВК6, ВК8, Т5К10 ендірмелер қолданылады. ВК6 таза жону, шынықтырылған тетіктерді ажарлау және кесу жылдамдығы жоғары жұмыстарда қолданса, Т5К10 қорытпа жартылай сыдырып жону және орташа жылдамдықпен кесу, орта жүктемемен өтетін жұмыстарда қолданылады. Сондай ВК8 қорытпа сыдыру не қаралтым жону және төмен жылдамдықпен кесу, төмен жүктемемен өтеттін жұмыстарда қолданылады.
Айналатын центрлердің радиал ауытқымасының мөлшері 0,007–0,015мм. Қалқитын центр.
Достарыңызбен бөлісу: |