Технологиясы



Pdf көрінісі
бет126/256
Дата06.10.2023
өлшемі9,83 Mb.
#183972
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   256
Байланысты:
Электр монтаждау технологиясы В.М. НЕСТ ЕРЕНКО, А.М.МЫСЬЯН ОВ
Туберкулез и алкоголизм, Киреева Релелік қорғаныс және электр энергетикалық жүйелерді автоматтандыру. (1)
Өнім сапасын бағалау
. Өнім сапасын тиімді басқарудың 
маңызды шарттарының бірі – оны уақытылы және анық бағалау. 
Сапаны бағалау келесі операциялардың жиынтығын көрсетеді: 
бағаланатын өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын 
таңдау, осы көрсеткіштердің мәндерін анықтау және оларды 
негізгілермен салыстыру. 
Өнім сапасын бағалау қажеттілігі келесі міндеттерді шешу 
кезінде туындайды: 
қажеттіліктерді, техникалық деңгейді және өнім сапасын болжау; 
өнім сапасын және оны шығару көлемін арттыруды жоспарлау; 
өнімнің жаңа түрлерін игеруді, өнімнің ең жақсы үлгілерін 
таңдауды негіздеу; 
өндірістен өнімді шығару мақсаттылығын негіздеу; 
сапа категориясы бойынша өнімдерді аттестаттау; шетелге өнімді 
сату мүмкіндігін негіздеу; өнімнің жасалатын және қолданыстағы 
стандарттарының ғылыми-техникалық деңгейін бағалау; өнім 
сапасын бақылау; өнім сапасын көтеруді ынталандыру; сапа өзгерісі 
динамикасын талдау; өнімнің сапасы туралы ақпаратты талдау және 
т.б. 
Өнім сапасын бағалау оның тіршілік кезеңінің түрлі 
сатыларында жүргізілуі тиіс. 
Жасау сатысында шығарылатын өнімнің деңгейі бағаланады, соның 
нәтижесінде оның сапасына қойылатын талаптар орнатылады және 
нормативті-техникалық құжатта сәйкес көрсеткіштерін нормалау 
жүреді. 
Шығару сатысында бақылау мен сынау нәтижелері бойынша 
өнім сапасының көрсеткіштерінің нақтылы мәндері анықталады 
және де сәйкес шешімдер қабылданады. 
Пайдалану немесе тұтыну сатысында өнімді дайындау 
сапасы бағаланады және осы бағалаудың нәтижесінде сапа деңгейін 
сақтау немесе арттыруға бағытталған басқару шешімдері 
қабылданады. 
Өнім сапасының деңгейі бір және (немесе) кешенді 
көрсеткіштер жиынтығымен анықталады, бағалау мақсатына 
тәуелді негізгі мәндерімен салыстыру нәтижесінде сәйкес 
қорытындылар жасауға болады. 


295 
Өнім сапасының көрсеткіштерінің мәнін бағалау әдістері 
тәсілдері мен ақпаратты алу көздеріне тәуелді бөлінеді. Ақпаратты 
алу тәсіліне тәуелді өлшеу, тіркеу, органолептикалық және есептік 
әдістер ажыратылады. 
Өлшеу әдісі
техникалық өлшеу құралдарын пайдалануға 
негізделеді. Қажеттілігіне қарай тікелей өлшеу нәтижелері қалыпты 
немесе стандартты шарттардың сәйкес қайта есептеулерінің 
жолымен келтіріледі, мысалы, қалыпты температура, қалыпты 
атмосфералық қысым және т.с.с. Өлшеу әдісінің көмегімен 
бұйымның салмағы, тоқ күші, қозғалтқыштың айналымдарының 
саны, автомобиль жылдамдығы және т.б. анықталады. 
Тіркеу әдісі 
нақты оқиғалар, заттар немесе шығындар санын 
есептеуге негізделеді, мысалы, сынау кезінде бұйымның істен 
шығуы, күрделі бұйымның бөлшектерінің саны (стандартты 
біркелкіленген, түпнұсқалық, авторлық куәлік немесе патентпен 
қорғалған). 
Осы 
әдіспен 
біркелкілік, 
патенттік-құқықтық 
көрсеткіштер және т.б. анықталады. 
Органолептикалық әдіс
сезу мүшелерінің: көру, есту, иіс 
сезімі, түйсіну және дәм қабылауын талдауға негізделеді. Осылайша 
адамның сезу мүшелері сәйкес түйсіктерді қабылдаушы ретінде 
қызмет етеді, ал көрсеткіштер бар тәжірибе негізінде осы 
түйсіктерді талдау жолымен анықталады және де балмен 
өрнектеледі. Осы көрсеткіштердің дәлдігі және нақтылығы оларды 
анықтайтын тұлғалардың қабілетіне, біліктілігіне және дағдысына 
тәуелді, бірақ әдіс кейбір техникалық құралдарды пайдалану 
мүмкіндігін жоққа шығармайды. Органолептикалық әдістің 
көмегімен 
тамақ 
өнімдерінің 
сапаларының 
көрсеткіштері, 
эстетикалық көрсеткіштер, кейбір эргономикалық көрсеткіштер 
анықталады. 
Есептік әдіс
теориялық және эмпирикалық тәуелділіктерді 
пайдалануға негізделеді. Бұл әдісті ең бастысы өнімді жобалау 
кезінде, соңғысы әлі де тәжірибелік зерттеу объектісі бола алмаған 
жағдайда қолданады. Есептік әдіс өнімділік, кідірмеушілік, ұзақ 
мерзімділік, 
сақтау, 
бұйымның 
жөндеуге 
жарамдылығы 
көрсеткіштерін анықтау үшін қызмет етеді. 
Ақпараттардың 
көзіне 
тәуелді 
өнім 
сапасының 
көрсеткіштерінің мәнін анықтау әдістері дәстүрлі және әлеуметтік 
болып бөлінеді. Дәстүрлі әдіспен өнім сапасының көрсеткіштерінің 
мәнін анықтауды кәсіпорындардың, мекемелер немесе ұйымдардың 
мамандандырылған, эксперименттік және есептік бөлімшелерінің 
лауазымды тұлғалары жүзеге асырады. 


296 
Эксперименттік бөлімшелерге зертханалар, полигондар, 
сынақ станциялары, стендтер, ал есептікке – құрылымдық бөлімдер, 
есептегіш орталықтар, сенім қызметтері және т.б. жатады. Мысалы, 
зертханаларда металдардың механикалық беріктігі, күкірттің 
құрамы, тұтқырлығы, көмірдегі күл, заттектердің қышқылдығы 
және т.б. анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет