Тәжірибе бойынша есеп



бет3/9
Дата25.01.2022
өлшемі300,82 Kb.
#114670
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
есеп 2021 оқу тәжирбиесі

1 Негізгі бөлім


    1. «Машиналаржәне жабдықтар» кафедрасының даму тарихы

«Машиналар мен жабдықтар» кафедрасы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының «Құрылыс және мелиоративтік машиналар» аталуымен арнайы механикалық пәндердің барлығының жинақталуы негізінде 1969 жылы ұйымдастырылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі қызметін Перфильев Юрий Сергеевич атқарды.

1970 жылы «Мелиоративтік жұмыстарды механикаландыру» мамандығы бойынша алғашқы бітірушілер шығарылды. Мемлекеттік емтихан комиссиясы (МЕК) төрағалығына Мәскеу гидромелиоративтік институтының «Мелиоративтік машиналар» кафедрасының доценті, ірі тәлімгер, «Мелиоративтік машиналар» оқулығының авторы Мер Иосиф Ильич шақырылды. Институты бірінші бітірушілер (барлығы 38 адам) арасында бұрынғы «Мұнайгаз технологияларын және құрылысты механикаландыру» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Ә.Т.Райымбаев, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің бөлім меңгерушісі және деканы т.ғ.д., профессор Ж.Қ.Қасымбеков, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің редакциялық-баспа бөлімінің бастығы т.ғ.к., доцент М.М.Маханов, т.б. болды.

Олардың ұстаздары да талант жағынан кем болмады, мысалы: Б.Қ.Иманқұлов – ірі инженер ұйымдастырушы, әр білімгерді жақсы көретін, сонымен қатар қатал тәрбиеші – оны білімгерлер сыйлайтын және өз әкелерінен кем сүймейтін, оны сол кездегі оқу бітірушілердің кез келгені құптай алады; Ю.С.Перфильев – ірі әдіскер, Алтайда ұзақ мерзімде техникум директоры қызметін атқарып «әкеден» педагог механиктердің бірнеше буынын тәрбиелеуге үлкен күш жұмсаған адам; Б.М.Местер – тәжірибелі маман, өз қолымен Оңтүстік Қазақстанда көптеген гидротехникалық нысандарды салған, құрылыс және мелиоративтік машиналарды іс жүзінде өте жақсы білетін, факультеттегі ерекше бастамаларды ұйымдастырушы; Ә.Ә.Әлмуханов – т.ғ.к., соғыстан алған мүгедектігіне қарамастан ғалым болуға және техника жөніндегі білімін, ұлт мәдениетін өсіп келе жатқан буынға беруге үлкен күш жұмсаған жан.

1973 жылдан бастап факультетте қоғамдық конструкторлық «Алға» бюросы жұмыс орындай бастады, оның меңгерушісі Мәскеу гидромелиоративтік институтының түлегі, зертханалық база жасауда, факультет кафедраларын ұйымдастыруда қызмет атқарған М.Әбдіғалиев болды. Факультеттің көптеген оқытушылары В.П.Антимонов, С.И.Шотанов, С.Мырзашев, Ә.Т.Райымбаев, тағы басқалары сол бюроның мүшелері болды.

Кафедрада жетекші оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері бірнеше зертханалық қондырғыларды ғылыми эксперименттерге арнап әзірледі.

1970-2004 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болып Местер Г.М., Хе И.Н., Антимонов В.П., Козликин В.И., Шотанов С.И., Раимбаев А.Т. жұмыс істеді.

2004 жылы кафедраның аталуы «Машиналар мен жабдықтар» болып өзгертілді және осы жылдан 2007 жылға дейін кафедра меңгерушісі болып т.ғ.д., профессор Уркімбаев Марс Фазылович қызмет етті. 2007 - 2011, 2012-2014 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болып Ильясов Кенес Ильясович жұмыс істеді. 2011 жылдан 2012 жылдың ақпан айына дейін кафедра меңгерушісі қызметін т.ғ.к., доцент Шилібек Кенжеғали Қошқарбайұлы атқарды. 2014 жылдан 2017 жылдың қыркүйегіне дейін кафедраны т.ғ.к., доцент м.а. Жүсіп Талғат Сембекұлы басқарды.

2017 жылдың қырқүйек айынан бастап «Машиналар мен жабдықтар» кафедра меңгеруші қызметінің міндетін атқарушы болып т.ғ.к., доцент Ибылдаев Мұратбай Қыдырұлы жұмыс жасайды. Кафедра құрамында төмендегі оқытушылар мен қызметкерлер жұмыс істейді: кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент м.а. Жүсіп Т.С., т.ғ.д., профессор Мырзашев С., аға оқытушы Абдигалиев М.А., т.ғ.к., доцент Шотанов С.И., т.ғ.к., доцент Ильясов К.И., т.ғ.к., доцент Алиев С.А., т.ғ.к., доцент Бекмуратов М.М., т.ғ.к., доцент Шилібек К.Қ., магистр, аға оқытушы Бектлеуов А.Ш., магистр, аға оқытушы Тажен Қ.П., магистр, аға оқытушы Дуйсебаев Ж.А., магистр, оқытушы Сарсембаева А.Б., зертханалар меңгерушісі Макаров А.В., оқу шебері Айменова А.Д., лаборант Макарова М.А. және инженер Қали А.С.

“Машиналар және жабдықтар” кафедрасы үш бакалавриат және бір магистратура бағыттары бойынша келесі мамандықтарды дайындайды:



  • 5В072400 – Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша) ;

  • 5В080600 – Аграрлық техника және технология;

  • 5В070700 – Тау кен ісі;

  • 6М072400 – Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша) мамандықтарында бірнеше дайындау салалары бар:

- Мұнай – газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары;

- Табиғатты көркейту және қоршаған ортаны қорғау машиналары мен жабдықтары;

- Жеңіл өнеркәсібінің машиналары мен аппараттары;

- Тамақ өнеркәсібінің машиналары мен аппараттары.

5В080600 – Аграрлық техника және технология мамандығын 2 бағыт бойынша дайындайды:

- ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен қайта өндеуді механикаландыру;

-ауылшаруашылық және мелиоративтік жұмыстарды механикаландыру.

Кафедрада студенттердің терең білім алуына, осы заманның талабына сай материалдық базалармен жабдықталған. Зертханалық сабақтарды өткізу үшін – 9 зертхана бар, олар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Зертханалық жабдықтармен қатар кафедрада мынандай машиналар мен жабдықтар бар: тракторлар, жер қазғыш машиналар, әр-түрлі технологиялық машиналардың жұмыс құралдары, осылардың барлығы – 36 дана.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының тиімділігі «Топырақты кесу» арнайы ғылыми-әдістемелік зертхана арқасында қамтамасыз етіледі. Зертхана ғылыми жұмыстарды жүргізуге қажетті құралдармен жабдықталған. Осы зертханада кафедраның оқытушылары, магистранттары және студенттері ғылыми зерттеу жұмыстарын орындайды.

2003-2004 оқу жылынан бастап «6М072400-Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бойынша магистранттар дайындалуда. Содан бері 30 адам магистратура бітірді және т.ғ.д., профессор С.Мырзашев пен т.ғ.к., доцент К.Қ.Шилібек, т.ғ.к., доцент м.а. Т.С.Жүсіп және де т.ғ.к., доцент С.И.Шотановтың жетекшілігімен магистрлік диссертациялар қорғалды.

Кафедраның 4 оқытушы магистратура бітірді және өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыруда (аға оқытушы Ж.А.Дүйсебаев пен аға оқытушы А.Ш.Бектлеуов және де аға оқытушы Қ.П.Тәжен мен оқытушы А.Б.Сарсембаева).

Машиналар мен жабдықтар» кафедрасы ұжымы. 2016 жыл.
ПОҚ 2001 жылдан бастап казіргі табиғатты көркейту, қоршаған ортаны қорғау машиналарын және де тамақ өнеркәсіптерінің жабдықтарын жобалау мен жасау бойынша үлкен жұмыстар атқаруда. 2013-2014 оқу жылында кафедраның профессоры С.Мырзашев ғылыми-зертеу жұмысының нәтижесі бойынша дала жағдайында су көздерінен алыс орналасқан егін, тоғай және шабындық жерлерде судың көмегінсіз жергілікті

топырақты пайдаланып өрттерді сөндіруге арналған машинаның конструкциясын дайындап, іс жүзінде нәтижелі пайдаланып, сынақтан өткізді. Кафедрада жетекші оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері бірнеше зертханалық қондырғыларды ғылыми эксперименттерге арнап әзірледі.

Кафедра профессорлық-оқытушылық құрамы сегіз кандидаттық, бір докторлық – диссертация қорғады, 30-дан аса патент пен өнертабыс куәліктерін алды, үш қызметкерге «КСРО өнертапқышы» атағы берілді, 11 оқу құралы жарық көрді.

Кафедра профессоры 1993 – 2016 жылдар аралығында факультет деканы қызметін атқарған Мырзашев С.М. 2004 жылы Алматы қаласындағы М. Тынышбаев атындағы Қазақстанның көлік және коммуникация академиясында 05.05.04 - «Жол, құрылыс және тасымалдау машиналары» мамандығы бойынша докторлық диссертацияны сәтті қорғады. 2007 жылы 05.05.00 – «Көлік, тау-кен және құрылыс машиналарын жасау» мамандығы бойынша профессор ғылыми дәрежесін алды. «Қазақстан Республикасында білім берудегі құрметті қызметкер» төс белгісімен марапатталған. Қазақстан Республикасы ғылым және білім Министрлігінің «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының екі рет иеленушісі – 2007, 2012 ж болып табылады. «Қазақстан Республикасының құрметті машина жасаушысы» - 2013 ж.

2009 жылы т.ғ.д., профессор Бакиров Р.Б., ал 2012 жылы т.ғ.к., доцент Асқарова А.А., 2016 жылы Ибылдаев М.Х., 2017 жылы кафедра доценттері К.Шилібек және М.Бекмұратов ҚР БҒМ нің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері атанды.

2016 жылы М.Ибылдаев ҚР БҒМ нің ғылым қорының мемлекеттік ғылыми стипендиясын иеленді.

2017-18 оқу жылында кафедрада 17 оқытушы сабақ береді, олардың ішінде 1 - техника ғылымдарының докторы, профессор, 10 - техника ғылымдарының кандидаты, 5 - магистр бар.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет