Машина және жабдықтар кафедрасының зертханаларында орналасқан электр тоқты аппараттар
Электр тогы арқылы пісіру- металлды қыздырып, балқытуға арналған пісірудің бір түрі. Электр доғасының температурасы 6000-8000 С-қа дейін көтеріледі.
1882 жылы Н.Н.Бенардос электр тогы арқылы жұмыс жасайтын пісіру аппаратын көмір электродтарын қолдану арқылы құрастырды. 1888 жылы Н.Г.Славянов алғашқы рет тәжірибе жүзінде электр доғалы пісіруді көрсетті. Ол Мемлекеттік тексерушілер алдындар бу машинасының иінді білігін пісірді.
Электр тогы арқылы жұмыс жасайтын пісіру құрылғысының жұмыс реті:
Электродта және пісетін затта электр доғасы пайда болу үшін электр тогы қосылады. Пісіру электроды мен пісетін зат жанасқан кезде пісіру тогы пайда болады. Электр доғасынан бөлінген жылудың көмегімен металл балқиды, содан соң пісіру ваннасы пайда болдаы. Пісіру ваннасында металл электроды мен балқыған металл қосылып, щлак пайда болады, соның нәтижесінде металдар арасында байланыс пайда болдаы.
Электр арқылу пісіру кезінде екі түрлі ток қолданылады. Олар:тұрақты ток және айнымалы ток.
Электр доғалы пісірудің түрлері(механизация деңгейі бойынша):
- Қолды электр доғасы
- Механизацияланған электр доғасы
- Автоматтандырылған электр доғасы
Ток түріне байланысты:
- Тура полярлы элект доғасы
- Теріс полярлы электр доғасы
- Айнымалы токты электр доғасы
Доғаның түріне байланысты:
- Тәуелді доға
- Тәуелсіз доға
Пісіру электродының түріне байланысты:
- Балқитын электрод
- Балқымайтын электрод(граффит, көмір, вольфрам)
Электр доғасының жануын бақылау түрлеріне байласнысты:
- Ащық
- Жабық
- Жартылай ашық
Сурет-20 Электр тогы арқылы жұмыс істейтін пісіргішпен жұмыс жасау
Достарыңызбен бөлісу: |