Тәлімгерлерге психологиялық кеңес
бет 2/3 Дата 26.01.2022 өлшемі 42,11 Kb. #114966
Байланысты:
708 1473 29391 Тәлімгерлерге психологиялық кеңес.
Тәлімгер әр баланы тыңдай және түсіне білуді үйренуі керек.
Есіңізде болсын! Тәрбиеде ұсақ-түйек болмайды.
Жақсы орынды әзіл балалармен қарым-қатынасты жақсарта , жақындата түседі.
Бұйырмаңыз, өтініңіз, себебі балалар қысымшылықты ұнатпайды.
Есіңізде болсын! Қарсылық көрсету , күштілігіңіздің емес, әлсіздігіңіздің белгісі.
Балалардың жақсы жақтарын көре біліңіз және олар да Сіздің көзқарасыңызға лайық болуға тырысады.
Әр баланы назарда ұстап, қамқор болуға тырысыңыз. Оны балалар міндетті түрде бағалайды.
Балалар арасында болатын қақтығыс , кикілжіңдерді шешу барысында әділ болыңыз, себебі жалған шешімді балалар ұмытпайды.
Дөрекілікке дөрекі жауап беруден аулақ болыңыз , керісінше баланың осындай әрекетке бару себебін анықтаңыз.
Өзіңізді бақытты, қуанышты немесе бақытсыз, көңілсіз баланың орнына жай қойып көріңіз.
Балаларға нотация оқымаңыз , бәрібір балалар оны қабылдамайды, оның орнына мәселені тыныш талдап қорытынды жасаңыз.
Баланы қандай болса , солай қабылдаңыз.
Балалардан бөлінбей, олардың өмірімен бірге өмір сүріңіз.
Жиі өзіңіздің балалық шағыңызды еске түсіре отырып, үлкендердің дұрыс не бұрыс жасаған әрекеттерін салыстыра , қорытынды шығарыңыз.
Баланы Сіз сөзбен емес, ісіңізбен тәрбиелейтіндігіңізді ұмытпаңыз!
Баланы жақсы көріңіз , бірақ арақашықтықты сақтаңыз.
Әдептен озбаңыз, қандай жағдай болмасын шыдамдылық танытыңыз.
Ата-ана, әкімшілікпен қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетіңіз бен қолданбалы қабілетіңіздің қалыптасып келе жатқандыңызды көрсетіңіз.
Егер, бала Сізге ғашықтық сезіммен қарайтын болса, араңызда жас ерекшелігіне сай айырмашылық бар екендігін , сезімі, көзқарасына Рақметті екендігіңізді білдіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: