27. Гипертоникалық криз кезіндегі шұғыл көмек.
Мақсаты: қан қысымын төмендету.
Керек жабдықтар: тонометр,фонендоскоп,
Стерильді: Бір рет қолданылатын шприц, к/т дәрілерді енгізуге арналған система, мақта домалақтары, 70% этил спирті, жгут, перчатка, дезерітіндіге малынған пинцет, валик , лоток, дәрілік препараттар, нифедипин 10-20мг немесе каптоприл 12.5мг, 0.9% натрий хлорид ерітіндісі, клонидин 0.75-0.15мг, 4-6мл 1% фуросемид ертіндісі, 10-20мл25% магний сульфат ертіндісі, 2-6мл 0.5 % диазепам ертіндісі, валериан экстраты, корвалол. Іс- әрекет алгоритмі: Криздің нейровегативтік формасында 1. Физикалық және психикалық тыныштық ,басын көтеріп жатқызу; 2. Қан қысымын өлшеу; 3.Тіл астына нифедипин 10мг(1-2 таб) немесе каптоприл 12 ,5мг (1-2таб). 4.к/т 4-6мл 1%фуросемид; 5.Седативті препараттар беру,Валериан экстратын 2-3таб немесе карвалол 25-30 тамшы пероральды беру; 6.Нәтиже болмаса клонидин (клофелин) тіл астына 0.075-0.15мг .
Криздің ісікті формасында:
1.К/т 2-6мл 1% фуросемид ерітіндісі бір рет енгізу: 2.К/т 10-20мл 25% магний сульфат ерітіндісін баяу енгізу;
Криздің тырыспа түрінде : 1.2-6мл 0.5% диазепам к/т; 2. Гипотензивті препараттар және диуретиктер енгізу(артериялдық қан қысымын қадағалау);
Ескерту:
1. АҚ және пульсті әр 15 мин сайын бақылау.
2.Егер 20 -30 мин ішінде гипотензиялық нәтиже байқалмаса, стенокардия, жүрек астмасы және ми қан айналымының жедел бүзылыс белгілер пайда болса науқасты тез арада көппрофильді стационарға жеткізу.
28.Стенокардия ұстамасы кезіндегі шұғыл көмек.
Мақсаты: Ауырсыну синдромын басу, миокардтың оттегіге сұранысын тежеу. Керек жабдықтар: тонометр,фонендоскоп, дәрілік препараттар нитроглицерин,валидол,нифедипин 10мг ,аспирин 325 немесе 500мг ыстык су ,кыша қағазы.
Іс- әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа физиқалық және психиқалық тыныштық; 2.Науқасты жатқызу немесе отырғызу, таза ауамен қамтамасыз ету ;
3.Тіл астына нитроглицерин және валидол. Егер жүрек ауырсынуы қоймаса нитроглицеринді әр 5мин сайын (2-3рет) беру. 4. Нитроглицерин жоқ болса тіл астына нифедипин (10мг) беруге болады (АҚҚ бақылау); 5.Шайнап жұтқызуға аспирин (325мг,500мг); 6.Жүрек аймағына қыша қағазын немесе науқасқа аз жұтынумен ыстық су ішкізу;
7. Науқастың жағдайын үнемі бақылау, АҚҚ өлшеу, пульсін санау;
8. Ауырсыну синдромы байқалған кезде дер кезінде көмек көрсету туралы науқаспен әңгіме жүргізу;
Достарыңызбен бөлісу: |