Рецензия: Стандарттар жиынтығы «Емдеу ісі», «Медбике ісі» мамандықтары, «Емдеу ісі» мамандығы, біліктілігі «Акушер» бойынша «Ішкі аурулар пропедевтикасы» және «Ішкі аурулар» пәндерінен студенттердің білімдерін нығайтуға, тереңдетуге арналған.
Стандарттар ішкі аурулардың барлық бөлімдері бойынша құрастырылған: сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация, ЭКГ жүргізу техникасы және ішкі аурулардағы шұғыл жағдайларда алғашқы көмек.
Қазақстан медицина колледждері одағының тәжірибелік дағдыларының кәсіби стандарттары және білім алушылардың біліктіліктері негізге алынған.
Рецензенттер: С.М. Джансенгиров - медицина ғылымдарының кандидаты, колледж директоры.