Сабақтың тақырыбы: Ғажайып адам. Мақсаты



Дата29.11.2016
өлшемі47,31 Kb.
#2780
Сабақтың тақырыбы: Ғажайып адам.

Мақсаты: оқушыларға күш иесі Қажымұқан атамыз жайлы түсінік беріп, оның өмірі, спорттағы жетістіктері туралы ойларын дамытумен қатар оларды денсаулықтарын нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Спорт туралы білімдерін дамыту.

Әдісі: СТО-әдістері (“Топтастыру”, “Кластерлеу”, “Сұрақ-жауап”)

Күтілетін нәтиже:

- әңгімелеуге, мәтіндегі кейіпкердің қасиеттері мен ұлы істерін, жеңістерін үлгі етті;

- өз беттерімен өз ойларын жеткізе білу мүмкіндіктері дамиды;

- өз елінің мақтаныштарын құрметтейді.



Не арқылы бағаланады?

  1. Мәтіннің мазмұнын аша білуі арқылы;

  2. Оқушылар өз пікірлерін айта білуі арқылы.

Сабақтың барысы: I. Қызығушылығын ояту.

Психологиялық дайындық.

Оқушылардың сабаққа әзірлігін қадағалау

Үй тапсырмасын сұрау.



Білімді белсендіру.

-Балалар, сендер қазақ тарихында әр саладан шыққан қайраткерлердің есімдерін білесіңдер ме? Мысалы:

“Қазақта тұңғыш”


  1. Тұңғыш қазақ ғалым-саяхатшы Шоқан Уәлиханов (1835-1865)

  2. Ағартушы ұстаз, оқулық авторы: Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)

  3. Қазақ әліппесін жазған Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938)

  4. Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров

  5. Егеменді Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (1940 жылы туған)

  6. Тұңғыш дүниежүзі чемпионы атағын алған (1909) палуан Қажымұқан Мұнайтпасов (1871-1948)

  • Яғни, балалар Қажымұқан немен айналысқан?

  • Спортпен

  • Спорт туралы не білесіңдер? Спорт туралы өз ойларымызды ортаға салайық.

Топтастыру” стратегиясы

ұзақ өмір әртүрлі олимпиада




Спорт

пайдалы Қазақстан

денсаулық жаттықтырушы әлемге әйгілі

(Жеңіс Қанатұлы)

Ауылымыздың мақтанышы, бапкер, спорт жүлдегері, күрес үйірмесінің жаттықтырушысы Стамғазиев Жеңіс Қанатұлы туралы, оның жетістіктерін әңгімелеу.

Кластерлеу” әдісі

Спорт түрлері

Ат спорты жүзу баскетбол хоккей

“көкпар” жүгіру күрес волейбол қол күресі

Спорт туралы, денсаулық туралы мақал-мәтелдер, тыйым сөздер айту.



  1. Дені саудың – жаны сау.

  2. Денсаулық – зор байлық.

  3. Аш кісі ұрысқақ,

Ауру кісі тырысқақ.

  1. Саулық байлық – денсаулық.

Жойқын күш иесі Қажымұқан (оның салмағы 174кг. Бойы 185см, мойнының жуандығы 56см) туралы әңгімелейміз.

  • Қажымұқан Мұңайтпасов туралы не білесіңдер?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау. Әр оқушыға бір мәліметтен айтқызу.

II. Мағынаны тану.

Қажымұқан Мұңайтпасов қазақ халқының атақты палуаны. Ол 1871 Ақмола облысына қарасты Қараөткел ауданының Қоспа деген жерінде туған. Оның аталары шетінен батыр болған. Қажымұқанның әкесі Мұңайтпас күш иесі болса да, бар өмірін жалшылықта өткізген. Қажымұқан 8 жасында-ақ ауылдың 15-16 жасар жігіттерін жығып жүрген. Жастайынан байдың ауыр самаурынын көтеріп, қаппен тезек, астық, 60 шелектік бөшкемен су тасып, жалшылықта өсіп, күшін шыңдайды. Кейін жалшылықтан құтылып, палуандық жолға түседі. Омбы, Қазан, Петербор, Москва, Киев қалаларында орыс, украин, татар палуандарымен, Францияда, Германияда француз, ағылшын, неміс, Серия, Қытай палуандарымен белдесіп, атағы шығады. Дүниежүзінің 24 елін аралап, палуандарымен белдесіп, жеңістерге жеткен. Өзі күреске қатысқан жылдары ол 48 алтын, күміс, қола медалдарына ие болған. Қажымұқан деп аталу себебі, ол балуаннан асқан қасиеті үшін “қажы” есімі сыйға берілген. Содан бері Қажымұқан деп аталған. Балуанға арналған “Геркулес”, “Алып” журналдары шығарылды.

Оқулықпен жұмыс.


  1. Мәтінді “Ғажайып адам” оқып түсіндіру.

  2. Оқушылардың өздеріне оқыту.

  3. Сұрақтармен жұмыс.

  4. Дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті

Шынығу үшін шымыр боп,

Шынығамыз шаршамай.

Бұлшық еттер шымыр боп,

Аламыз сосын тыныс жай.

III. Толғаныс.

Сұрақ-жауап.



  • Әңгіменің аты қалай аталады?

  • Ғажайып адам.

  • Бұл мәтін кім туралы?

  • Қажымұқан Мұңайтпасұлы.

  • Қажымұқанның шын аты кім?

  • Мұханура

  • Неліктен “Қажымұқан” аталды?

  • Балуаннан асқан қасиеті үшін “қажы” есімі сыйға берілді.

  • Балуанға арналған қандай журнал шығарылды?

  • “Геркулес”, “Алып”.

  • Жақсы, балалар. Салауатты өмір салтының ұстанымдарын білеміз бе балалар, айтайық: жеке бас гигиенасы, күн тәртібін сақтау, жатып тынығу, таза ауада серуендеу, дұрыс тамақтану, жағымсыз әдеттерден аулақ болу, спортпен шуғылдану.

Үйге: Мәтінді түсіну. Қажымұқан туралы эссе.

Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларға баға қою.

Мадақтау.
Каталог: uploads -> doc -> 10c5
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
10c5 -> Бекітемін: Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Эренджинова Г. К. 2015 ж. Оқытушының күнтізбелік – тақырыптық жоспары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет