12.1. Стандарт «Жүректің салыстырмалы шекарасын анықтау». 1.Науқасты бел аймағына дейін шешінуін және ыңғайлы қалыпта тұруын сұраймыз (тұру, отыру, ауыр науқастарға жату).
2.Жүректің оң жақ салыстырмалы шекарасын анықтау :
А) ол үшін перуусиямен оң жақ өкпенің төменгі шекарасын бұғана орта сызы бойымен (бауырдың жоғарғы шегі) анықтаймыз, ол қалыпты жағдайда Y1 қабырғада орналасқан.
Б) плессиметр-саусақты бір қабырғаға жоғары жылжытып тігінен қою.
В) Плесиметр саусақты қабырғааралық бойымен перкуторлы дыбыс тұйықталғанға дейін жылжыту
Г)жүректің оң жақ салыстырмалы шекарасына саусақтың сыртқы шетімен анық дыбыс жаққа белгі қою.
Қалыпты жағдайда жүректің оң жақ шекарасы төстің оң жағынан 1 см сыртқа қарай IV қабырға аралықта орналасады. 3.Сол жақ салыстырмалы шекарасы:
А) жүрек ұшы түрткісі орналасқан қабырға аралығына плессиметр-саусақты қою. Жүрек ұшы түрткісі табылмаған жағдайда плессиметр-саусақты алдыңғы қолтық асты сызығы бойымен V қабырға аралығына қою.
Б)Перкуссияны қабырға аралықпен ішке қарай тұйық дыбыс пайда болғанға дейін жүргізу.
Қалыптыда жүректің сол жақ салыстырмалы шекарасы сол жақ ортаңғы бұғана сызығынан 1-2 см ішке қарай орналасып, жүрек ұшына сәйкес келеді. 4.Жоғарғы салыстырмалы шекарасы :
А) плессиметр – саусақты сол жақ төс маңы сызығынан 1 см сыртқа қарай I қабырға деңгейінде көлдеңнен қою.
Б) Тұйық дыбыс анықталғанға дейін төмен қарай перкуссиялау.
Қалыпты жағдайда жүректің салыстырмалы жоғары шекарасы 3-ші қабырға деңгейінде орналасқан.
12.1. Стандарт «Жүректің абсолютті шекарасын анықтау». 1.Жүректің оң жақ абсолютті шекарасын анықтау :
А) плессиметр-саусақты жүректің оң жақ салыстырмалы шекарасына қою.
Б) Плессиметр саусақты қабырға аралық бойымен ішке солға қарай тұйық дыбыс пайда болғанша тыныш перкуссия жасау.
В)жүректің оң жақ абсолютті шекарасына саусақтың сыртқы шетімен анық дыбыс жаққа белгі қою.