Тәжірибелік дағдылардың кәсіби стандарттары. Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет5/28
Дата13.11.2022
өлшемі95,23 Kb.
#157968
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Стандарттар ішкі аур. проп.-1

7.4. Стандарт «Дауыс дірілін анықтау»
- кеуде сарайының сыртына даустың өту күшін анықтау.
1. Науқасты беліне дейін шешуін сұрайды.
2. Кеуде сарайының симметриялық жеріне алақандарды қою:
Бұғана үсті аймағы, бұғана асты аймағы, кеуде сарайының оң жақ алдыңғы аймағы, кеуде сарайының бүйір аймақтары, жауырын үсті аймағы, жауырын аралық аймағы, жаурын асты аймағы.
3. Науқасты бірнеше рет «Р» әріпі бар сөздерді қатты айтуын сұрайды, мысалы (тридцать три).


8. Стандарт «Өкпенің салыстырмалы перкуссиясының техникасы»
Өкпенің салыстырмалы перкуссиясы өкпеде және плевральды қуыстарда патологиялық өзгерістерді және диагностика мақсатында бронхөкпелік синдромдарды анықтауға арналған.
Салыстырмалы перкуссиясы техникасын жүргізуде бірнеше ерекшеліктері бар:

  1. Өкпенің салыстырмалы перкуссиясы келесі ретпен жүргізіледі: алдынан, жанынан, артынан міндетті түрде кеуде сарайының симметриялы оң және сол жақтарында.

  2. Перкуссияны орташа немесе күшті соғумен жүргізеді.

  3. Перкуссияны қабырғааралықтармен жүргізеді.

  4. Кеуде сарайының симметриялы аймақтарының перкуссиялық дыбыстарына салыстыру жүргізеді.

І. Алдыңғы аймақ:
1. Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұрау
2. Плессиметр-саусақты кеуде сарайына өкпенің ұшына бұғанаға паралельді кезекпен қойып 2-3 бір келкі соққы жүргізіледі. Перкуссиялық дыбысты салыстыру.
3. Оң қолдын екінші саусағымен бұғана үстінен перкуссия жүргізу.
4. Плессиметр-cаусақты бұғана орта сызығымен бұғанаға паралельді қабырғааралықтармен қойып төменге қарай перкуссиялау. Сол жақта 4 қабырғаға дейін перкуссия жасау керек. Оң жақта тынық дауысты дыбыс пайда болғанша.
ІІ Бүйір аймағы:
1. Плессиметр саусағы қабырғаларға паралельді орналасады.
2. Науқастың қолы басына қарай көтерілген, шынтағы шетке қарай ашылған.
3. Салыстырмалы перкуссияны қолтық асты сызығымен жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет