1. Өзбекәлі Жәнібеков
Өзбекәлі Жәнібеков (28.8.1931, Түркістан облысы Отырар ауданы Сарықамыс ауылы — 22.2.1998, Алматы) — мемлекет қайраткері, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты.Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Алматы мемлекеттік университеті) бітірген (1952). Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысының Келес ауанында мектеп мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі , Келес ауданы комсомол комитетінің 1-хатшысы , Шымкент облысының комсомол комитетінің хатшысы , Қазақстан ЛКЖО ОК-нің 1-хатшысы, хатшысы, Қазақстан компартиясы Торғай облысы комитетінің хатшысы, Қазақстан компартиясы ОК-нің шет елдермен байланыс бөлімінің меңгерушісі , Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары ; мәдениет министрі , Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы қызметтерін атқарды.
Жәнібеков қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосты. 20 ғасырдың 70-жылдарының өзінде-ақ Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің қалпына келтірілуіне ұйытқы болды. Жәнібековтің бастамасымен Қазақстанның көптеген қалаларында этнографиялық мұражайлар ашылды, Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру мақсатын көздеген “Арқас” қоғамы құрылды. Жәнібеков “Шертер”, Адырна”, “Алтынай”, т.б. фольклорлық өнер ансамбльдерін ұйымдастырды. “Наурыз” мейрамының, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев есімдерінің халқына қайта оралуына белсене ат салысты. Ана тілін дамыту бағдарламасының мемлекеттік тұжырымдамасын жасауға қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |